м
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Темір жол саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», деген еді. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы отандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Ақпан, 2025
Елге келген туристерге QR-коды бар арнайы карточка беріледі
Енді елге кірген әрбір шетелдік қонаққа шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 05 Ақпан, 2025
Ешкімнен жеңіліп көрмеген Садриддин Ахмедовтың жаңа қарсыласы анықталды
S.O.Q лақап атымен танымал боксшы кезекті жекпе-жегін Лос-Анджелесте өткізеді. Жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Ақпан, 2025
Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет синоптиктері 5 ақпанға арналған еліміздегі синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Ақпан, 2025
Шетелден қайтарылған ақшаға жаңа мектеп салынады
Үкімет Ұлытау облысы Қаражал қаласында мектеп салу үшін қайтарылған қаржыдан 1,4 млрд теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Гендерлік теңдік мәселесі талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Талдау мектебі» жобасының IV легінің қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2025
Джабер әл-ТЕМИМИ: Экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор
Кейінгі жылдары Тигр мен Евфрат өзендері аумағын алып жатқан тарихи Месопотамия мекенінің бүгінгі мұрагері – Ирак мемлекетімен қарым-қатынасымыз жан-жақты жанданып келеді. Әсіресе сауда-экономика, мәдени және туристік салаларға айрықша көңіл бөлініп отыр. Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажм Абдолла әл-Темими мырзамен болған сұхбатта осы байланыстардың бүгіні мен келешегі жайында кеңінен әңгіме өрбіді.
Тағайындау • 04 Ақпан, 2025
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Абзал Мәулетханов кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Құтқарушыларға баспана беріліп, көтерме жәрдемақы төленеді
Мәжілісте азаматтық қорғау органдары туралы салалық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талқыланып жатыр. Олар ертең жалпы отырыста қаралады. Өзгерістер өрт қауіпсіздігі мен сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға әрекет ету және оларды жою жүйесіне де енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Ақпан, 2025
Мәжілісте Азаматтық қорғау туралы заң жобасы қаралады
Түзетулер азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға және адам көп жиналатын объектілерді қабылдау кезіндегі өрт қауіпсіздігін бақылауды жаңартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда 400 мыңнан астам шетелдікке ЖСН берілген
Өткен жылы елімізде ұялы байланыс операторларына тіркеліп, банк карталары мен шоттарын ашқан 435 408 шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 04 Ақпан, 2025
Мұхтар Мағауиннің тұрған үйі музейге айналады
Қабырғалы қаламгер,тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауин 2 ақпанда 85 жасқа толар еді. Осы күнге орай марқұмның Америкадағы шаңырағында ұлы қаламгерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2025
Алматы өңіріндегі бірнеше нысан мемлекеттік меншікке қайтарылды
Алматы облысында 8 су нысаны мемлекеттік бақылауға қайтарылды. Бұл шешім 2024 жылы жеке басқарушы компаниялармен жасалған келісімшарттар талаптарының бұзылуы анықталғаннан кейін қабылданды. Оның ішінде 5 нысан сот арқылы, ал үшеуі өзара келісім негізінде берілді.
Президент • 04 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президентке қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда қатерлі дерттен қайтыс болатындар саны азайған
4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді. Осы күнге орай Денсаулық сақтау министрлігі маңызды деректерді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Биыл қай өңірдің жолдарына жөндеу жүргізілетіні айтылды
Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Астанада полиция қызметкері жаттығудан кейін көз жұмды
Қайғылы оқиға Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде болды. Полиция қызметкері жаттығудан шығып, есінен танып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Ақпан, 2025
Қазақтың 15 боксшысы Сербияда жұдырықтасады
Сербияда «Белград жеңімпазы» бәсекесі бүгін басталды, осы айдың 10-ы күні аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 04 Ақпан, 2025
Аудандық мәслихаттың төрағасына жемқорлық айыбы тағылды
Антикор Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының мәслихат төрағасы мен депутатына жемқорлық дерегі бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Ақпан, 2025
Өгей баласын анасының көзінше ұрып өлтірген
Жантүршігерлік қылмыс Ресейдің Калининград облысында орын алған. Өгей әкесі баланы сабап өлтіріп, артынша оны жоғалды деп хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін табыс көлемі айтарлықтай өсті
Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Өткен жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 04 Ақпан, 2025
Республикалық маңызы бар жолдар интернетпен толық қамтылады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолының 102-ші шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 04 Ақпан, 2025
5 мың мигрант АҚШ-тан шығарылды
Дональд Трамп президенттік қызметіне ресми кіріскен екі аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мың адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Бектенов БҚО әкіміне жол сапасына қатысты ескерту жасады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке жолдардың жай-күйіне қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Ақпан, 2025
95 көліктің соқтығысуы: 6 қылмыстық іс қозғалды
3 қаңтар күні Астана - Щучинск тас жолында 95 көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен еді. Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға байланысты 6 қылмыстық және 37 әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарған азамат марапатталды
2 ақпан түнде Астанада екі көлік соқтығысып, салдарынан өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Ақпан, 2025
Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды
Аталған облыстың Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Алмат Саухимов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Маңғыстауда балабақша бүлдіршіндері тамақтан уланған
Жаңаөзен қаласының тұрғындары жергілікті басылымдардың біріне хабарласып, мектеп жасына дейінгі 100 бала тамақтан уланып қалғанын мәлімдеген. Оқиға осы қалаға қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшада болған, деп хабарлайды Egemen.kz.