у
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Қоғамдық тәртіпті бұзған 117 жолаушыға шара қолданылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жыл басынан бері 117 жолаушыны түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды
Бүгін, 30 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2024
Президент «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
АЭС тұрақты энергиямен жабдықтаудың негізі бола алады - сенатор
Сенат депутаты Сергей Карплюк Алтынсарин және Федоров аудандарының тұрғындарымен кездесті. Онда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі және АЭС салу жобасына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Кездесуге білім беру және агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерімен қоса түрлі сектордың өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Шымкентте жоғары оқу орнының ректоры қамауға алынды
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2024
Футзал: Қазақстан-Аргентина матчына 12 мың билет сатылған
Бұл туралы «Qazsport» телеарнасының тілшісі Фархат Қаналы Ташкенттен хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қыркүйек, 2024
Сенаторлар аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау туралы заңды қарады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 3 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгілеп, Палатаның алдағы іс-шараларын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
ДСҰ Қазақстанның сауда саясатына жоғары баға берді
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кірген сәтінен бастап сауда саясатына алғашқы шолу өтті. Айтулы іс-шараға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бастап барған делегация қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
6 қазан күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды
Астанада 6 қазан күні республикалық референдумның өтуіне орай, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Астанада сотталушыға жазадан жалтаруға көмектескен адам ұсталды
Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 30 Қыркүйек, 2024
Есірткі тасымалдаған Қазақстан азаматы Грузияда жасырынып жүрген
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Оқушыларды денсаулық пен бақуаттылыққа дағдыландыратын бағдарлама іске қосылды
Бұдан былай Алматы мен Астана мектептерінің 10-сынып оқушылары уақытпен үндесетін элективті курспен таныса бастайды. Таяу күндері осы бастамаға, яғни «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» элективті курсының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы мен Астана қалаларының білім басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары мен курс авторлары қатысты.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2024
Су саласы: Үйлестіру кеңесі құрылды
Елімізде су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 30 Қыркүйек, 2024
Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады
Асқақ өнердің атасы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы маусымын тарих бетіне өрнектеп, жылдар бойы өмірін киелі сахнаға, шығармашылыққа, театрға қызмет етуге арнаған 126 адал жанға мәдени ошақ арнайы төсбелгі мен сыйлық табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2024
ШҚО-да 400 шақырымға жуық жол жөнделеді
2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2024
Азия кубогі: Ел қоржыны тағы бес алтын медальмен толықты
Стенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогінде ел мергендері тағы бес алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс • 30 Қыркүйек, 2024
Үш өңірде тұрғындардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша жұмыстар кешенін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2024
Президент тапсырмасы: Қазақстанда жаңадан үш әуежай салынады
Мемлекет басшысы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында сапалы жол инфрақұрылымы бар аэровокзал кешендері мен әуежайларды салуды тапсырған болатын. Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше үш әуежайдың да құрылысы 2025 басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2024
Ұлытауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 205 кәсіпкерге айыппұл салынды
Ұлытау облысының делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің үстемесін негізсіз арттырған 205 кәсіпкерді ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Робототехника: Қазақстан оқушылары үш дүркін әлем чемпионы атанды
Робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge (Грекия) аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2024
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Қыркүйек, 2024
Ұлытау облысының жолдарын жөндеуге екі жылда 30 млрд теңге жұмсалған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын салу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Ұлытау облысы жолдарының жалпы ұзындығы - 2711,7 км, облыс құрылғаннан бері жолдарды жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыс • 29 Қыркүйек, 2024
Аида Балаева қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 29 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Алматы облысында осы жылдың шілде айында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2024
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді
Бүгін, 29 қыркүйекте футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 29 Қыркүйек, 2024
Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды
Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке оралып, бейбітшілік белбеуін жартылай орта салмақта жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Көкшетаудағы дүңгіршекте тышқандар самса жеп жүр
Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы дүңгіршектің бірінде тышқандардың самса жеп жүргені бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Заң • 28 Қыркүйек, 2024
Ақмола облысында әйелді 4 сағатқа сұранып кеткені үшін жұмыстан шығарып жіберген
Ақмола облыстық сотының Азаматтық істер алқасы көпбалалы ананың ЖШС басшылығының жұмыстан босату туралы бұйрығын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді соққыға жыққан
Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 28 Қыркүйек, 2024
Қазақстан тұрғындары биыл жазда қай елге көп барған
Қазақстан азаматтары Түркияға сапар саны бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.