Мұнай
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Павлодарда мұнай өңдеу тарифі қымбаттайды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де биылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифі өзгереді. Жаңа тариф тоннасына 35 400 теңгені құрайды (ҚҚС-ты есептемегенде), деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы өндірілді
Ақтаудағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да (ҚазМұнайГаз ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңғырту жобасы аясында алғашқы маңызды нәтижеге қол жеткізілді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары шеңберінде 740 тонна жол битумының бірінші партиясы өндіріліп, сапа паспорты алынды. Бұл жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа толық дайындығын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2025
Экономикалық ахуал күрделене бастады
Трамптың тариф саясаты ешкімге оңайға соқпай тұр. Сауда соғысының салқынын бүкіл әлем сезіне бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Бектенов Chevron басшысымен мұнай саласының перспективаларын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 10 Сәуір, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа басшы тағайындалды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры қызметін Қуаныш Бишімов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Наурыз, 2025
Мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да полипропиленді фракция жанып, зауыт үстінде үлкен алау пайда болған. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Қар құрсауында қалған мұнайшылар құтқарылды
Оқиға – Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Мұнай-газ саласының әлеуеті артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Белгілі мұнайшы-геолог Олег Герштанский өмірден өтті
Мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Сергеевич Герштанский қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
«Қашаған» кен орнынан 115 млн тонна мұнай өндірілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай 115 млн тоннадан асты. Бұл – 2016 жылдан бері алынған өнім, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Ақпан, 2025
«ҚазМұнайГаз» компаниясына басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Шафкат Құдабаев тағайындалды. Бұл қызметте ол құқықтық мәселелерді қадағалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мұнай және газ кеңесінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2025
Жезқазғанда мұнай базасындағы өрттен 4 адам зардап шекті
Жезқазған қаласындағы мұнай базасында өрт шығып, арнайы мақсаттағы үш автокөлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 13 Қаңтар, 2025
«Маңғыстаумұнайгазға» 32 миллиард теңге айыппұл салынды
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жұмыс барысын тексеру барысында экологиялық талаптарды бұзудың бірнеше фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Қаңтар, 2025
Мұнай өнімдерін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Қызылорда облысында мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2025
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2024
Мұнай саласы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылды
Бүгін Астанадағы KAZENERGY қауымдастығы алаңында 2 маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті - министр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанның 2024 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қорытындылары туралы баяндады. Мәселен, биылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2024
«Өзенмұнайгаз» басқармасының жұмысшылары толық жұмысқа шықты - ҚазМұнайГаз
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрғылау басқармасы жұмысшыларының кәсіподақ ұйымымен кезекті келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 04 Желтоқсан, 2024
2030 жылға қарай өндіріс көлемі екі есеге артады - Жандос Нұрмағанбетов
Бүгін Астанада KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің басшылығымен Қауымдастық Кеңесінің 41-ші отырысы өтті. Кеңес мүшелері 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, негізгі жетістіктерді, құрылымдық өзгерістерді және алдағы жылға арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 04 Желтоқсан, 2024
«ҚазМұнайГаз» басшылығы жұмысшыларды келіссөз жүргізуге шақырды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 03 Желтоқсан, 2024
«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа басшы келді
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып қытайлық Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2024
«Маңғыстаумұнайгаз» басшысы қызметінен кетті
«Маңғыстаумұнайгаздың» бас директоры Мұрат Мұстафаев қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан Мұнай және газ кеңесі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Қараша, 2024
«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының талаптарына қатысты мәлімдеме жасады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2024
Түркияның ең ірі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Измитте орналасқан Түркияның ең ірі мұнай өңдеу зауыты TÜPRAŞ-да жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2024
Мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 04 Қазан, 2024
Нарықта мұнай бағасы шарықтады
ICE биржасында желтоқсандағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 5,06 пайызға өсіп, барреліне 77,64 долларға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
Елімізде мұнай және табиғи газдың орасан үлкен кен орындары ашылатындығы күмәнсіз - ардагер мұнайшы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне - 125 жыл. Жуырда Премьер-Министр Олжас Бектенов мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті. Солардың қатарында IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған ардагер мұнайшы Келтір Шаненов те бар. Қазақ мұнайының 125 жылдығы аясында Келтір ағамызды әңгімеге тартқан едік.
Тағайындау • 10 Қыркүйек, 2024
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС ұжымына жаңа бас директор тағайындалды
Бүгін Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) ұжымына жаңа бас директор Дамир Әшімовті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2024
Экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімі жаңартылады
2024 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2024
Елімізде жаңа мемлекеттік компания құрылды
Қазақстанда «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы құрылды. Үкімет тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.