аз
Қазақстан • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 22 Тамыз, 2025
ҚазҰУ-да Орталық Азияның IT мамандары бас қосты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде AWS Community Day Central Asia 2025 атты ауқымды өңірлік форум басталды. Жиынға AWS Heroes, Community Builders сарапшылары, сондай-ақ Канада, Германия, Испания, Қазақстан және Өзбекстаннан келген арнайы қонақтар қатысты. Шара аясында инженерлер, архитектура мамандары, стартап өкілдері, студенттер мен IT-сала көшбасшылары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қырғыз-қазақ достығының құрметіне ескерткіш ашылады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары барысында мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарға ерекше назар аударылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,4 млрд доллар инвестиция салған
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ инвесторларының Қырғызстан экономикасына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын ұлғайтады
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2025
Мергендеріміз Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп келеді. Бүгінгі күнге ұлттық құрама 9 медаль еншіледі. Оның екеуі алтын, біреуі күміс, алтауы қола, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Тамыз, 2025
Ислам Сәтпаев Азия додасында топ жарды
Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанда су саласын трансформациялаудың негізі қаланды - халықаралық сарапшы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Өнер • 21 Тамыз, 2025
Астаналық әртістер Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды
«Астана Опера» әртістері Қытайдан жеңіспен оралды. Театрдың жетекші солисі Диас Құрманғазы мен жас хореограф, солист Сұлтанбек Ғұмар Ляониндегі (Шэньян) балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауында марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Тамыз, 2025
Жаңа газ кен орындары пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде жаңа газ кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі $21,8 млрд-қа жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі 2025 жылдың алғашқы алты айында $21,8 млрд болды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Президент тапсырмасы: елімізде 10 энергоблок пен 63 қазандық жаңғыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Тамыз, 2025
Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық, солтүстігінде нөсер жаңбыр мен дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Денсаулық сақтау реформаларының жемісі мен жетістігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған міндеттер аясында денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтып, әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған жүйелі реформалар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Тамыз, 2025
Сүт өндіруге бөлінген субсидия құмар ойынға жұмсалған
Ауыл шаруашылығы саласына бөлінген мемлекеттік қолдау қаржысы қылмыстық жолмен қолды болғаны анықталды. Жетісу облысында сүт өнімдерін өңдеуге арналған 300 миллион теңгеден астам субсидия жымқырылып, оның бір бөлігі құмар ойындарға пайдаланылған, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында жаппай сенбілік өтті
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Тамыз, 2025
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 20 тамызға арналған дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Тамыз, 2025
Назарбаев университетінің студенті терезеден құлап кетті
Астанадағы Назарбаев университетінде студент жатақхананың 12-қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2025
Елімізде агроклиматтық полигон құрылады
Парниктік газдардың кесірінен ғаламдық климаттың өзгеруі жер бетіндегі барлық мемлекетте өзекті мәселеге айналып отыр. Әр ел түйткілдің түйінін тарқатудың өзінше жолын ұстанып келеді. Соның ішінде Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға қарай бөлінділерді 325 млн тонна СО₂-ға дейін қысқарту көзделген, бұл міндетті орындауда агросектордың белсенді ат салысуы қатысуы қажет. Ал ауыл шаруашылығы еліміздегі парниктік газдардың екінші ірі көзі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды
2028 жылға дейін Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді жоспарлап отыр. 18 тамыз күні Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 18 Тамыз, 2025
Алдағы күндері ауа райы салқындай бастайды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Өзбекстан Сенатының төрағасы ресми сапармен елімізге келді
Қазақстанға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Тамыз, 2025
Елімізде мал азығын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қысқы маусымға дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бүгінде 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалған, деп жазады Egemen.kz.