он
Президент • 16 Қазан, 2025
Президент Олжас Бектеновке экономикалық жағдайды тұрақтандыруды тапсырды
Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Конгреске инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді талқылау үшін әлемнің 40 елінен 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, 400-ден астам педагог-практиктер, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Сарапшылар баршаға қолжетімді білім беруді дамыту мен әлем елдерінде ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қазан, 2025
Жамбыл облыстық филармониясы Саарбрюккенде концерт берді
Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстар өзара түсіністік пен сенімді арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қазақ халқының бай мәдени мұрасын Еуропада кеңінен дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының Елшілігі Саарбрюккен қаласында мәдени іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қазан, 2025
Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды
Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 14 қазанда 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталуға жақын
Аталған жұмыс – 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл су қоймасы – Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданы аумағында, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қазан, 2025
75 жасында Азия чемпионы атанды
Ирактың Эрбиль қаласында шахмат сайысынан өткен Азия чемпионатында 75 жастағы жерлесіміз Марат Пріметов чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қазан, 2025
Әйгілі таеквондо шебері Мұстафа Өзтүрік туралы фильм түсіріледі
Қазақстандық таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында алдағы екі аптада Мұстафа Өзтүрік туралы көркем фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Президент e-Parlament құралын қолдану мүмкіндіктері туралы пікір білдірді
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Қазақстанда қаржылық сауатты анықтауға арналған тест өтіп жатыр
Республикалық FinIQ қаржылық сауат деңгейін анықтауға арналған тесттен өтуге 328 мыңнан астам өтінім тіркелген. Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған тестті төрт күннің ішінде 185 096 қатысушы тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қазан, 2025
Экономика саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері анықталды
2025 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы қоғамның бай болуы мен өркендеуіндегі инновация мен технологиялық прогрестің рөлін терең түсіндірген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қазан, 2025
Қазақстан су спортынан Азия жарысын 8 алтынмен аяқтады
Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты (Үндістанның Ахмедабад қаласы) аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Қазан, 2025
Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі дүниежүзілік конгресс өтеді
Осы айдың 15–17 күндері аралығында Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) Дүниежүзілік конгресі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2025
Көкпардан Қазақстан чемпиондары анықталды
Шымкентте көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. 15 команда қатысқан бәсекеде Жамбыл облысының құрамасы үздік шықты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қазан, 2025
Солтүстік Македония - Қазақстан матчын қайдан көруге болады
14 қазанға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония Қазақстанмен Скопьеде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 12 Қазан, 2025
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Қазақстанмен өтетін ойын алдында мәлімдеме жасады
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Благоя Милевски Бельгиямен өткен сенсациялық тең ойыннан (0:0) кейін және алдағы Қазақстанға қарсы матч қарсаңында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 10 Қазан, 2025
Нұржан Қатаев әлем чемпионы атанды
Мажарстанда өткен арадгерлер арасындағы әлем чемпионатында 130 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақтың танымал еркін күрес шебері Нұржан Қатаев барлық қарсыласын сыпара ұтып, бас жүлдені олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Карғыба өзені бөгетін реконструкциялау жобасы қолға алынды
Бөгет – Абай облысына қарасты Ақсуат ауданы аумағында. 2021 жылы жобаны әзірлеу кезінде олқылықтарға байланысты тоқтатылған реконструкциялау жұмысын Су ведомствосы қайта бастады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қазан, 2025
Түркістан облысында ұлы анасына донор болды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қазан, 2025
Абай облысында 85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Жаһандық жарысқа жеті велоспортшы барады
Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты Сантьяго (Чили) қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы оған қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Қазан, 2025
10 мың отандасымыз донор болуға келісімін берген
Ел медицинасының мәйіттік донорлыққа бет бұрғанына аса көп уақыт өтпесе де тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп отыр. Оған 2013 жылдан бері сәтті өткен бауыр, бүйрек, жүрек ауыстыру операциялары дәлел, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Бокстан Қазақстан чемпионатына 371 спортшы қатысады
14-21 қазан күндері Семейде бокстан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қазан, 2025
Суармалы су беру келісімшарттары цифрландырылады
Келесі жылы 1 қаңтардан бастап «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы суармалы су беру бойынша келісімшарттар онлайн форматта ғана жасалады. Бұл шара – судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қоюды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Футболдан әлем чемпионатының билеттері құны қанша?
Футболдан 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылымға шығатын күн де жақындап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Атырау әкімдігі «Жүгіру фестивалі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды «Жүгіру фестивалі» туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қазан, 2025
Елімізде 121 бала донор кезегінде тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донор ағзасына кезекте 4 384 пациент тұр, оның ішінде - 121 бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Конор Макгрегор 18 айға спорттан шеттетілді
АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігі (USADA) UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегорға қатысты шешімін жариялады. UFC жұлдызы үш рет биологиялық үлгілерді тапсырмағандықтан, оған 18 айлық дисквалификация тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Отандастарымыз әртістік жүзуден жұптық сайыста жүлде алды
Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін әртістік жүзуден соңғы сайыс күні, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм дайындап жатыр
5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тыңдармандар әншінің өнерін зор ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.