е
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкенттіктер Астанадағы әскери шеруді тамашалады
Қаладағы Астана алаңы, Жастар ресурстық орталығы мен Қызғалдақ фонтаны маңына орнатылған үлкен экрандар арқылы тұрғындар ел астанасында өткен тарихи оқиғаны тікелей эфирде тамашалады. Түркістан сарайында да әскери қызметкерлер шеруді бірге көріп, маңызды сәтке ортақтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фотогалерея • 07 Мамыр, 2025
Жеңіс күніне арналған әскери парадта қандай әуе техникасы көрсетілді
Астананың басты алаңының үстінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад шеңберінде ондаған ұшу аппараты әуеге көтерілді. Парадты ҚР Мемлекеттік туы мен Қарулы күштердің жалауын алып ұшқан Ми-171 тікұшағының салтанатты ұшуы ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Сенат Төрағасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Ол бұл мерекенің елдік пен ерлікті ұлықтайтын, патриоттық рухты арттыратын ерекше күн екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 59 жастағы әйел аневризмадан аман қалды
Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны ауыр жағдайдан аман қалды. Таңғы уақытта өзін жайсыз сезініп, басының қатты ауыруы, құсу және есінен тану белгілері байқалған. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Мамыр, 2025
Биыл 10 мың бизнес бастамаға қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі елдегі кәсіпкерлікті қолдау және қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы екі жаңа қаржылық қолдау құралын енгізді. Бұл тетіктер кепілсіз немесе кепілі жеткіліксіз компанияларға, оның ішінде шағын, орта және ірі бизнеске жеңілдікпен қаржы алуға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Әскери шеруді Қостанай тұрғындары да тамашалады
Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парад Қостанай қаласының орталық алаңында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 07 Мамыр, 2025
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадта майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Мамыр, 2025
Екі қалада жаңа инватакси форматы іске қосылды
2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға инватакси қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бастама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Ұлытаудағы ТЖД бөлімшелері заманауи техникамен жабдықталды
Жезқазғанда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканың кілттері салтанатты түрде табысталды. Іс-шараға жергілікті әкімдік, ТЖ қызметінің өкілдері, ардагерлер, жеке құрам және өңір тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Әскери шеруге 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты
Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған
1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы армия қуаты темірдей тәртіппен нығаятынын айтты
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың ерлік дәстүрі мен армияның ел қауіпсіздігін сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мәлімдеме жасап, бұл тарихи оқиғаның ел бірлігі мен бейбітшілік құндылығын ұғынудағы ерекше рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Отан қорғау жолында опат болғандарға тағзым етеміз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды құттықтап, халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқияр ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Ұлы Жеңіс – халқымыздың жауынгерлік рухының символы - Президент
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды
Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Шымкентте мерекелік концерт өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шымкентегі «Қызғалдақ сарайында» өткен «Егемен елдің қорғаны» атты мерекелік концерт ту көтеру рәсімімен басталды. Еліміздің әнұраны шырқалып, патриоттық әндер орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Елордада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті
7 мамыр – Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты концерт өтті. Бұл айтулы шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, өзге де әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин және Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы құттықтады
Алматы қаласында Жеңіс күні қарсаңында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері Қазақстанның халық әртісі, опера өнерінің аңызы Бибігүл Төлегенованы арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Бүгін елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді
Әскери шеру Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Мамыр, 2025
Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды
Павлодар қаласында тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2021 жылы туған бала құлап кетті. Ер бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Мамыр, 2025
Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен батыр атындағы музейдің 30 жылдығына және халықаралық музейлер күніне орай тұңғыш рет «Мәңгілік тұлғалар» атты бірінші республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өткізілді.
Парламент • 06 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесті.
Президент • 06 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Астана-Опера театрында концерт тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Медицина • 06 Мамыр, 2025
Астанадағы ардагерлерге арналған госпитальде жыл сайын неше адам ем алады?
Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар.
Экология • 06 Мамыр, 2025
Кейінгі үш жылда неше түп көшет отырғызылды?
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Талдықорғандағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті.
Қоғам • 06 Мамыр, 2025
Алматы облысында 700-ден астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Алматы облысында 775 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтып жатыр
Бүгін қазақстандық делегацияның Швеция Корольдігіне ресми сапары аясында Стокгольм қаласында «Инновациялар мен тұрақты дамуға жәрдемдесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.