жас
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2024
Жас ғалымдар аграрлы өңірдің әлеуетін көтермек
Жетісу – аграрлы өңір болғандықтан ғылымға бет бұрған жас ғалымдар ауылшаруашылығына қажетті өнімдерді зерттеп жатыр. Бұл игі іспен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жанынан құрылған биотехнология және экологиялық ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр. Орталық дәнді дақылдардың жаңа түрін ойлап тауып, экологиялық таза сүт өнімдерін әзірлемек. Біз осы орайда оқу орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2024
«Air Astana» акцияларын сатылымға шығарады
«Air Astana» ақпан айында Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) акцияларын сатылымға шығарады. Ал компания акциясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) жақын күндері сатылымға қойылады. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Жерлестеріміздің жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 19 қаңтар - 1 ақпан аралығында Жасөспірімдер арасында IV қысқы Олимпиада өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар жеті спорт түрінің бесеуінде бақ сынайды. Жасөспірімдер құрамасының жарыс жолына шығатын кестесін Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024
Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа екпе салынады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа оқу жылынан бастап 11 жастағы оқушы қыздарға екпе салына бастайтынын хабарлады. Десе де балаларына екпе салдыру жайы ата-ана еркінде екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
124 жыл бұрын түсірілген фотоға «жан бітірген» маман жоспарын айтты
Алматылық кәсіпкер, ақпараттық технология саласының маманы Бағдәулет Бекжанов ғасырдан астам уақыт, яғни 124 жыл бұрын түсірілген фотоға жасанды интеллект көмегімен «жан бітірді», деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Білім мен ғылым – ел дамуының негізі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты жалпы халық көкейінде жүрген сұрақтарды қамтып, соңғы жылдар ішінде сыртқы саясат пен ішкі іс-шаралар туралы қорытынды-есеп ретінде жүргізілген екен. Оқтын-оқтын әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарынан көріп-естіп жүрген ақпарат болса да, барлығы бір сұхбат барысында жинақты баяндалғандықтан Президенттік міндетін атқару барысында көптеген оң шаралар жүзеге асырылды деп айтуға толық негіз бар.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Канвондо-2024: Додада бақ сынайтын елордалықтар анықталды
19 қаңтар – 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтетіні мәлім. Оған Қазақстаннан 10 бағдарлама бойынша қатысатын 42 отандасымыздың арасынан елордалық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Жасөспірім қыз сырғанаймын деп қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында капотқа мініп сырғанаған қыз көз жұмды. Ол екі досының көлігіне ескі машина жабдығын тіркеп сырғанаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Алматы облысында ер адам колонияға ұялы телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қаңтар, 2024
IV қысқы жастар Олимпиадасы: Қазақстан 10 бағдарлама бойынша 42 спортшы апарады
Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жастар Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының есімдері qaz_olympics инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалды?
Ішкі істер министрлігінде жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 04 Қаңтар, 2024
Биыл ел спортшылары қандай ірі жарыстарда бақ сынайды?
Осы жылғы ірі спорттық жарыстар шымылдығын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы түреді. Сайыс 2024 жылғы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 5 спорт түрі (10 дисциплина) бойынша 30 лицензия бар. Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын 42 спортшы қорғайды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Қаңтар, 2024
Қазақстанда АЭС салына ма? Президент нақты жауап берді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында елдегі энергетикалық мәселенің ушығып тұрғанына назар аударып, осы тұрғыда Қазақстан аумағында АЭС салу-салмау мәселесіне қатысты өз ұстанымын ашық айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2024
Мұз ойылып кеткен. Атырау полицейлері жасөспірім қызды құтқарып қалды
Атырау қаласындағы Жайық жағалауында мұз ойылып, жасөспірім қыз суға құлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2023
«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр
28 желтоқсанда мектеп басшылығы Талдықорған қалалық полиция бөлімін бірнеше айдан бері сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы хабардар еткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 28 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітовті 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Өз кезегінде туған күн иесі жастарға батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
2021 жылы қаңтарда жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болған экс-мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 25 Желтоқсан, 2023
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталып, ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Жасанды интеллект»: Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі даму мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысты. Осы күнге дейін 170 мыңға жуық қолданушы «Тіл құрал» (5 деңгейлі жүйе) мен «Бала тілі» (9 жасқа дейінгі балаларға арналған) секілді тілдік онлайн платформалар арқылы оқыған. 400 мыңға жуық термин топтастырылған «Termincom.kz» платформасы да таныстырылды. Аталған портал терминдерді жүйелеу базасы міндетін атқарады. Бұл жұмысқа тиісті салалық мамандар тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр «Дарын» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды
Бүгін Астанада бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2023
2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,5 пайызбен несие беру тәртібін түсіндірді. Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2023
Қазақстан жасанды интеллект саласында озық болуы керек - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023
«Жасыл» технологияларды дамытуға қанша қаражат құю керек?
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында жаңартылатын энергия саласындағы жаңа жобаларды қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.