у
Парламент • 29 Тамыз, 2024
2022 жылы өткен референдум жаңа жетістіктерге жол ашты - Алишер Сатыбалдиев
2022 жылдың 5 маусымында елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Бұл күні Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстарға бастайтын шешім қабылдау ісіне өз ұстанымдарын білдірді. 2022 жылы референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құраса, 7 986 293 адам өз таңдауын жасады. Сол кезеңде қабылданған маңызды шешім бүгінде халқымыздың сан салада құқығының қорғалуына, еліміздің саяси дамуына ықпал етіп келеді. Республикалық референдум нәтижесінде қол жеткізген жаңа мүмкіндіктерді Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатыбалдиев тарқатып айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуметтік құндылығы туралы
Қазақстан Конституциясының маңызды артықшылықтарының бірі – оның жалпыға бірдей танылған демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаттарға бағытталғандығы. Еліміздің Негізгі Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген.
Оқиға • 29 Тамыз, 2024
Елордада халықтың ақшасын жымқырған жиһаз жасаушы сотталды
Астана тұрғыны өзін жиһаз жасаушы ретінде таныстырып, жиырма адамның 8,4 миллион теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық пен өркендеудің кепілі
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет дамуының құқықтық негізін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін іргелі құжат. Бұл құжат Қазақстанның құқықтық жүйесінің өзегі бола отырып, демократия, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік принциптерін қамтып, оны мемлекеттің табысты дамуының негізіне айналдырады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
Теміртауда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды
2023 жылғы 8 қазанда түнгі сағат 03:00 шамасында бір топ адам мас күйінде Теміртау қаласындағы «Меруерт» мейрамханасында тұрған қызметтік көлікте болған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
Ақтауда көпқабатты үйдің қасбеті жанып кеткен
29 тамыз таңғы сағат 06:02 шамасында Ақтаудағы «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенінің қасбетінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 29 Тамыз, 2024
Ямайкада 16 жастағы жасөспірім акуланың құрбаны болды
Ямайканың Фолмут қаласында 16 жастағы жасөспірім үлкен ақ акуланың құрбаны болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыш жігіттің басын тістеп алып, денесін қатты зақымдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Jamaica Observer сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Тамыз, 2024
Қарағанды тұрғыны қоныс аударуға берілген қаржыны мақсатсыз пайдаланған
Нұра ауданының прокуратурасы тексеру барысында ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының жұмсалуындағы заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2024
Судьяның кәсіби қызметін бағалау институтының даму тенденциялары
Тиімді сот жүйесі - құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтық қоғам дамуының алғышарты. Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарында тәуелсіз және әділ сот жүйесін одан әрі дамыту қажеттігі атап көрсетілген. Сот реформаларын табысты іске асырудың шешуші факторларының бірі – кәсіби сот корпусының болуы.
Оқиға • 29 Тамыз, 2024
Есірткі контрабандасын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2024
Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 29 Тамыз, 2024
Атырауда емхана директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі 231 миллион теңге жымқырған
Атырауда емхананың директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкерге де сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Тамыз, 2024
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бүгін еліміздің көптеген аймақтарында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік және батыс аймақтарда күн ашық, бірақ түнде суық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2024
Бүгін Париж Паралимпиадасының ашылу салтанаты өтеді
Париж Паралимпиадасының ашылу салтанаты бүгін Астана уақытымен 23:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2024
Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Королі Абдалла II ибн Әл-Хусейнге сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Тамыз, 2024
Абай облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Абай облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 28 Тамыз, 2024
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі
Бүгін Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Тамыз, 2024
Президент БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Изуми Накамицуды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Тамыз, 2024
Жаздың соңғы күндері жаңбыр жауып, күн суытады
«Қазгидромет» РМК 29 тамыз бен 31 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 28 Тамыз, 2024
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Соңғы жеті күнде қалада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір артқан. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Тамыз, 2024
Биыл шаруалар 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысының қант зауыттарының шикізатты қабылдауға және жаңа егінді өңдеуге дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 28 Тамыз, 2024
Қазақстанда мектептегі буллингке қарсы бағдарлама жалғасады
Оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жалғасады. Оған 70 мыңға жуық оқушы және білім беру ұйымдарының 5 мыңнан астам қызметкері қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2024
Көкшетауда тоғыз жастағы қыз асылып қалған
Көпбалалы отбасының 9 жастағы қызы өз бөлмесінде асылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Instagram әлеуметтік желісіндегі Nayazakokshe парақшасына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Тамыз, 2024
Астанада Конституция күні ХҚК орталықтары жұмыс істей ме
30 тамыз күні елімізде Конституция күні тойланады. Мемлекеттік мереке күні ел азаматтары демалады. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2024
Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды
Жамбыл облысының прокуратурасы 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2024
Қазақстанда 26 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттың маңызды элементтерінің бірі – жоғары өнімді және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту. Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2024
Жамбыл облысындағы атауы да жоқ ауылдың мәселесінен шенеуніктер бейхабар
Жамбылда есепке алынбаған елді мекен бар. 500-ден аса тұрғыны бар ол ауылдың атауы да жоқ. Әлеуметтік нысаннан жұрдай. Санда бар, санатта жоқ тұрғындар шаруасын шешу үшін жан-жаққа сенделіп жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Алматы • 28 Тамыз, 2024
Алматыда жолаушылар автобусы жылдамдықпен келе жатқан көлікке соқтығысты
Алматының Түрксіб ауданында жолаушылар автобусы бар жылдамдықпен жол талғамайтын көлікке соғылып, жеңіл көліктің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
Алматы әуежайында жанжал шығарған әйелге 73 мың теңге айыппұл салынды
Fly Arystan жолаушысы Астанада рейстен кешігіп қалғаннан кейін мониторды әдейі сындырғаны үшін 73 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.