ек
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Түйісу пункттерінің өткізу қуаты 296 млн тоннаға дейін артады
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының ІV Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр
Алматыда 18 тамызда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалі басталды. Фестиваль екі күнге жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Тамыз, 2025
Бүгін Қызылорда қаласының Сол жағалау мөлтек ауданында «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде өңірде алғаш ашылған жалпы орта білім беру ұйымына ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасын қабылдады
Кездесу барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының өзекті мәселелері парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Өзбекстан Сенатының төрағасы ресми сапармен елімізге келді
Қазақстанға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Тамыз, 2025
Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салудың жаңа режімдері қолданысқа енгізіледі. Олар бұрынғыдан әлдеқайда қарапайым, икемді әрі түсінікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 18 Тамыз, 2025
Сербияда жаппай толқулар өршіп тұр
Сербияда үшінші күн қатарынан президент Александр Вучичтің жақтастары мен қарсыластарының қақтығыстары жалғасып жатыр. Валево қаласында (Белградтан 100 шақырым қашықтықта) наразылар полициямен қақтығысып, Серб прогрессивті партиясының кеңсесін от қоюға тырысты. Тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, 18 адамды ұстады. Бір полицей жараланғаны хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектептен мектепке онлайн ауыстыруға болады
Оқу-ағарту министрлігі бұл қызмет EGov порталында қолжетімді екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Жаңа кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер күні белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 18 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрлігінде ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құрылды
ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Айбын • 18 Тамыз, 2025
Тұлпармен түн қатқан шекарашылар
Картасын найзамен сызған бабалардың бізге қалдырған аманатын күзету – армен қорғалатын абыройлы міндет. Туған жердің тыныштығын қадағалау, әрбір қадамына қырағылық танытып, мемлекеттің берік қалқаны болу – әр сарбаздың басты борышы. Осынау мәртебелі қызметтің маңызын түсіндіретін мысалдар Түркістан облысы, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы полковник Асқар Болатов басқаратын шекара заставаларының қызметінен анық аңғарылады.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Отан шекарасын күзету – абырой мен парыз
Шекара - мемлекеттіліктің тірегі, елдің тәуелсіздігінің айғағы. Әрбір мемлекеттің тыныштығы мен тұтастығы ең алдымен оның шекарасымен өлшенеді. Бұл тек қана картадағы сызық емес, халықтың бейбіт өмірінің, елдің егемендігі мен мемлекет құндылықтарының басты кепілі. Сондықтан шекара күзету ең қасиетті әрі ең жауапты міндеттердің бірі.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Ержан Тоқтасынов: «Шекара бекеті – өмірлік институтыма айналды»
Қазақстанның қауіпсіздігі – шекара күзетінің сенімді қолында. Әсіресе, халықаралық әуежайда қызмет атқаратын шекарашылардың жауапкершілігі ерекше. Egemen.kz тілшісі шекара қызметінің кәсіби мерекесіне орай Астана халықаралық әуежайындағы шекара бақылау бөлімінің бақылаушысы, ефрейтор Ержан Тұрсынбекұлы Тоқтасыновпен сұхбаттасты. Ол өзінің таңдаған жолы, қызметтегі қиындықтары мен қызығы туралы әңгімелеп берді.
Әскер • 18 Тамыз, 2025
Бүгін Қазақстанда ел тыныштығын тәулік бойы күзететін Шекарашылар күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке мемлекет шекарасының тұтастығын күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге арналған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Қазақстан жетістіктері: министр халықты Спорт күнімен құттықтады
Қазақстанда Спорт күніне орай құттықтау сөзін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанды
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Хамзат Чимаев (14-0) пен Оңтүстік Африка өкілі Дрикус Дю Плесси (23-2) өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Батыс Қазақстанда бұқаралық спорттың бәсі биік
Батыс Қазақстан облысында 285 941 адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысады, бұл облыс халқының 41,2%-ы. Өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін жүйелі жұмыс жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Тамыз, 2025
Ербол Мырзабосынов кәсіби мереке қарсаңында спорт ардагерлерімен кездесті
Туризм және спорт министрі спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумында аты аңызға айналған спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт қайраткерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Іс-шараға Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен мамандар қатысты.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Шығыстағы туризмнің тыныс-тіршілігімен танысты
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан өңірінде болып, туризм саласының қазіргі жағдайын зерделеді. Халық қалаулысы Қатонқарағай мен Үлкен Нарын аймақтарында жергілікті тұрғындар және кәсіпкерлермен жүздесіп, өңірдің табиғи-туристік әлеуетімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған шекарашы
Бүгін Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында ел шекарасының шегенделгеніне 33 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Бабадан қалған байтақ даланы кірпік қақпай күзететін қырағы қызметтің сан қыры таспаланған суреттерді аға лейтенант Асхат Сәбиев түсірген. Ол 15 жылдық еңбек жолында қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Шымкенттегі жаңа көлік өткелінің құрылысымен танысты
Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында Момынов көшесінде теміржол үстінен жаңа автокөлік өткелі бой көтеріп жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы нысан басында болып, құрылыс барысын көрді. Ол бұл жоба қаладағы қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, кептелістерді азайтып, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 15 Тамыз, 2025
Қыркүйек пен қазанда қандай қосымша демалыс бар?
2025 жылдың күзі отандастарымыз үшін қос мерекелік демалыспен есте қалмақ, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 15 Тамыз, 2025
Тоқаев білім беру процесіне цифрлық технологияларды жедел енгізуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға арналған Тамыз конференциясында білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны жылдамдату – жаһандық технологиялық дәуірге бейімделудің басты шарты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Тамыз, 2025
Қарулы күштерде кадрлық өзгерістер орын алды
Мемлекет басшысының өкімімен екі кадрлық өзгеріс болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін
2025 жылдың қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Тамыз, 2025
Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті
Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті, деп жазады Egemen.kz.