Соңғы жаңалықтар
Сұхбат • 22 Қазан, 2025
Икрам АДЫРБЕКОВ: Декларация ел тағдырына деген жауапкершілікті арттырады
Биыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға 35 жыл толып отыр. Бұл құжат еліміздің ресми түрде дербес мемлекет болуына алғышарт болған алғашқы құқықтық іргетас саналды. Егемендік жариялаған сәттен бастап ел өз заңдарының үстемдігін бекітіп, сыртқы саясатты дербес жүргізу құқығына ие болды. Осы тарихи белестің мәні мен оның дипломатия құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі жөнінде мемлекет қайраткері, Төтенше және өкілетті елші Икрам Адырбековпен сұхбаттасқан едік.
Өндіріс • 22 Қазан, 2025
Локомотив құрастыру өндірісінің қарқыны жоғары
2009 жылы құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бүгінге дейін 675 локомотив құрастырыпты. Басты тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Сонымен қатар 42 локомотив Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Молдова, Украинаға экспортталған.
Шаруашылық • 22 Қазан, 2025
Жетісулық шаруалар тәтті түбірден басқа дақылдарға орақ салды. Биыл 130 мың тонна картоп жиналуға тиіс. Осы күнге дейін қамбаға 240,6 мың гектардан дәнді дақыл түскен. Оның ішінде бидай мен арпа толық аяқталды. Астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған.
Таным • 22 Қазан, 2025
Мұрагерліктің қандай міндеті бар?
Заңгер Алмаз ОТАРОВ жауабы: – Көп адам мұра туралы естісе, бірден пәтер, көлік, ақша деп ойлайды. Расында, мұра кей жағдайда материалдық тұрғыдан үлкен көмек болуы мүмкін. Бірақ менің тәжірибемде материалдық байлықтан бөлек мәселе өте көп. Себебі ол тек активтерден ғана емес, қарыздар мен міндеттемелерден де тұрады.
Тұлға • 22 Қазан, 2025
Өз дәуіріндегі әйгілі сыбызғышы, танымал күйшінің бірі – Сармалай. Оның азан шақырып қойған аты – Садық болса да, орыс байының шаруасына жегілгендіктен, жұрт оны Сармалай деп атап кетіпті.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
«Ібіліс биі»: үміт пен адам тағыры
Жақында ғана Нобель сыйлығын қанжығалаған мажарстандық жазушы Ласло Краснахоркайдың әлемге танымал романы «Ібіліс биі» – әдебиет пен философияның үйлесімінен туған ерекше туынды. Автор бұл шығармасында белгілі бір би ырғағын еске түсіреді. Осы бір тұйық әрі беймәлім құрылым романның ішкі әлемін, ондағы кейіпкерлер тағдырының мәнін айқындайды. Кейіпкерлер үміт қуған сайын күйзеліске көбірек түседі, қашқан сайын сол баяғы басталған жеріне қайта оралады. Қазақтың «дүние – дөңгелек» деген бір ауыз сөзінің қандай ғаламдық философияға айналғанын еске түсіріңіз.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
Қазақ туралы тәжік қаламгерлері не жазды?
Тәжікстанның әдебиеттану ғылымында Атахон Сайфуллаевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. 1933 жылы Худжанд өңірінде туып, 2017 жылы дүниеден озған қаламгер қазақ әдебиеті һәм жазушылары туралы бірнеше еңбек жазған. Сол еңбектерінің ішінде 1956 және 1963 жылдары жарық көрген екі мақаласы көзімізге оттай басылды.
«Таза Қазақстан» • 22 Қазан, 2025
Екібастұз қаласында ауқымды көгалдандыру акциясы өтті. Экологиялық іс-шараға билік өкілдері, қоғамдық, жастар ұйымдары өкілдері, депутаттар, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Әлем • 22 Қазан, 2025
«IQAir» швейцариялық компаниясы жыл сайын әлем елдерінің ауа сапасына зерттеу жасап, есебін жариялайды. 2024 жылдың есебіне сәйкес Финляндия – Еуроодақтағы ең таза ел. Оны әлемдік рейтингте тек Исландия ғана басып озды. Олардан бөлек, Эстония, Швеция, Аустралия үздік бестікке енді. Ал Қазақстанда ауа сапасы орташа деп бағаланып, еліміз бұл рейтингте 138 елдің ішінде 71-орында тұр.
Экология • 22 Қазан, 2025
Каспийдің экожүйесі алаңдатады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Каспий теңізінің тартылуы мәселесін ерекше атап өтті. Түйткілді шешу мақсатында Каспий маңы мемлекеттері арасында бірлескен бағдарлама жасаудың маңызына тоқталып, ғылыми-зерттеулерге басымдық беру керектігін айтты.
Руханият • 22 Қазан, 2025
Иә, жаны күміс, көңілі дәйім көктем шуағын төгіп, күлкісі күмістей сыңғырлауынан жазбай келе жатқан әріптес ардагер, қанаттас қаламгер досымыздың Күмісжан деген аты да затына сай. Бір байқағаным, басқа мамандықтарды қайдам, дәл осы біздің журналист қауымы арасындағы достық, бірлік, тілектестік пен ынтымақ берік болады, ұзағынан сүйіндіреді. Өзімнің де Мамадияр Жақып, Сауытбек Абдрахманов, Қайсар Әлім, Сүлеймен Мәмет, Тілеуқабыл Мыңжасар, т.б. журналистика саңлақтарымен достығымыз, тілектестігіміз көп жылдан бері көңіліме тоқ, жаныма жайлау. Міне, Күмісжан Байжан әпке досымыз да осы қатардан табылғалы қашан.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Таяуда Алматыда Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстанның дін ғұламасы, 20 жыл ел қазиятын басқарған тұлға, аудармашы, ақын, рухани сала тарихшысы Садуақас Ғылманидың (1890–1972) перзенті, кеңес заманының қиын жылдары әке мұрасын үзіліссіз насихаттаған Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызы (1923–2024) ұрпаққа аманат еткен «Өмірімнен ескерткіш» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Спорт • 22 Қазан, 2025
22-31 қазан аралығында Бахрейн астанасы Манамада ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алауы тұтанады. Жарысқа қатысушылар аралас жекпе-жек, ауыр атлетика, ат спорты, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, велоспорт, волейбол, гандбол, гольф, джиу-джитсу, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, кабадди, киберспорт, күрес түрлері, муайтай, таеквондо, текбол, триатлон, түйе жарысы, футзал, үстел теннисінен сайысқа түседі.
Ғалам ғажаптары • 22 Қазан, 2025
15–17 жас аралығындағы «Жас фотограф» аталымында италиялық Андрейа Доминици үздік деп танылды. Ол түсірген кадрда ұзынмүйіз қоңыз өз аумағына кірген бөгде нысанды сақтықпен бақылап тұр.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Олимпиада чемпиондарымен кездесті
Жетісу облысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт ардагерлері жастармен кездесті. Жылы шырайлы жүздесу «Бұқаралық спорт – болашақ жеңістердің бастауы» спорттық іс-шарасының аясында өткізілді.
Ғалам ғажаптары • 22 Қазан, 2025
«Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» сайысына қатысушылар саны осы жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Нақтырақ айтсақ, байқауға биыл 60 636 жұмыс келіп түскен.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Талдықорған қаласында өткен жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты.
Ғалам ғажаптары • 22 Қазан, 2025
Құрлық пен судағы ең үздік фотосуреттерді анықтайтын «Жылдың үздік тұмса табиғат фотосуретшісі» байқауының биылғы жеңімпаздары белгілі болды.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұлттық құндылықты ұлықтап, еңбек адамын дәріптеген «Ауылым – алтын бесігім» атты этнофестиваль өтті.
Ауыл • 22 Қазан, 2025
Қазақтың алтын тамыры, дәстүр мен құндылықтың қайнар көзі ауыл өмірінің шынайы болмысын көрсетіп, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттауды мақсат еткен Қазығұрт ауданы әкімдігі реалити-шоу сайысын өткізді.
Кәсіпкер • 22 Қазан, 2025
Қатпар-қатпар Қалба жоталарының бір қуысындағы алақандай Тоғанас ауылында өндірілетін өнім Алатаудың баурайына жөнелтіліп жатыр. Тіпті ауыл да емес. Қыстақ.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Жүз баланың 100 жылдыққа тартуы
Жыл сайын күзде аталып өтетін «Қала күні» мерекесіне биыл ерекше мән берілді. Орталық алаңмен қатар облыс орталығына қарасты ауылдарда да өтіп жатқан мерекелік шаралар Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына арналып отыр.
Пікір • 22 Қазан, 2025
Өңір дамуына серпін беретін жоба
«Кia Qazaqstan» зауытының іргетасы 2023 жылдың қараша айында қаланды. Қысқа мерзім ішінде мұндай ірі әрі заманауи зауытты салып шығу оңай болған жоқ. Осының бәрі екіжақты әріптестіктің, бірлік-ынтымақтың нәтижесі деп білемін.
Таным • 22 Қазан, 2025
Жүріс – адамның тірек-қимыл жүйесінің көрсеткіші, денсаулығының айнасы. Алайда біз күнделікті өмірде қалай қадам басып жүргенімізге мән бере бермейміз. Аяқ ауырып, бел шаншығанда ғана мәселені байқаймыз. Осындай проблеманың алдын алу үшін отандық мамандар ақылды ұлтарақ ойлап тапты.
Пікір • 22 Қазан, 2025
Автоөнеркәсіптің әлеуеті күшейеді
«Кia Qazaqstan» зауытының ресми түрде ашылған күні – біз үшін ұмытылмас күн, тарихи сәт десек болады.
Пікір • 22 Қазан, 2025
Мен Қостанай қаласында туып-өстім. Жоғары автомобиль көлігі колледжінде білім алып, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін тәмамдадым. Аталған білім ордасында магистратура бөлімінде оқып жүргенімде «Kia» зауытының құрылысы басталды. Сол кезден-ақ осындай заманауи, технологиялық зауытта жұмыс істеуді армандадым.
Пікір • 22 Қазан, 2025
Орталық Азиядағы әріптестік қадамымыз
Зауытта 1 500 адам жұмыс істемек. Жобаға шамамен 310 млн доллар инвестиция салдық. Жергілікті өнімнің үлесін арттырып, Қостанайдың төл өндірісін дамыту мақсатында Кореядан арнайы автокомпонент өндірушілерді алдырттық. Мұның сыртында, «Glovis» логистикалық компаниясын шақырдық. Аталған компания Қостанай облысы мен Қазақстанның экономикалық дамуына едәуір ықпал етеді.
Пікір • 22 Қазан, 2025
Машина жасау саласындағы тың өзгеріс
«Kia Qazaqstan» зауыты – еліміздегі ең заманауи өндіріс орындарының бірі. Мұнда автомобиль өндірудің барлық кезеңі халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Әсіресе бояу цехы ерекше технологиямен жабдықталған.
Заң • 21 Қазан, 2025
146 жұмысшының жалақысын алып берді
Байзақ ауданының прокурорлары «Байзақ су» мекемесіндегі еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде жұмысшылардың мүддесін қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Атырауда алғашқы неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылды
Атырау облыстық перинаталдық орталығында бірінші неонаталдық хирургия бөлімшесі жұмысын бастады. Бұл жобаны «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.