аз
Театр • 29 Тамыз, 2025
Қыркүйек айында еліміздің барлық өңірінде жаңа театр маусымы шымылдығын түрмек. Бұл – тек өнерсүйер қауым үшін ғана емес, жалпы мәдениет саласы үшін маңызды кезең. Өйткені театр – халықтың рухани деңгейінің айнасы, қоғамның ойы мен талғамының көрінісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Тәжікстан Президенті Қазақстан СІМ басшысын қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан тарапының шақыруымен жұмыс сапарымен Душанбе қаласына барды. Сапар аясында ол Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның қабылдауында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп келеді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелеріне орнатылған, ал орташа жылдамдық белгілі бір аралықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт арқылы есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
«Самұрық-Қазына» басшылығы директорлар кеңесіне есеп берді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ Қордың биылғы жеті айдағы негізгі жұмыс нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 28 Тамыз, 2025
Қазақстанда жыл басынан бері 11 тоннадан астам есірткі тәркіленген
Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына, әсіресе құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге және егуге қарсы күреске бағытталған «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек
Қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баласын жаңа оқу жылына дайындауға кіріседі. Дәптер, қалам, сөмке мен мектеп формасын түгендеудің құны бүгінде әр отбасының қалтасына айтарлықтай салмақ түсіретіні анық. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі бір баланы мектепке дайындауға кететін орташа шығынды зерттеп көрді.
Шаруашылық • 28 Тамыз, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталуға таяу
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында егіс алқаптарын суару үшін жоспарланған 10,1 млрд текше метр судың 9,9 млрд текше метрі алынған, қалған 200 млн текше метр су вегетация кезеңінің соңына дейін алынады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елде экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау және сана тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Тамыз, 2025
Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдаған ауқымды акция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы әзірленді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы мен тапсырмаларын іске асыру шеңберінде елімізде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Тамыз, 2025
«Қазсушардың» техника паркі 31 пайызға жаңартылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы «Қазсушар» РМК-ның техника паркін жаңарту жұмысы белсенді жүргізіліп келеді. Бүгінде жаңа құрал-жабдықтар мен автокөліктер кәсіпорынның барлық арнайы техникасының шамамен 31%-ын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Иордания экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтеді
Қазақстан мен Иордания арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, инвестициялық әріптестікті және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады. Кездесуде тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, IT және цифрландыру, көлік логистикасы, туризм, сондай-ақ гуманитарлық және білім беру салалары бойынша өзекті тақырыптарды қарастырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 27 Тамыз, 2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалу себебін түсіндірді
29 тамызда, Ұлттық банк қазіргі уақытта 16,5% құрайтын базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Биыл инфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, реттеуші монетарлық саясатты қатаңдатқан: наурызда мөлшерлеме 15,25% -дан 16,5% -ға дейін өсті, содан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Тамыз, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Тамыз, 2025
Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жел күшейіп, күн күркірейді, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 26 Тамыз, 2025
Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты.
Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді
Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апталық кеңес өтті. Онда 2025–2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру мақсатында жаңа өнімдер бойынша келісімшарттар жасасу барысы және соңғы аптадағы баға өзгерістері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2025
Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Жаңа зауыт 150 мың тонна жүгері өңдейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Тамыз, 2025
Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады
Синоптиктер 26 тамызда Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста қатты аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2025
Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді
Турнир 29-31 тамыз аралығында «Шабыт» жазғы амфитеатр маңында арнайы дайындалған трассаларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Еңбек министрлігі жұмыссыздарға халық санағына байланысты жұмыс ұсынады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркеуде тұрған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде SMS-хабарлама жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Тамыз, 2025
Халықаралық агенттік Қазақстанның кредиттік болашағын бағалады
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанға қатысты болжамын «тұрақтыдан» «жайлыға» өзгертті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 23 Тамыз, 2025
Ақтауда газ құю станцияларындағы кезектің себебі түсіндірілді
Ақтауда автогаз құю станцияларында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Жағдайға байланысты қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Алматыда Human Capital форумы өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Алматы қаласында өткен халықаралық Human Capital forum-на қатысты, деп жазады Egemen.kz.