аз
Елорда • 08 Сәуір, 2021
Санитарлық дәрігер Рамазан айына қатысты үндеу жасады
Елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 08 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі
Елордада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 07 Сәуір, 2021
Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық артатын болады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 61 көлік отқа оранған
Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 61 көлік отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 07 Сәуір, 2021
Елімізде қанша жер алқабы шетелдіктерге жалға берілген?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер қатынастары мәселелері туралы заң жобасын талқылау кезінде елімізде қанша жер алқабы шетелдіктерге жалға берілгенін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 07 Сәуір, 2021
Алла қаласа, енді аз күннен кейін мұсылмандар үшін қасиетті саналған Рамазан айының 30 күн оразасы басталады. Бұл уақыт – таңнан қара кешке дейін нәр татпай, жамандықтан бойыңды аулақ ұстап, жанның да, тәннің де рухани тазаратын кезі.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысының тұрғыны газдан уланып қалды
Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының егде тартқан тұрғыны газдан уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ираннан Қазақстанға жаңа рейс іске қосылды
Ирандық Kish Air әуекомпаниясы Горган мен Ақтау арасында алғашқы рейс орындады, деп хабарлайды Egemen.kz RNA басылымына сілтеме жасап.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Сенатта Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон ынтымақтастығы талқыланды
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Осы келісім аясында тараптар көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Қазақстандықтардың қандай газет-журналды көбірек оқитыны белгілі болды
2021 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ арқылы Қазақстанда газеттер мен журналдарға жазылудың жалпы көлемі 55,6 млн дананы құрады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазпоштаның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Бразилия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов Бразилия президенті Жаир Болсонаруға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
ҚазҰУ ғалымдары антивирустық табиғи қоспа ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жанар Жеңіс жетекшілік ететін ғалымдар тобы адам бойында асқынған респираторлық-вирустық инфекциялардың таралуына қарсы антивирустық мульти-табиғи қоспа әзірлеп шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ол кім дейсіз бе? Ол – қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған санаулы қаламгердің қатарындағы Рамазан Тоқтаров. Оның іздеушісі көп. Іздеушісі – оқырманы, әлбетте. Ал жоқтаушысы өз жұрты ғой. Әзірше олар бұл жағынан ұятты болып тұр.
Әлем • 05 Сәуір, 2021
ЕДБ ЕАЭО мемлекетаралық жобаларын қаржыландыруға дайын
Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Николай Подгузов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz банктің баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап. Еуразиялық Даму Банкінің (ЕДБ) Басқарма Төрағасы Николай Подгузов бүгін Ташкентте өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Өнеркәсіптік саясат кеңесінде сөз сөйлеп, банктің Одақ елдерінің, капиталдың мемлекетаралық бағдарламаларын қаржыландыруға дайын екендігін мәлімдеді.
Экология • 05 Сәуір, 2021
Қазақстанның Қызыл кітабы үш жануармен толықты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгіннен бастап Қазақстанның Қызыл кітабына жолбарыс Оңтүстік - Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кіргенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
Ауа райы • 05 Сәуір, 2021
Қазақстанның кей өңірлерінде күн жылынады
«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығында еліміздің кей өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі тағайындалды
Ержан Қазыханов ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
«Қазақалтыннан» алтын ұрлаған күдіктілер анықталды
«Қазақалтынның» екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Қазақстанда шегіртке ошақтарын анықтау жұмыстары басталды
Бүгінде республиканың оңтүстік өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестерді анықтау мақсатында тексеру басталды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында жер үйде газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Еліміздегі қай өңірлер «қызыл» аймақта тұр?
Елімізде індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 04 Сәуір, 2021
Оруэллдық образдар немесе арғымақтардың ақыры
Қай дәуір болмасын тоталитарлық жүйесіз, оның темірдей қатты тырнақшаның ішіндегі «тәртібінсіз», теперішінсіз өтпепті. Мұны тіпті адамзат жаралғалы бергі тарихтан тамыр тарта отырып тарқата айтуға болады. Қоғамның барлық саласы биліктің бақылауына өтіп, адам бостандығы мен конституциялық құқықтар аяққа тапталған жерден бастап тоталитарлық жүйенің тар қамыты момын халықтың мойынына кигізіледі. Еркін идеялар мен оппозициялық озат ойлар саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастайды.
Спорт • 04 Сәуір, 2021
Спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі өтпейтін болды
Спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты коронавирус инфекциясына байланысты өткізілмейді. Бұл туралы Egemen.kz Азия гимнастика одағына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 04 Сәуір, 2021
12-16 сәуір аралыңында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетіні белгілі.
Кино • 04 Сәуір, 2021
Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи телехикая түсіреді
Қазақстан мен Түркия ортақ телехикая мен фильм түсіруге ниетті. Қос тарап оған қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияның мемлекеттік TRT телерадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Сәуір, 2021
Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Алматыда кездесті
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы келісілім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Қызылорда қаласының бұрынғы әкімі құрметті азамат атанды
Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Активте 8 жылдан астам уақыт Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып, 1 сәуірден бастап Премьер-Министрдің өкімімен жаңа лауазымға тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевқа құрмет көрсетіліп, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Қырағы полицейлер газ балонының жарылуына жол бермеді
СҚО Қызылжар ауданы Соколовка ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінде кешкі мезгілде өз жұмыстарымен отырған полицейлер көрші үйлердің бірінің шатырынан лаулаған жалынды көріп қалады. Дереу өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалумен қатар оқиға орнына үш офицер жүгіріп жетеді. ППБ бастығы, полиция майоры Эльдар Аллахверанов үйдің терезесін тарсылдатқан. Алайда үйдің жанып жатқанын телефонмен қызу сөйлесіп жатқан екі кемпір сезбеген. Олар тіпті терезенің тарсылына да мән бермеген.
Экология • 02 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда тасқынның алдын алу үшін тікұшақпен мониторинг жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысында мамандар тікұшақпен су тасқыны жағдайына байланысты мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz