Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында 7964 интернет-материал анықталған. Аталған материалдардың басым бөлігі интернет-алаяқтықпен және өзге де заңсыз мазмұнмен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Қараша, 2025
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 03 Қараша, 2025
360-тан аса жасөспірімге көмектескен бағдарламаның ерекшелігі қандай?
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған тәлімгерлік тақырыбындағы алғашқы республикалық форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
СҚО аумағындағы қорғаныс бөгетін нығайтуға қомақты қаржы бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президенттің су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Танымал журналист өмірден өтті
«Хабар» агенттігі бағдарламаларды дайындау бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған Азат Рыстанбек бақилық болды. Қайғылы хабар туралы басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 03 Қараша, 2025
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Ұлттық Банкі қазан айындағы валюта нарығының негізгі көрсеткіштерін жариялады. Ресми деректерге сәйкес, өткен айда теңге 3,5%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 529,96 теңгеге дейін төмендеді. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 248 млн АҚШ долларынан 271 млн долларға дейін өсті. Жалпы сауда көлемі 6 млрд долларды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 03 Қараша, 2025
Халықаралық тағылымдамаға құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі 2025 жылдың 19 қарашасына дейін ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 3 қарашада түнгі сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2025
АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандары берілмейтінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» қанатты зымырандарын Украинаға жөнелту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2025
Геосаясат әлем экономикасына қалай әсер етеді?
McKinsey Economic Conditions Outlook 2025 жылдың қыркүйегінде әлемнің ірі компаниялары басшыларының сауда саясатындағы кедергілерге қатысты пікірін топтастырды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қараша, 2025
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Аталған облыс әкімінің өкімімен 3 қарашадан бастап аталған лауазымды қызметке Қанат Болатұлы Есболатов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар жүргізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның ядролық қаруды сынақтан өткізу ниетін ресми түрде растады. Алайда ол нақты қандай сынақтар туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Қараша, 2025
Нашақор таксист: көлікте үш адам болған
Жүргізуші inDrive қызметі арқылы Астанадан Қостанайға шыққан. Алайда жолда полицейлер күдік аңғарып, көлікті тоқтатқан. Тексере келе жүргізушінің күмәнді күшейткіштер әсерінде болғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қараша, 2025
Алматының Бостандық ауданына әкім тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен аталған лауазымды қызметке Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Лизинг пен автонесиенің айырмашылығы қандай?
Мемлекет басшысы жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент пәрменінен кейін Үкімет бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын хабарлаған. Соның бірі – халықтың жаңа көлік тізгіндеуіне мүмкіндік беретін жеке азаматтарға лизингпен көлік рәсімдеу мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Қараша, 2025
Бүгінгі валюта бағамы: Астана, Алматы қалалары
Аталған екі қаладағы айырбастау пункттері доллар, еуро, рубль бойынша орташа сатып алу және сату бағамдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 03 Қараша, 2025
Таиландта өтетін Miss Universe-2025 байқауында Қазақстан намысын Дана Алмасова қорғайды
Биыл Таиландтың астанасы Бангкокта өтетін халықаралық “Miss Universe 2025” сұлулық байқауында Қазақстан атынан Қостанай қаласының тұрғыны Дана Алмасова қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қараша, 2025
Қазақстан оқушылары Панамада өткен робототехникадан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды
Қазақстанның ұлттық робототехника құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 дүниежүзілік олимпиадасында қатарынан төртінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауа райы • 02 Қараша, 2025
Ірі үш қаламызда алдағы күндері қандай ауа райы болады?
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге – 3, 4 және 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қараша, 2025
“Қайрат” бес футболшымен қоштасады
Маусым аяқталған соң алматылық «Қайрат» клубы тағы бір бразилиялық шабуылшысымен – Элдер Сантанамен қош айтысады. Бұл туралы клуб басшысы Қайрат Боранбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Қараша, 2025
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемнің үздік он елі қатарына кірді
Қазақстан игерілмеген алтын қоры көлемі бойынша әлемнің алғашқы он мемлекетінің қатарына енді. Ел 2300 тонна көрсеткішпен 10-орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2025
Астанада әлем дәрігерлері жүрек ауруларын емдеудің жаңа технологиясын таныстырды
Астана қаласында Орталық Азия Аритмологиялық саммиті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған өңірлік маңызды медициналық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Туризм • 02 Қараша, 2025
Баянауылда жеті ірі туристік жоба жүзеге асырылып жатыр
Олардың қатарында жағажайларды абаттандыру, бақылау алаңдарын салу, мәдени және экологиялық бағыттарды дамыту, сондай-ақ ішкі туризм инфрақұрылымын жетілдіру жобалары бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 02 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірінде инвестициялар көлемі 30,3 пайызға өскен
Болжамдарға сүйенсек, биылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасының барлық негізгі бағыттарында оң серпін сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Қараша, 2025
Швейцариялық инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығына 700 млн доллардан астам қаржы құяды
Швейцариялық Harvest Agro компаниясы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 700 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салмақ. Бұл туралы компанияның бас директоры Даулет Увашев KGIR-2025 форумы аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Білім • 02 Қараша, 2025
Абай облысында жаңа мектеп ашылды
Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2025
Алматыда шашыраңқы склерозға қарсы VII халықаралық түркі конгресі аяқталды
Кеше Алматыда үш күнге созылған VII Халықаралық шашыраңқы склероз жөніндегі түркі конгресі аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Қараша, 2025
Елена Рыбакина WTA Finals турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №6) WTA финалдық турниріндегі алғашқы ойынында америкалық Аманда Анисимованы (WTA №4) 57 минутта 6:3, 6:1 есебімен жеңді. деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 02 Қараша, 2025
Үйінде есірткі өсірген: Батыс Қазақстан облысында егде жастағы азамат ұсталды
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданының 59 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.