КТ
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммедтің батылдығы кейінгі жастарға үлгі - Нұрлыбек Нәлібаев
Оныншы қаңтар күні «Қызылорда-Астана» бағытындағы ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалған Астана медицина университетінің 7- курс студенті, қызылордалық Дінмұхаммед Бектұрғанды осы оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттаған болатын. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Қызылорда қаласында 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған білім ошағының ашылуында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2025
Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Ақмола облысында тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды
Таяуда облыс орталығының Сарыарқа шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған, 1500 оқушыға арналған заманауи білім ордасы пайдалануға берілді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Үкіметте қолжетімді баспана мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қаңтар, 2025
Алматыда Абай философиясы негізінде білім беретін мектеп ашылады
Президент тапсырмасы аясында Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 15 Қаңтар, 2025
Жасанды интеллекттің әсерінен адамдардың миы 20-30%-ға баяу ойланады
Жасанды интеллект миымыздың жұмысын әлсіретіп жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Әлем • 15 Қаңтар, 2025
Өзбекстанның алты азаматы Түркияда ішімдік ішіп, көз жұмған
Өзбекстанның алты азаматы Ыстанбұлда сапасыз ішімдік ішіп, уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 14 Қаңтар, 2025
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Жиынға орнықты дамудың жаһандық сын-қатерлерін талқылау үшін әлем көшбасшылары мен сарапшылар келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2025
Бектенов қазақ спортына қатысты маңызды тапсырмалар берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында олимпиадалық стандарттарға бағдарланған тиімді дайындық бағдарламаларын құру бойынша қарқынды жұмыс қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 13 Қаңтар, 2025
Астанада Абайдың 180 жылдығын мерекелеу басталды
Астанадағы №87 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2025
Өткен жылы 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Заңсыз шетел асқан ақшаға жаңа спорт кешені салынады
Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында шетелге заңсыз асқан ақша есебінен спорт кешені салынады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Қаңтар, 2025
Әлеуметтік жобалардың орындалу барысы депутаттар назарында
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Айгүл Құспан, Айдос Сарым, Сергей Пономарев және Ринат Зайытов Алматы қаласына сапары аясында Алатау ауданындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2025
Президент белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 10 Қаңтар, 2025
Мектеп асханасы мәзірінде қант пен тұз азайтылады
Мәзірде ДДҰ-ның қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Мәжілісмен БҚО-дағы алғашқы жайлы мектептің жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Ол Орал қаласындағы Дерқұл ауылындағы «Жайлы мектеп» республикалық жобасы аясында салынған №51 жалпы білім беретін мектептің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 09 Қаңтар, 2025
Алматыда қар ерітетін алғашқы пункт ашылды
Пункт – «Алматы Тазалық» МКК-ның бұрын көктайғаққа қарсы реагенттер сақталған базасында салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Екі облыстағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты екі облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған
«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Қаңтар, 2025
Бюджет-салық және тариф саясаты: Үкімет жаңа тәсілдер әзірлейді
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 08 Қаңтар, 2025
Қазақстан теннисшілері беделді турнирдің іріктеуінен өте алмады
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Australian Open-2025 іріктеу кезеңінде сүрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Осыған орай барлық өңірде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Қаңтар, 2025
Анаркөлге 15 су өткізу құрылғысы орнатылады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Наталья Дементьева Аршалы ауданы Анар ауылында Анаркөл көлінің бөгетін қайта жаңғырту жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Қаңтар, 2025
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Түркістан облысының жаңа әкімін таныстырды
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 06 Қаңтар, 2025
Келесі жылға арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті
Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2025-2026 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 06 Қаңтар, 2025
Елімізде 260 мемлекеттік балабақша қайта жөнделеді
Үкімет осы жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.