H
Заң • 05 Қыркүйек, 2025
Блогер Жанәбілов сотқа тартылды
Бүгін Астанада лотерея операторы емес тұлға арқылы лотерейлік қызметпен айналысу фактісі бойынша блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде IT саласы тұрақты дамып келеді
Елімізде IT саласы тұрақты түрде өсіп, IT-компаниялар саны 18 мыңнан асқан. Кейінгі үш жылда өсім 16%-ды құраған. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болып отыр. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетіп, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев China National Petroleum Coprporation директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдау барысында компанияның Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Алматыда Human Capital форумы өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Алматы қаласында өткен халықаралық Human Capital forum-на қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Қазақстанда шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салына ма?
Цифрлық даму министрлігі қоғамда таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Қазақстандық бадминтоншылар халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды
JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде отандастарымыз Дмитрий Панарин мен Махсут Тәжібуллаев ерлер арасындағы жұптық сында жүлдеге таласты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
The World Games-2025 жарысына елімізден 33 спортшы қатысады
Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен The World Games – Дүниежүзілік спорт ойындары өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Тамыз, 2025
Ел оқушылары халықаралық робототехника чемпионатына қатысады
7–10 тамыз аралығында мектеп оқушылары арасындағы ең ауқымды – FIRST LEGO League Asia Open Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтеді. Қытайдың Макао қаласында ұйымдастырылатын білім бәсекесіне әлем елдерінен 500 команда қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 04 Тамыз, 2025
Он сегіз жылда 3 миллиард iPhone сатылған
Apple компаниясы 2007 жылдан бері дүние жүзінде 3 миллиард iPhone сатылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Түркиялық компания Астанада зауыт салады
Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
«Auyl sport – 2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
Қырғызстанда 2008–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық волейбол турнирінде Қазақстанның атынан қатысқан ауылдық командалар ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңіс - «AUYL SPORT» жобасының жемісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 22 Шілде, 2025
Fitch Отбасы банк рейтингін BBB деңгейінде растады
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болатын Отбасы банкінің ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты», деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 21 Шілде, 2025
ОПЕК бас хатшысы Астанаға келеді
ОПЕК ұйымының бас хатшысы Хайтам әл-Гайс 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында өтетін Kazakhstan Energy Week – 2025 еуразиялық форумына қатысу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы форумның ұйымдастырушылары ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Шілде, 2025
Тегін үйірмелерге жолдама беретін жүйе жаңартылды
Астанада балаларға арналған ваучерлік қаржыландыру жүйесін әділ әрі ашық жүргізуге бағытталған QOSYMSHA.KZ жаңа цифрлық платформасын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 18 Шілде, 2025
Еліміздің IT бренді түркі дүниесін топтастырды
Бакуде өткен Technoxian Azerbaijan халықаралық чемпионаты аясында еліміздің «Robotek Grand Tournament» жобасы ресми түрде таныстырылды. Роботтар шайқасы мен дрон жарыстарын қамтыған бұл алаң – дәстүрлі түрде инженерлік ойлау мен техникалық шығармашылықтың ең жоғары деңгейін көрсететін беделді дода. Биылғы жарысқа Әзербайжанның барлық өңірінен 120-дан астам мектеп пен жоғары оқу орнының командалары қатысып, ұлттық финал STEM-білім берудің айтарлықтай ілгері дамығанын паш етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Halyk қорының қолдауымен шетелдегі қазақ балалары Бурабайда бас қосты
2025 жылғы 9 шілдеде Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шетелде тұратын қазақ балаларына арналған «Мен Qazaqпын» атты халықаралық балалар құрылтайы өтті. Бұл ерекше шараға әлемнің жеті мемлекетінен 288 бала қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Шілде, 2025
1,5 млн-нан астам қазақстандық киберспортпен айналысады
Премьер-министр Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында топ жарды
Қазақстандық оқушылар тағы бір мәрте әлемдік білім аренасында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтатты. 5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанды. Олардың екеуі – алтын медаль иегерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Шілде, 2025
АҚШ сауда серіктестеріне кедендік баж салығын көтереді
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні берген сұхбатында, елдің негізгі сауда серіктестеріне 15 немесе 20 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Digital • 11 Шілде, 2025
Интернетсіз жұмыс істейтін Bitchat мессенджері пайда болды
Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі Джек Дарси интернетсіз жұмыс істейтін Bitchat мессенджерін іске қосты. Бұл қосымша дәстүрлі мессенджерлерден ерекшеленеді. Ол интернетке немесе ұялы байланысқа тәуелді емес. Bitchat mesh-желі технологиясын қолданады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
«Бауырына салу» картинасы Италиядағы фестивальде үздік атанды
Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына салу» фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Қуанышты хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2025
Үкіметте дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті. Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
New York Times Turning points қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді
KAZMEDIA HOLDING медиакомпаниясы мен The New York Times Licensing Group арасындағы стратегиялық әріптестік аясында «Turning Points» жаһандық сараптамалық журналы енді алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Бұл – халықаралық медиа кеңістікте еліміздің көзқарасын кеңінен танытуға жол ашатын маңызды бастама, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 19 Маусым, 2025
«Kishkentai» жобасының үлкен пайдасы
Қоғамдағы инклюзия ұғымы кейінгі жылдары күн тәртібіне жиі шыға бастады. Балаларға тең мүмкіндік жасау, ата-аналардың білім деңгейін арттыру, ерекше күтімді қажет ететін сәбилердің әлеуетін ашуға жағдай жасау – бұл тек әлеуметтік саясаттың ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің де маңызды бағытына айналып отыр. Осы ретте елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы ойыншықтар әзірлеп, оны әлеуметтік кәсіпкерлікке айналдыра білген Гүлмира Пармышева есімі жиі аталып жүр.
Президент • 19 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Stadler Kazakhstan зауытымен танысты
Президентке Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 18 Маусым, 2025
Астанада энергетика саласындағы ірі халықаралық форум өтті
2025 жылғы 17 маусымда Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігі Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форумның нәтижелерін жария етті. Бұл форум энергетика мен индустрия салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға және ашық диалог орнатуға арналған халықаралық маңызы бар алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 17 Маусым, 2025
10 сынып оқушысы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Болгарияның бас шаһары Софияда бүгін мәресіне жеткен беделді халықаралық зияткерлік сайыс – Еуропалық физика олимпиадасына (EuPhO-2025) 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан. Ел намысын қорғаған 5 оқушының барлығы жүлдегерлер қатарында тұрды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Қазақстанда көмір химия зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытайдың Shandong Energy Group Co. компаниясының басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Басқосуда энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелері, соның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу жөніндегі бірлескен жоба кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті
Елордада Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараны еліміздің Энергетика министрлігі мен «инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырып отыр. Форум «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында өткізіліп, энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы екіжақты стратегиялық бастамаларға жол ашуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.