Нис
Президент • 15 Желтоқсан, 2023
Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Мәдениет пен ақпарат өрісіндегі байланыс беки түспек
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниэль Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2023
Биыл республикалық бюджетке 12,6 трлн теңге табыс түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдағы бюджеттің кіріс-шығыс есебімен бөлісті. Министр жыл бойы қаржыны игере алмаған министрліктер мен табыс аз түскен салаларды жіктеп көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 10 Желтоқсан, 2023
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстан спортшысы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Желтоқсан, 2023
Президент жас спортшымен үстел теннисін ойнады
Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2023
«107 мың 482 доллар»: Ең қымбат бағаға сатылған ракетка қай теннисшінікі?
Серб теннисшісі Новак Джоковичтің 2016 жылы «Ролан Гаррос» турнирін жеңген кезде ойнаған ракеткасы тарихтағы ең қымбат бағаға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv телеграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Велошабандоздардың жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігі бар – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорт федерациясының басшылығымен кездесіп, биылғы есебін тыңдады. Федерация өкілдері спортшылардың нәтижелері туралы айтып, төртжылдықтың басты додасына дайындық жоспарларына тоқталды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Мердігерлер енді қолдан қымбатшылық жасай алмайды – Көлік министрлігі
Өңірлер бойынша кезекті жұмыс сапары барысында Көлік министрі Марат Қарабаев Жезқазғаннан Қызылордаға республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту учаскелерін қарау үшін автокөлікпен жүріп өтті. Қызылорда облысында China Civil Engineering Construction Corporation мердігерлік ұйымының базасында ведомство басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және 5 құрылыс компаниясының қатысуымен үлкен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2023
Елімізде мұнай өндіру көлемі күрт қысқарды
Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов ауа райының қолайсыздығына және Каспий құбыр консорциумында қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі күрт қысқарғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Көлік министрі: LRT құрылысына тағы 150 млрд теңге сұраймыз
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев Астанада салынып жатқан LRT құрылысының жұмыс барысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 28 Қараша, 2023
Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді
Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы мәселеде бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында Көлік министрлігі ақылы жолдар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай әуежайын жаңарту жұмыстары жанданды
Облысқа жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев аэровокзал мен перрон ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Биылғы жылдың 9 айында әуежай 251 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта Қостанайдан Астана мен Алматы қалаларына 19 ішкі рейс жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қараша, 2023
Қорғаныс министрі ресми сапармен Беларуське барды
Беларусьтің бас шаһары Минскіге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүшелері - мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысу үшін Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов барды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2023
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиге ілтипат білдіре отырып, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Қараша, 2023
Президент Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысына еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қараша, 2023
Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен кетті
Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Көлікке газ баллонын орнатуға тыйым салына ма?
Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министріне бірқатар тапсырма берді
Президент Ғылым және жоғары білім министрін қабылдаған кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 15 Қараша, 2023
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер пен облыстарды Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өтті. Олардың ішінде салыстырмалы түрде бюджет қаражатын ең көп игере алмаған 4 министрлік пен 4 облыс бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2023
Альпинистердің қазасына қатысы бар күдікті қамауға алынды
Бас прокуратураның баспасөз қызметі тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының өнеркәсіптік альпинистердің мерт болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды деген мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қараша, 2023
Премьер-министр пара спортшылармен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 10 Қараша, 2023
Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынуына байланысты ІІМ пікір білдірді
Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 09 Қараша, 2023
TOP-5: Әлемдегі ең бай теннисшілердің есімдері белгілі болды
Әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 09 Қараша, 2023
Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 09 Қараша, 2023
Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі - балалар
Денсаулық сақтау министрі ел азаматтарын қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар вице-министрлер тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.