П
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті
Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Заң • 18 Желтоқсан, 2025
Полиция Мемлекеттік ту мен жол тәртібі мәселесін түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Мемлекеттік туды көліктерге ілу мәселесіне қатысты тақырып кеңінен талқылануда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады
Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2025
Биыл ел спортында қандай тарихи жеңістер тіркелді?
2025 жыл Қазақстан спортының қоржыны бірнеше тарихи, толайым жүлделермен толықты. Саладағы жетістіктерді нықтап, спорттағы саясатты реттеу мақсатында осы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған құнды құжат негізінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріліп отыр. Таңдаулылар тізімінен ұлттық спорт түрлері де тыс қалмады. Заңдағы легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру тетігіне салынған тыйым да көптің көкейіндегісін дөп басты. Сондай-ақ спорт федерацияларының мәртебесі айқындалып, саладағы анти-экстремизм мен қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Еліміздің спорттық жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мен ел намысын дүбірлі додаларда қорғайтын азаматтарды қолдауға бағытталған заң жаһан жүзінде көк туымыздың жиі желбіреуіне септеспек, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бірлескен мәлімдеме қабылдады
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған
Қазақстанда биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Жапония Премьер-министрінің офисінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған.
Мәдениет • 18 Желтоқсан, 2025
«Отанды сүю – жүректен» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында 15 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» камералық залында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
Қосшыда мектеп маңында жолаушылар автобусы өртенді
Бүгін таңертең Косшы қаласындағы мектептердің бірінің маңында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Желтоқсан, 2025
ҚазҰУ мен СБПУ бірлескен наноспутнигін орбитаға ұшырды
13 желтоқсанда Бейжің уақыты бойынша сағат 09:08-де «Қытай – Қазақстан» наноспутнигі 530 км биіктікте орбитаға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Желтоқсан, 2025
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды
FIFA 2026 жылы өтетін додада бақ сынайтын құрамаларға берілетін ресми сыйақы мөлшерін бекітті. Келер жылы алғаш рет 48 команда қатысатын турнирдің қаржылық қоры бұрынғыдан да қомақты болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды
Елімізде жаңа буын бағдарламалау мектебі ашылды. Бұл мектеп дәстүрлі оқытушысыз, студенттердің өзара бірін-бірі оқытуына (peer-to-peer learning) негізделген инновациялық педагогикалық тәсілмен жұмыс істейді. Екі жылға арналған қарқынды оқу бағдарламасы аясында студенттер 17 бағдарламалау тілін меңгеріп, 800-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады және жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, блокчейн, ойын жасау секілді алты негізгі бағыттың бірінде терең маманданады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін жәрдемақылармен орта есеппен 847,9 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 555,8 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында көпір опырылып қалды
Түркістан облысы Қошқарата ауылындағы Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады. Жергілікті әкімдік көпірде қауіптің алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ көлік қозғалысына тыйым салынғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Императорының сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Желтоқсан, 2025
Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Құлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Бас прокуратура азаптау туралы жалған ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жекелеген тұлғалар тарапынан Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тергеу органдары азаптау қолданды деген мазмұндағы жалған ақпараттар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2025
2028 жылғы Олимпиада ойындары: қандай спорт түрлері болады?
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алғашқы іріктеу жүйелерін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қазбек Арантаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.