тіл
Мереке • 05 Қыркүйек, 2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Бүгін елімізде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Бұл күн еліміздегі көпұлтты қоғамның бірлігін, тілдік әралуандылықты және мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайтын ерекше күн саналады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 04 Қыркүйек, 2025
Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды
Алматыда Қала күні мерекесі және Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде және бірқатар ақпараттық ресурстарда тараған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Қыркүйек, 2025
4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды
Қазақстанда 4-сыныптан бастап оқушыларға бірнеше шет тілін меңгеру мүмкіндігі беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
Ғылымда жануарлардың түрлі дыбыстарды қайталауға, белгілі бір әрекеттерді орындауға қабілетті екені әлдеқашан дәлелденген. Бірақ осы уақытқа дейін сұрақ қоя алу тек адамға ғана тән қабілет деп есептелген еді. Дегенмен бұл көзқарасты өзгерткен бір ерекше оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Тәжікстан Президенті Қазақстан СІМ басшысын қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан тарапының шақыруымен жұмыс сапарымен Душанбе қаласына барды. Сапар аясында ол Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның қабылдауында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 04 Тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін үйрететін тегін курс ашылады
Ересектерге қазақ тілін үйретуге арналған курсқа өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 23 Шілде, 2025
Қазақ тілінің мәртебесі талқыланды
Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Орал қаласында бірлескен отырыс өткізіп, ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Бекзат Қайрат атты азаматтың авторлығымен шыққан қазақ тілі оқулығын сынады,деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді
Бүгін елімізде магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу басталды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Биыл бұл сынаққа 51 мыңнан астам адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 21 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді
Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Шілде, 2025
Астанада ана тілін насихаттайтын фотоаймақтар ашылды
Елордада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар орнатылды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 02 Шілде, 2025
Педагогикалық курстар жазғы кезеңде жалғасады
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасып, шілде-тамыз айларында еліміз бойынша 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Маусым, 2025
Оксфорд университеті және қазақ тілі: Қазақ журналисті Oxford жобасында
Өткен жылдың басында Oxford Birsöz Initiative атты бастама қазақ тілін оқыту мен дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны іске қосты., деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарына кешенді талдау жүргізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Онда Президент қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің ерлігін ел есінде қалдыру үшін олардың есімін мекемелік наградалар мен құқық қорғау мекемелеріне, көше атауларына беру мәселесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдары өзгерістерге дайын болуға тиіс - Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйел әлемі • 21 Маусым, 2025
20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасы жақсарды
Сала министрлігінің мәліметінше ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Ирригация желілеріндегі су шығыны жылына 193 млн текше метрге дейін азайды. Жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары аумағындағы 11 нысанды қамтиды. Жобаның екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Маусым, 2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы ұлықталды
ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы, дирижер және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Ымдау тіліне арналған электронды сөздік әзірленді
Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігін әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Маусым, 2025
Шаруаларға 700 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 2025 жылы егіс және орақ жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Мамыр, 2025
Ғылым ордасы қызметкерлері шет тілдерін үйренеді
Ғылым ордасында түрік тілі курсын аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды. Аталған курс Ғылым ордасының бастамасымен және Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 29 Мамыр, 2025
Атақты италиялық жазушы Карло Коллодидің аңызға айналған «Пиноккио» ертегісі қазақ тіліне аударылады. Кішкентай оқырманға арналған классикалық шығарманы тәржімалауды Алматыдағы Италия мәдениет институты қолға алмақ, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Әр ұлттың жүрегінде жер, ел, тіл, тәуелсіздік деген сынды қасиетті ұғымдар бар. Ал сол тәуелсіздіктің тірегі, оны нақтылайтын және қорғайтын құндылық – Ата заң. Ол – мән-мағынаға толы, тарихи және саяси салмаққа ие ұғым.
Руханият • 25 Мамыр, 2025
Тілдік тұлға моделі: Ұлттық құндылықтар көрінісі
Қазіргі таңда қоғамның рухани дамуына, ұлттық болмысты сақтап қалуға, жастардың сана-сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы үдерісте тілдің, соның ішінде тілдік тұлғаның маңызы айрықша.
Білім • 22 Мамыр, 2025
«Ана тіліне» арналған алғашқы олимпиада
Елімізде «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өтті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жобаны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе жүзеге асырып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Жүрегі қазақ деп соққан – Альбина
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының топырағында білім мен тәрбиенің шамшырағына айналған білікті ұстаздар аз емес. Солардың бірі – Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Гадирова, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Оралда тіл оқыту орталығы ашылды
Орал қаласындағы «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.