П
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Кибералаяқтар Франция поштасын бұғаттап тастады
Францияның ұлттық пошта операторы La Poste мереке алдындағы ең қызған шақта ауқымды кибершабуылға тап болды. 22 желтоқсаннан бері жалғасып жатқан DDoS-шабуыл милиондаған тұтынушыны әуреге салып, елдің басты пошта қызметін тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Әсіресе жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 23 Желтоқсан, 2025
Астанада көлік пен логистика саласының мамандарына «транспорттық Оскар» табысталды
Елордада көлік пен логистика саласындағы Еуразиялық беделді марапат саналатын «Magistral Awards – 2025» премиясының жеңімпаздары анықталды. Кәсіби орта бұл сыйлықты көптен бері «транспорттық Оскар» деп атап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда ірі қара мал етінің экспортына енгізілген шектеулер нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады
Үкімет отырысында бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Енді отандастарымыз аталған платформа арқылы өздерінің салық аударымдарының аудандарды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
21 желтоқсан күні КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің абызы Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында аңыз адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Желтоқсан, 2025
Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді
2026 жылдан бастап Қазақстанда салық борышы үшін шоттарды бұғаттау ережелері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті
Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Техаста Мексика әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады
Мексика әскери-теңіз күштеріне тиесілі ұшақ Монтеррей қаласынан (Нуэво-Леон штаты, Мексика) Техастағы Галвестон бағытына медициналық тапсырмамен аттанған. Апат Скоулз халықаралық әуежайына қону кезінде, қалың тұман мен көріну мүмкіндігінің шектелуі салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2025
Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мұрасының жаңа дәуірі: қолжазба нұсқадан цифрлық корпусқа дейінгі мәтінтану мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Ақорда Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездескенін хабарлады.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Атырауда 400-ге жуық оқушы үйінен білім алады
Мұнайлы шаһардың білім ордаларында ерекше қажеттілігі бар оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды
Елорда билігі көлік кептелісімен күрестің түбегейлі жолын тапты. 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Шымкентте бір күнде қос кәсіпорын ашылды
Шымкенттегі «Marvik Partners» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жеңіл өнеркәсіп, медицина, құрылыс және басқа салада қолданысқа ие спанбонд өнімін шығаратын фабриканы іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
Төлем азайды, шығын көбейді: Сақтандыру компанияларының жағдайы қандай?
Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) жүйесіндегі теңгерімсіздік күн санап тереңдеп барады. Бір жағынан жол апаттарының еселеп артуы мен қызмет көрсету құнының қымбаттауы, екінші жағынан заңнамалық өзгерістер нарықты «тығырыққа» тіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Эрмитажды аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада «Алдаспан» шығармашылық кеші өтті
Елорда төрінде жыршы Күнсұлу Түрікпеннің «АЛДАСПАН» атты шығармашылық кеші өтті. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, термелер мен толғаулар шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылады
Қазақстан аумағынан сиыр етін әкетуге қатысты бұрын енгізілген шектеулердің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Аустрияда чемпион атанды
Жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Станислав Черчесов футбол алаңына қайта оралып, жанкүйелерін таңғалдырды. Ол Аустрия Бундеслигасы ардагерлерінің турнирінде өнер көрсетіп, командасымен бірге алтын тұғырдан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Алдағы үш жылда Қызылорда облысындағы 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Өңірдегі 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, 9 мектепті қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары қарсаңында бразилиялық жаңа голкипермен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)
Түркияда Ұлттық мәжіліс депутаттары 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға арналған отырыста жанжалдасып қалды. Әуелгі ұрыс-керіс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир Бурса мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады
Дүйсенбі күні Жапония билігі әлемдегі ең ірі «Касивадзаки-Карива» атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы соңғы маңызды қадамды жасады. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» трагедиясынан кейін елдің атом энергетикасына оралуындағы бетбұрысты кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары жаңажылдық кештерден жаппай бас тарта бастады
Мереке қарсаңында көптеген компаниялар корпоративтік іс-шараларға қатысты жоспарларын қайта қарап жатыр. Себебі биыл қызметкерлерге арналған кештің құны бір адамға шаққанда 50 мың теңгеге дейін қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 22 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: Дубайдағы виллалар мен «Думан» қонақ үйі сатылды
2025 жылдың басынан бері Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) 155 нысанды сатып, бюджетке 38,4 миллиард теңге құйды. Сатылған лоттардың ішінде Астананың зәулім қонақ үйі мен шетелдегі виллалар ең қымбат мәмілелер ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Импорт күшейді, ал экспорттық табыс азайып бара жатыр
Елімізге сырттан келетін тауар ағыны тарихи рекордтарды жаңартса, шикізат экспортынан түсетін пайда қысқарып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды
Қазақстанда есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді бұғаттауға арналған алгоритмді іске асыру басталды. Бұл туралы 2025 жылғы прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.