он
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола жүлдемен қорытындылады
Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары мәресіне жетті. Балуандарымыз жаһан біріншілігінің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2025
Трамп TikTok желісінің бұғатталуын желтоқсанға шегерді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдың TikTok әлеуметтік желісін ел аумағында бұғаттауды кейінге шегеру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қосымшаны тоқтату шаралары мен айыппұл санкциялары 2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін қолданылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы елдегі экономикалық өзгерістер туралы айтты
Бүгін Астанада VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өтіп жатыр. Съезде Мемлекет басшысы инновацияны, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге тоқталып, ұлттық экономиканы жаппай цифрландыру идеясы биылғы Жолдауының арқауы болғанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 17 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионы Аида Әбікееваны қарағандылықтар қуанышпен қарсы алды
Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған жерлесіміз Аида Әбікеева туған жеріне оралды. Әлемдік аренада атой салған боксшымызды жанашырлары, жанкүйерлері Қарағандыдағы Сарыарқа әуежайынан күтіп алды. Чемпионға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Қыркүйек, 2025
Алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топ ұсталды
Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланғандарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Шымкентте әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді
Бүгін Шымкентте бокстан әлем чемпиондары құрметке бөленді. Ливерпульдегі жарыстан жеңіспен оралған спортшыларды әуежайда қала басшылығы мен жанкүйерлер қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 16 Қыркүйек, 2025
Мамонттың жілік сүйегі табылды
Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны Әсет Шайкин таңғы мезгілде балық аулауға бара жатып, жердің бетіне шығып қалған ұзындығы 1 метрлік аң сүйегін тапты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Халықаралық мамандар ядролық физиканың жетістіктерін талқылады
Алматыда археология мен ядролық технологияларға арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдану» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанға есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қыркүйек, 2025
Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды
Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Қызылордалық сот арқылы телефон шығынын өндіріп алды
Қызылорда қалалық сотына жүгіннен азамат былтыр қыркүйек айында облыс орталығындағы көшелер қиылысының біріндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көлік қаққанын, соның салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян келгенін көрсетіпті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Астанада 15 елдің конституциялық сот судьяларының қатысуымен халықаралық форум өтті
Елорда «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумы өтті. Оған Еуропаның, Азия мен Африканың 15 елінен келген конституциялық бақылау органдарының төрағалары мен судьялары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, жетекші заңгер-ғалымдар мен құқық қорғаушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының басшылары, адвокатура мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған форумға 150-ден астам қатысушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бүгін, 12 қыркүйек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2025
Neuralink ми имплантаттарын алғандар саны артып келеді
Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы әлем бойынша 12 адамға ми чиптері орнатылғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең бай адам анықталды
Oracle компаниясының негізін қалаушыларының бірі және басқарушысы Ларри Эллисон әлемдік миллиардерлердің Bloomberg Billionaires Index рейтингінде бірінші орынға шықты. Ол Tesla мен SpaceX басшысы Илон Маскты басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Жамбыл филармониясында – жаңа маусым
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармония солистерінің 90-шы мерейтойлық маусымы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның ЖІӨ сегіз айда 6,5%-ға өсті
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткішке сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы тұрақты өсім ықпал еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 10 Қыркүйек, 2025
Роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ
Елімізде жылан тәрізді роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы құрылыс саласында былық көп – депутат дабыл қақты
Мәжілісте Депутат Сергей Пономарев Алматыдағы құрылыс мәселелері бойынша ҚР Премьер-министрімен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Онда халық қалаулысы қаладағы архитектуралық тұтастықты сақтауға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі түрде орындалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс ең төменгі жалақыға қатысты конвенцияны ратификациялады
Мәжіліс ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдеріне қатысты №131 Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын бекітті. Бұл құжатта дамушы елдердің жағдайы ерекше ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Ақордада Конго Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.