із
Қазақстан • 06 Шілде, 2022
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Шілде, 2022
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметтерін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Шілде, 2022
Қазақстан Түркі мемлекеттері Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кездесуіне қатысты
Анкарада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңес хатшыларының бірінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 30 Маусым, 2022
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2022
Оралда 4 жасар бала терезеден құлап кетті
Орал қаласындағы пәтердің үшінші қабатынан құлап кеткен 4 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2022
Жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің жалақысы өседі
1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2022
Қ.Тоқаев: Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 23 Маусым, 2022
Сенаторларды Арал теңізіндегі жағдай алаңдатып отыр
Палата вице-спикері Асқар Шәкіров бастаған бір топ сенаторлар жолдаған депутаттық сауалда Арал өңірінің экологиялық мәселелері көтерілді. Пленарлық отырыс барысында орын алған сауал еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2022
Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Ақмола облысында үш бала суға батып кетті
Екі күннің ішінде Ақмола облысының су айдындарында үш бала суға батып кетті. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2022
Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының Ұлытау ауданында өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең сағат 15:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Маусым, 2022
Атырауда мас күйінде көлік жүргізген жігіт қамауға алынды
Атырауда мас күйінде көлік жүргізген жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Маусым, 2022
16 мың қой тиелген кеме Қызыл теңізге батып кетті
Суданнан Сауд Арабиясына мыңдаған қой апара жатқан кеме Қызыл теңіздегі Суакин портында суға батып кетті, деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2022
СҚО жолдарында жыл басынан 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды
СҚО жолдарында жыл басынан 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Маусым, 2022
Ақтауда теңіз жағалауындағы «Итбалық» нысаны жалбырап, қирай бастаған
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, нысанды ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша «Clover Media» ЖШС орнатқан. Мердігерге кемшіліктерді жою тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2022
Шекарашылар Каспий теңізіне батып бара жатқан ер адамды құтқарды
9 маусымда теңіз шекарашылары Кендірлі ауылы маңында жағалаудан шамамен 2 мың метр қашықтықта жауынгерлік қызметті атқарып жүріп, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada басылымына сілтеме жасап.
Елорда • 10 Маусым, 2022
Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болып жарақат алған полицейге орден табысталды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мас жүргізушіні тоқтатып, қаншама тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғап қалған Архат Ракишевке Президент Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Маусым, 2022
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды
Мерзімінен ерте туған шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Маусым, 2022
Қазақстан шекарасында қандай өткізу пункттері ашылады
Мемлекеттік шекара арқылы уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салынатын Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2022
Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті
Алматыда жолаушылар пойызы темір жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өткен ер адамды қағып кетті. Түрлі дене жарақаттарын алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2022
Каспий теңізіне батып кеткен студенттің денесі табылды
Сүңгуірлер жігіттің денесін 15-шағынаудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Маусым, 2022
Көлігіне жалған нөмір орнатқандар куәлігінен айырылуы мүмкін
Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кеткен
Маңғыстау облысында 18 жасар жас жігіт суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 07 Маусым, 2022
Елордада ХҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатып келген
Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Маусым, 2022
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған гала-концерт өтті
Елордада «Көк аспаным – көк туым» мерекелік гала-концерті болып өтті. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шараны «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 04 Маусым, 2022
Әнұранды орындауға арналған республикалық акция өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бірыңғай республикалық акция аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 150 қызметкері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, мерекелік көрсетілім ұйымдастырды деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Маусым, 2022
Қазалы ауданында рәміздер күніне арналған облыстық марафон ұйымдастырылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған жүзге жуық желаяқ Әйтеке би кентінің орталық көшелерімен көк туды желбіретіп, Ғани Мұратбаев ауылына дейін 11 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Экология • 04 Маусым, 2022
Каспийде итбалықтардың неден қырылғаны әлі белгісіз - министрлік
Жыл басынан бері Каспий теңізінің жағалауынан 219 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.