ас
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Абай облысындағы Бірлік ауылы ішімдіктен бас тартты
Енді Абай облысы Бесқарағай ауданы Бірлік ауылындағы дүкендерде алкогольді ішімдіктер мүлде сатылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 07 Қазан, 2025
Дастан Сәтпаев ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды
«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына не себепті қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Каспий теңізінің ахуалын жақсартуға баса мән беруіміз керек - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөйлеген сөзінде қазіргі жағдайда энергетика мәселесіне де баса мән беру керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеп, толық цифрлық ел болуды стратегиялық мақсат ретінде айқындағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 07 Қазан, 2025
Қазақстанда жасалған вагондар сынақтан өтті
«Штадлер Қазақстан» зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қазан, 2025
Бізге таза әрі ашық экономика керек - Олжас Бектенов
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы азайту және цифрландыруды жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Ол экономикалық тұрақтылыққа жету үшін жасанды интеллектіні енгізу мен жаңа тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы күтіледі. Алайда «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 06 Қазан, 2025
Энергетика саласына кадр даярлау мәселесі талқыланды
Астанада Kazakhstan Energy Week – 2025 аясында ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің энергетика, экология және мұнай-газ саласы жөніндегі жұмыс тобының тақырыптық панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Ұлытау облысында қайтарылған қаражатқа жеті денсаулық сақтау нысаны салынды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Облыста тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қазан, 2025
Астанада Т.Рысқұлов көшесінің жаңа бөлігі ашылды
Елордада Т.Рысқұлов көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра өзеніне дейінгі учаскесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдық мерейтойына құттықтау жолдады
Маңғыстауда Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдық мерейтойы мен оның ұстазы Шопан атаның рухына арналған ауқымды шаралар өтті. Мерекеге 10 мыңнан астам қонақ қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қазан, 2025
«Астана - Орал» пойызы жаңа вагондармен толықты
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Астана - Орал» пойызына жаңа үш плацкарт вагон қосылған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қазан, 2025
Елімізде бастырылған астық көлемі 20,8 млн тоннаға жетті
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналып, 20,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қазан, 2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 3 қазаннан бастап аталған лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
Мұнайды заңсыз өткізумен айналысқан күдікті Дубайда қолға түсті
Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС 6 қазан сағат 01: 29-да Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 05 Қазан, 2025
Экологиялық бастама Сырға жетті
«Таза Қазақстан» роуд-эстафетасы Жаңақорған ауданында жалғасты. Апта басында Алматы облысынан басталған экологиялық эстафета Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы аумағынан өтіп, Қызылорда облысына келіп жетті, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 05 Қазан, 2025
Жанға жылу сыйлаған жаңа орталық
Биыл мамыр айында ашылған Семей қаласындағы Отбасын қолдау орталығы аз уақыт ішінде өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға жан-жақты көмек көрсететін маңызды әлеуметтік мекемеге айналып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қазан, 2025
2025 жылғы астық бағасы жарияланды
Аграрлық сала өкілдерін қолдау және қазақстандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жаңа егіннің астық бағасын нарықтық деңгейден жоғары етіп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қазан, 2025
Екібастұзда алаяқтық әрекеттерге қатысқан екі жасөспірім ұсталды
Қос студент SIM-карталары мен WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға жалға беріп келген. Келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қазан, 2025
Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты
1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 03 Қазан, 2025
Елімізде оқушыларға арналған жаңа тамақтану стандарты енгізілді
Жаңа стандарт бойынша мектеп асханаларындағы қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз мөлшері 5 есе азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
ШҚО-да есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды
Өскемен қаласында есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазулар өшірілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.