Соңғы жаңалықтар
Тұлға • 29 Қазан, 2025
Ұлттық құндылықтар – ұлы қазына
Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы жазып кеткендей: «...Жалпақ әлемге қысылмай-қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек». Сондықтан жеті ықылымнан жеткен салқар салт-дәстүріміз, ғасырлар ғақлиясындай ғажайып ауыз әдебиетіміз, милләттің мәңгілік мақтанышындай мәдени мұраларымыз, ұзын сөздің қысқасы, ұшан-теңіз ұлағатқа толы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау елдіктің ерен белгісі екені талас тудырмайды. Өйткені өз халқының өнегелі өткенін білмей өскендерде өршіл рух болмайды. Ендеше, Отаны үшін отқа түсуге даяр ұл-қыз тәрбиелегіміз келсе, бабадан мирас бар қазынамыздың қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.
Инфрақұрылым • 29 Қазан, 2025
Инфрақұрылымды жаңғырту – басты назарда
Ұлытау облысында жол мәселесінің күрделі екендігі арагідік айтылып қалады. Жергілікті халық облыста жол жөндеу, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды бүге-шігесіне дейін біле бермейді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбыры іске қосылды
Жетісу халқы көптен күткен Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте аяқталды. Үшарал автоматты газ тарату стансасында өңірдегі алты бірдей жаңа газ бекетінің алауы тұтанды. Осылайша, бір мезетте алыстағы елді мекендерге көгілдір отынның алғашқы легі келіп жетті. Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жүзеге асырды.
Футбол • 29 Қазан, 2025
Еліміздің Премьер-лигасы мәреге жетті. Ерте көктемде басталып, қоңыр күзге дейін жалғасқан жарыста Алматының «Қайраты» алдына жан салмады.
Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025
«Аmazon» компаниясы 600 000-ға жуық жұмыс орнын роботтармен толтыруды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауында жаңа «Aqqu Resort & Camp» демалыс және қонақүй кешені ашылды.
Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025
Жұмыр жер бетінде небір қызық есімдер кездеседі. Канададағы Apple Store дүкенінде жұмыс істеген Сэм Сунг есімді азаматтың визиткасында «Sam Sung – Apple» деген жазу тұрған. Бұл сәйкестік желіде тез таралып, жұрт оны «Эплдің Самсунгі» деп атап кеткен.
Шаруашылық • 29 Қазан, 2025
Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтап, 7,6 миллион тонна астық жинады. Бұл өңір тарихында тұңғыш рет қол жеткізілген толағай табыс.
Ғалам ғажаптары • 29 Қазан, 2025
Ғалымдар зағип жандардың көзіне имплант орнатып, олардың қайтадан оқи алуына мүмкіндік берді. Лондондағы Мурфилдс ауруханасының хирургі бұл операцияны бес адамға жасап, медицина әлемін дүр сілкіндірді.
Мирас • 29 Қазан, 2025
Тазы ұстау – аңшылықтың ғана емес, дәстүрлі өмір салтының ажырамас бір бөлігі. Қазақтың өмір салтына тән осы дәстүрді жандандыра отырып, елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі кейінгі жылдары Президент тапсырмасымен қолға алынды. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді. Тазы стандарты бекітіліп, қазіргі кезде ғылыми зерттеу іске аса бастады. Осы мақсатта асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелері тұрақты өтіп келеді.
Театр • 29 Қазан, 2025
Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы 41-маусымын Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» спектаклінің премьерасымен ашты.
Тағзым • 29 Қазан, 2025
Абай университетінде Алаш арысы, тұңғыш математика оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қазанның қара дауылы әдеттегідей ұшы-қиыры шексіз де шетсіз орманды шайқап өтіп, қызылды-сары жапырақтарды сау еткізген. Мәңгі жасыл шыршаның піскен бүршіктері де сатырлап жерге түскен. Шашылған бүршік ертең-ақ жайқалған орманға айналады. Ол үшін орманшылар бүршіктерді бүгін жинап, арнайы тұқым бақтарға егеді.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы туралы жылы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Қазан, 2025
Бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды
25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Наградаларды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 28 Қазан, 2025
Биыл «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейтін тау-кен шебері Айбар Айдарұлы болатын.
Сұхбат • 28 Қазан, 2025
Сұлтан Раев: Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы тек елдің ішкі жетістігімен шектелмейді - ол бүкіл өңірдің, тіпті түркі әлемінің болашағына бағыт беретін маңызды факторға айналды. Геосаяси тұрғыдан да, мәдени және өркениеттік байланыстар тұрғысынан да Қазақстан бүгінде әлемдік диалогтың орталығына айналып отыр. Осы орайда Республика күні қарсаңында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, түркі мәдени кеңістігінің дамуына зор үлес қосып жүрген Сұлтан Раевпен әңгімелестік.
Президент • 28 Қазан, 2025
Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу аяқталды
2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Қазан, 2025
Келешек мектептері үшін кадрлар қалай дайындалуда?
«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Олар гимназия немесе лицей емес, өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектептер. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі.
Президент • 28 Қазан, 2025
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.
Оқиға • 28 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Самара — Шымкент бағытындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім әлі комада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 28 Қазан, 2025
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады
Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске қосты. Жоба Жамбыл облысының 35 жасқа дейінгі үй кезегінде тұрмаған барлық жас тұрғындарына арналған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббты қарсы алу зор мәртебе екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 28 Қазан, 2025
Киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойылды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханой қаласында өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2025
24KZ телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардың мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2025
Сенат Төрағасы құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында мемлекеттің құқықтық дамуының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2025
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Қытай киберқауіпсіздік туралы заңын жаңартты
Қытай Халық Республикасы киберқауіпсіздік туралы заңға түзетулер енгізіп, цифрлық саланы және жасанды интеллектіні (ЖИ) реттеудің құқықтық негізін күшейтті. Бұл шешім 18-ші Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.