от
Елорда • 12 Желтоқсан, 2024
Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады
Астана қаласы әкімдігі желтоқсанның екінші онкүндігіндеқысқы серуенге арналған 60-қа жуық аймақ ашылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2024
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев AIem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 10 Желтоқсан, 2024
АBAI UNIVERSITY: Лотарингия университетінің филиалы ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Бұл жобаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті
Тәуелсіздік күніне арналған турнирді Жоғарғы Соттың Судьялар одағының филиалы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
Бір күнде берілген бірегей мүмкіндік: «Ипотека DAY» Астанада қалай өтті
«Отбасы банк» Астанада бірегей іс-шара өткізді. Банк, нақтырақ айтқанда, Астанадағы іргелі Конгресс-холға елдегі ірі 17 құрылыс компаниясының сату бөлімін шақырып, екінші жағына банктің мамандарын отырғызып, халыққа кеңес беретін бірегей мүмкіндік жасаған. Яғни, азаматтар бұрынғыдай баспана алу үшін банктің табалдырығын күнде тоздырып, құрылыс компанияларының сату бөлімін іздеп жүрмейді. «Ипотека DAY» іс-шарасының басты ерекшелігі де осы – салымшыларға өте ыңғайлылығында.
Жемқорлық • 07 Желтоқсан, 2024
Қостанайда әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы сотталды
Қостанайда әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы басшысы 11 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы облыс соттарының бірыңғай баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2024
Ақтөбедегі спорт мектебі оқушысының өліміне қатысты сот шешімі шықты
Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінің 8-сынып оқушысының өліміне қатысты іс бойынша оқушы мен студентке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
БҚО тұрғыны анасының үйі мен жерін тартып алған
Батыс Қазақстан облысында сот 76 жастағы азаматша Т.-ның тұрғын үйі мен жер учаскесін сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп танып, оның құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024
Сот жүйесіндегі реформаларды жалғастыру мерзімі ұзартылуы мүмкін
Жоғарғы Сотта Сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру жобасының Үйлестіру комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 12-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2024
Сот талап қоюшының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді
Сот Атырау облысы тұрғынының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады
2019 жылы 9 жастағы ұлына алимент төлеуге міндетті болған семейлік пен жеке сот орындаушының заңсыз әрекеті анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Қараша, 2024
Жоғарғы Сот еңбек даулары мен мұрагерлік жөніндегі құқық қолдануды түсіндірді
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 28 Қараша, 2024
Іле-Алатау паркінде тауешкілер фототұзаққа ілінді
Аталған паркте сібір тауешкісі және жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Ташкентте үш азамат банкомат арқылы жалған долларды айырбастаған
Өзбекстан астанасында банкомат арқылы жалған банкноттарды айырбастады деген күдікпен үш азамат ұсталған. Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, олар 28 жалған 50 долларлық банкнотпен операция жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Қазақстан делегациясы Үндістандағы Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан делегациясы Үндістанда өтіп жатқан Еуразиялық топтың қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі (ЕАТ) пленарлық апталығына қатысып жатыр. Бұл шара ұйымның 20 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Шымкентте ломбардты тонамақ болған қылмыскер сотталды
Шымкентте бетперде киіп, ломбард қызметкеріне ойыншық тапанша кезеніп, 100 мың теңге талап еткен қылмыскерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қараша, 2024
Борышкерлер шетелге шыға алмайды
Сот әкімшілігінде борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына байланысты түйткілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.
Жануарлар • 26 Қараша, 2024
Қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа ілінді
«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркіндегі фототұзақ сирек кездесетін жануарларды жақыннан түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Түркістан облысының бас ветеринары сотталды
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б.Бегманов сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 25 Қараша, 2024
Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 25 Қараша, 2024
Электронды білезіктер жиі қолданыла бастады - Жоғарғы Сот
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдарды соттардың қарауы мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Қараша, 2024
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
Көкшетау қаласының тұрғыны сот арқылы алаяқтарға аударған 1 миллион теңгесін қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2024
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Маңғыстау облысында шенеунік жетім балаларға қатысты міндеттерін адал орындамағаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2024
Түркістан облысында әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің соты ашық өтеді
Түркістан облыстық соты қанды қылмысқа қатысты сот процесі ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 23 Қараша, 2024
Алматы облысында ер адам сүйіктісіне бензин шашып, өртеп жіберген
Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам бірге тұрып жатқан әйелін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 22 Қараша, 2024
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Сайрам ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары толыға түсті. Бүгін ауданға қарасты Қарасу ауылында «Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» ашылды.
Заң • 22 Қараша, 2024
Қылмыстық сот төрелігі бойынша форум өтті
Астанада Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы ұйымдастырған Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша IX сарапшылық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.