е
Университет • 02 Мамыр, 2025
Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды
2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға шетелде білім алуға қызығушылық білдірген жастар мен олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Мамыр, 2025
Ғылымға шет тілін шегелеудің қажеті бар ма
Бүгінде өз саласын жақсы білсе де, ағылшын тілінен ақсап магистратура мен доктарантураға түсе алмай жүрген азаматар көп. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәселе көтерді. Оның айтуынша, ғылым жолына түскендердің бәріне шет тілін міндеттеудің өзектілігі жойылды. Енді депутат оқуға қабылдаудың балама нұсқасын табу керектігін айтып отыр. Бұған қоғамның пікірі қандай, мамандар не дейді? Egemen.kz тілшісі зерделеп көрді.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлының батальонында болған майдангер
ІІ дүниежүзілік соғыстың белең алған сәтін халыққа жеткізіп, баяндап отыру қалам ұстаған қауым үшін оңай болған емес. Жеңіс туы желбірегенше амалсыз айтылды, ынтасыз жазылды. Жеңіс күні қантөгіс те, аты өшкір жағымсыз сөзді жазу да сап тиылды. Содан бері соғыс жайлы жылына бір Жеңіс күні ғана еске алатын болдық. Ал биыл дүниенің астан-кестенің шығарған оқиғаның аяқталғанына 80 жыл.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» ұйымының қыздары, әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, әскери кафедралар мен 100-ден астам жоғары сынып оқушылары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Грейг қызғалдағын жұлған шымкенттік әйелдің жазасы қандай болады?
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты заңсыз жұлу дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Лондон мен Ригада өтетін концерттеріне жалған билет сататын сайт пайда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді
7 мамыр күні Астанада екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді. Салтанатты шара елорданың басты алаңдарының бірі Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2025
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Елімізде әскери-көліктік авиациясын азаматтық және коммерциялық жүк тасымалында пайдалануға рұқсат беретін заң жобасы ұсынылды. Бұл құжатты ҚР Қорғаныс министрлігі әзірледі. Жоба аясында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Шиелідегі балабақшада бүлдіршінді 25 жерінен тістелеп тастаған
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жасар баланы қатарластары 25 рет тістелеп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Мамыр, 2025
Еліміздегі 475 кәсіпорын жекешендіріледі
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 02 Мамыр, 2025
Жемқорлық қай өңірде жиі тіркеледі
Антикор ведомствосының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1346 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелсе, оның 1015-і (яғни 75 пайызы) сыбайлас жемқорлыққа байланысты болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Ғани Бейсембаев оқушылардың шағымына жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы мектептерге қатысты тараған шағымдарға орай пікір білдірді. Шағымда оқушылар өз құқықтарының бұзылып жатқанын және мектеп асханаларында санитарлық талаптардың сақталмайтынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Арман Кенжеғалиев Яна Рудковскаяны неліктен өзі қарсы алды?
2025 жылдың сәуір айының соңында ресейлік продюсер Яна Рудковскаяның Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне баруы қоғамда үлкен дау тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Рудковскаяны басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің өзі қарсы алғанын атап өтті. Ресейлік продюссер пәтер сатып алу мақсатында мемлекеттік қызметке жүгінген, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астанада үлкен патриоттық акция өткізді. Мерейлі датаға орай 80 әскери қызметші ерекше қойылым ұйымдастырып, өнер мен әскери рәсімдерді біріктірді. Акцияның басты бөлігі ретінде Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері батырлық пен ерліктің символы - жұлдызды бейнелеп, оны «80» санымен алмастырып, әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Мамыр, 2025
Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
2022 жылдан бастап Қазақстанда ішкі туризмді қолдау және дамыту мақсатында балалар үшін жеңілдік енгізілген. Оған сәйкес, ел ішінде саяхаттайтын 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Осы қызметті қалай алуға болады? деген сауалға Egemen.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
Әлем • 02 Мамыр, 2025
АҚШ пен Украина бірлескен инвестициялық қор құрды
Бүгін АҚШ пен Украина арасында елдің табиғи ресурстарын бірлесіп игеру және соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында инвестициялық қор құру туралы маңызды келісім жасалды. АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко бұл келісімге ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды
2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ж.Р. Мурашимов және бірқатар лауазымды тұлғалар теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін беру схемасын ұйымдастырған. Бұл қызметтің «құны» 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2025
Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды
Ер адам екі жыл бойы қарызын төлемей қашып жүрген. Ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Жезкент – Абай облысы Бородулиха ауданындағы кенге бай кент. Жол түсіп Жезкентке де жеттік. Мұнда келудегі мақсатымыз – диаспоралар достығы мен өндірісте істейтін еңбек адамдарының тыныс тіршілігімен танысу еді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Павлодар облысында шенеуніктер жұмыс уақытында шетелге шыққан
Ертіс-Баян өңірінде бірқатар мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында шекара асып, Ресейге шығып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Мамыр, 2025
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды
Алматы облысында құтқарушылар көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен 2 баланы табуға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астанада субұрқақтар іске қосылды
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Қазақстанда 2,1 млн гектар аумаққа шегіртке тарауы мүмкін – АШМ
Қазақстанда шегірткелердің жаппай таралуы 2,1 миллион гектар жерді қамтуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Бірлік мерекесіне ондаған этнос өкілі қатысты
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған өңірдегі барлық этнос өкілдері бір кісідей қатысып, достық дастарханын жайып, ұлттық киімдер додасында бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 01 Мамыр, 2025
Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданынан ондаған өлі итбалық табылды, деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Қонаев қаласында бірлік күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Мамыр, 2025
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы отставкаға кетті
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Хан Док Су отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews-ке сілтеме жасап.
Экология • 01 Мамыр, 2025
Бірлік күніне орай «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық бастамасы аясында ауқымды «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астанада бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр
Астанадағы «Жастар» сарайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.