жыл
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды
Рудныйда жерасты құбырының жарылу салдарынан бірнеше ғимарат жылусыз қалды. «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның мәліметі бойынша, Комсомол даңғылының бойындағы 13-шағын ауданға жылу тарататын құбырдан диаметрі 219 мм болатын жарық сызаты табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?
2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктері іске қосылмақ
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елімізде пилотсыз көлік жобаларының іске асырылу жоспары туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы зейнетақы және жалақы мөлшері өзгере ме?
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңге болып белгіленді. 2025 жылы 3 932 теңге болған. Осыған байланысты зейнетақы мөлшері де өзгереді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Желтоқсан, 2025
«Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешені жылына 27 000 тонна өнім алуды жоспарлап отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында ауыл шаруашылығын дамыту – ауылдардың, өңірлердің, тұтас елдің өркендеуінің негізі екенін атап өтті. Қазақстанның бұл салада бар әлеуетін толық іске асыру үшін барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Шымкентте оңтүстік аймақтағы ең ірі жылыжайдың құрылысы басталды
Жылыжай кешені Шымкенте салынады. Жоба аяқталған соң ол жерде жылына 36 мың тонна көкөніс өндіріледі. Одан бөлек мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы мектептерінде жаңа жылдық іс-шаралар өтпеуі мүмкін бе?
Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ деректерінің өсуіне байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Дегенмен, қалада толық тыйым салу әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асель Қалыкова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл қарсаңында ел тұрғындары не нәрсені көбірек іздеуге кірісті?
Жаңа жыл жақындаған сайын адамдар қарқынды түрде жақындарына сыйлық іздей бастайды. Әсіресе қараша айынан бастап қызығушылық өседі, ал мерекеге бір апта қалғанда ең жоғары деңгейге жетеді. Мәселен, адвент-күнтізбелер, әріптестерге сыйлықтар және сыйлық сертификаттары жиі ізделеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Ішкі істер министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде сағат 00:00-ден кейін жол жүру кезінде көлік жылдамдығын сағатына 66 км жылдамдыққа дейін арттыруға рұқсат етілді деген мазмұндағы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұндай мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады?
Астанада жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 365 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Сонымен қатар өткен жылғы безендіру заттарының бір бөлігі қайта қолданылады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қарыз алушының қаржылық жүктемесін есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі
Қазақстанда тұтынушылық қарыздардың шамадан тыс өсуі мен азаматтардың қайта-қайта мерзімін кешіктіру жағдайлары көбейгендіктен, қаржылық жүктемені есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл мемлекет кәсіпкерлерге қанша трлн теңге берді?
Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 1 трлн 739 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 9 мыңнан астам жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады
Оксфорд ағылшын тілінің сөздігі 2025 жылы ең жиі қолданылған сөз ретінде «рейджбейт» (rage bait – ызаны қоздыруға арналған) терминін таңдады. Соңғы 12 ай ішінде «рейджбейт» сөзінің қолданылу жиілігі үш есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Зейнетақы қоры соңғы 11 жылда 13 трлн теңге табыс тапты
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бергі жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
Аталған қаражатты көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ басым назардағы шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағыттау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
Нью-Йоркте жылдамдықты асырған жүргізушілердің көлігіне арнайы құрылғы орнатылады
Нью-Йорк билігі жылдамдық режимін сақтамайтын жүргізушілерге Stop Super Speeders Act деп аталатын заңнама дайындап жатыр. Құжатта көлікке GPS арқылы жолдағы рұқсат етілген жылдамдықты анықтайтын және оны бағдарлама көмегімен сағатына 5 мильден (8 км/сағ) асырмайтын арнайы құрылғы орнату туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
1998 жылы жер бетін аралауға аттанған жиһанкез үйіне оралуға жақын
Британдық бұрынғы десантшы Карл Бушби 27 жылға созылған сапарының соңғы кезеңіне жетті. Саяхатшының айтуынша, ол сапарға шыққан кезде әлеуметтік желі болмаған, енді ғаламтор кеңістігі дамып, түбегейлі өзгерген әлемге тап болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Қостанай облысына жылу желілерін жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 27 Қараша, 2025
Алматы халқы 2040 жылға таман 3,6 млн адамға жетеді
«АлматыБасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлағандай, жаңартылған есептеулерге сәйкес 2030 жылға қарай қала халқының саны 2 млн 750 мың адамға жетеді, ал 10 жылдан кейін 3,6 млн-ға дейін көбеймек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл туралы Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Ақтауды Жаңа жылға дайындық жұмыстары басталды. Қаланы мерекелік кейіпке келтіруге 80 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 19 Қараша, 2025
Биыл балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына – 130 жыл
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, фольклортанушы Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қаламгердің «Қазақ боз-балаларына» атты алғашқы өлеңі «Айқап» журналының 1914 жылғы санында жарық көргені қалың оқырманға аян.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жаппай өсу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірінде қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды
Өңірлік төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері кез келген шұғыл жағдайда жұмыс істеуге дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрылымдар өтімділігі жоғары 90 техникамен жарақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Форумда Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?
2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгия қарсы қандай құрамда ойнайды?
Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын 15 қарашада Бельгияға қарсы өткізеді.
Алматы • 12 Қараша, 2025
Алматыдағы Медеу ауданын жаңа жылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді
Қаланың Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Жылқы ұрлағандар Қарағандыда ұсталды
Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.