Алматы
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматы әуежайы халықаралық хабқа айналады
Елімізге табан тіреген туристер үшін Алматы Қазақстанның әуе қақпасы. Мемлекеттің бет-бейнесін танытатын шаһардағы әуе саласының әлеуетін уақыт талабына сай жетілдіру маңызды міндет. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының президенті Гокер Косе мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің кездесуі барысында айтылды.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматыда Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті. Жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыс зардабын тартып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
Мемлекет бизнеске кедергі емес, қолдау көрсетуі тиіс - депутат
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобасын жүзеге асырған шетелдік инвестордың құқықтарының бұзылуына қатысты мәселені көтеріп, бұл жағдайды Үкімет деңгейінде қарастыруды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Алматы облысы Қытаймен ынтымақтастықты нығайтып келеді
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Алматы • 18 Ақпан, 2025
Алматыда 70 сейсмикалық станция орнатылады
Алматы қаласының әкімі Қытайға ресми сапары барысында ҚХР Жер сілкіністері агенттігінің президенті Ван Куньмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Ақпан, 2025
Сауық Жақанова туралы «Сахара сандуғашы» кітабы жарық көрді
Алматыда Ұлттық кітапханада қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2025
Алматылық полицейлер күдіктіні ұрып-соғып қылмысты мойындатпақ болған
Алматылық екі полицей күдіктіге ұрлық фактісін азаптап мойындатпақ болғаны үшін сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Алматы облысы 270 мың тонна жүгері жинады
Өткен жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 16 Ақпан, 2025
CFO Summit 2025 - «Қазақстандық арман қандай?»
5 наурызда The Ritz-Carlton, Almaty қаласында көптен күткен 12-ші CFO Summit - Қазақстанның қаржы директорлары, топ-менеджерлері және бизнес-қоғамдастық көшбасшылары үшін маңызды оқиға өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 16 Ақпан, 2025
Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді
Алматы қаласының мәдениет басқармасы зообақтың қазіргі орнында қала беретінін және оның басқа қалаға көшірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Ақпан, 2025
Алматылық өнертапқыш мүгедектігі бар жандарға арналған экзоскелет жасады
Алматы тұрғыны соңғы 13 жыл бойы оңалтуға арналған инновациялық тренажерлар жасап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырған
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2025
Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды
Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмағандардың 1,9 миллион есептік жазбасын жойды
Бүгінде өзекті сипатқа ие болған Қауіпсіз интернет күні қарсаңында TikTok өкілдері отандық журналистермен кездесіп, 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғандықтан жойылған контент санын жариялады. Қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші платформа қолданушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне баулитын әрі қазақ тілді аудиторияға бағытталған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосқанын мәлімдеді.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Ғалым-композитор Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы өтті
Алматыда Қазақ ұлттық мемлекеттік қыздар университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды
ШҚО полициясы осы жылы қылмыстық жауапкершіліктен қашып, бой тасалап жүрген 5 адамды қолға түсірген. Оның екеуі бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Биылғы жылдың 28 қаңтарында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2025
Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Алматы облысының Райымбек ауданында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 10 Ақпан, 2025
1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды
Балқаш – Алматы бағытындағы жаңа пойыз екі қала арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2025
Алматы облысында мешіт отқа оранды
Оқиға Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылында болған. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпып, ғимарат ішіндегі жиһаз бен шаруашылық заттары жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2025
Алматыда өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2025
Алматы облысында көлік өртенді
Алматы облысы Жандосов ауылындағы Райымбек көшесі бойында жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Ақпан, 2025
Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ашылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қытай ғылым академиясы (СAS, Қытай), Чжэцзян технологиялық университеті (ZJUT), сондай-ақ ҚХР-дың жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірлесіп, Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды
Мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханасына сол жақ аяғының критикалық ишемиясына шалдыққан науқас шұғыл жеткізілді. Мамандар оны тексерген кезде сыртқы мықын артериясына ұласатын жалпы мықын артериясы субокклюзиясына душар болғанын анықтайды, демек бұл тіндердегі қан айналымы әбден зақымданды деген сөз. Мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, өйткені, дер кезінде көрсетілмеген көмек науқастың аяғынан айрылуына себеп болатын еді.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
«Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды
Алматы облысында «Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2025
Алматыда заманауи Оқушылар үйі салынды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында бассейні бар, жаңа Оқушылар үйі салынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Ақпан, 2025
Көрнекті мемлекет қайраткеріне мемориалдық тақта орнатылды
Ақпанның аязды күнінде Алматыдағы П.Чайковский көшесіндегі 178 үйге қаланың байырғы зиялылары, мегаполис медицинасының қазіргі тұлғалары көптеп жиналды. Олардың арасында алды тоқсанға тақаған, кейінгілерінің өзі сексеннің сеңгіріне шыққан отандық денсаулық сақтау саласының аяулы ардагерлері де бар, бұл кісілердің барлығы да кешегі Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзекен Құсымжановтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуына жиналған еді.
Алматы • 05 Ақпан, 2025
Мемлекеттік орталық музейдің жаңа тынысы ашылды
Жылдың басы Алматыдағы қос бірдей тағылым ордасы үшін ақжолтай жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне Ұлттық мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойғаны мәлім. Осы орайда халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының бай қоры сақталған Мемлекеттік орталық музейдің өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасаған едік.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолының 102-ші шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 03 Ақпан, 2025
Сегіз су қоймасы мемлекетке қайтарылды
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 8 су қоймасы мемлекеттің меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.