ұшақ
Оқиға • 07 Тамыз, 2025
Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында тікұшақты іздеу жұмыстары қаншалықты нәтижелі жүзеге асырылып жатқаны сұралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
Аризонада медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Әскер • 04 Тамыз, 2025
Жоғалған тікұшақты іздеу жұмысы 11 тәуліктен бері жалғасып жатыр – Қорғаныс министрлігі
11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 04 Тамыз, 2025
Такси мен әуе билеттерінің бағасы қайта қаралады
Отандастырымыз такси мен әуе компанияларының қызмет сапасына жиі шағымдана бастады. Биыл алғашқы жартыжылдықта Көлік министрлігіне және тұтынушылар құқығын қорғау органдарына 37 мыңнан астам өтініш түскен. Шағым 2021 жылғы бүкіл көрсеткіштен екі есе көп. Халықтың наразылығы бағаға ғана емес, сапаға да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Шілде, 2025
Жоғалған экипажды табу үшін бар күшімізді саламыз - Қорғаныс министрі
ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Іздестіру операциясы Сорбұлақ көлінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Шілде, 2025
Сорбұлақ аумағында жоғалған тікұшақты іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр
25 шілдеде жоспарлы ұшып өту кезінде жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағында болған адамдардың орнын анықтау мақсатында Сорбұлақ су қоймасы ауданында ауқымды іздестіру-құтқару операциясы тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025
Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025
ТЖМ құтқарушылары жоғалған тікұшақтың бөлшектерін тапты
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр
Алматы облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ 25 шілде күні күндіз радардан жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Шілде, 2025
Ресейде ұшақ апатқа ұшырады, ешкім тірі қалған жоқ
Ресей Федерациясының Амур облысында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында болған 49 адамның ешқайсысы тірі қалмады, деп жазды Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлаған
Бангладеш әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу ұшағы ел астанасы Даккадағы мектеп аумағына құлаған. Апаттан 27 адам қаза тауып, 170 адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Ұлыбританияда ұшақ апатқа ұшырады
Ұлыбританияның Саутэнд әуежайында Нидерландқа бағыт алған Beech B200 Super King Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 12 Шілде, 2025
Үндістандағы ұшақ апатына қатысты алғашқы тергеу қорытындысы жарияланды
2025 жылғы 12 маусымда Ахмадабад қаласында орын алған Air India әуе компаниясының ұшағының апатына қатысты Үндістанның Азаматтық авиация апаттарын тергеу бюросы (AAIB) алғашқы тергеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Қазақстандық дәрігерлер ұшақта жолаушыны аман алып қалды
9 шілде күні Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенеттен жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жолаушының жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ кімге тиесілі
Астана маңындағы Жоламан аэродромында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақ «Авиациялық оқу орталығының» меншігі емес. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
SCAT әуе компаниясы ескерту жасады
SCAT әуе компаниясы құстармен соқтығысу салдарынан әуе кемелерінің зақымдануына байланысты бірнеше рейстің кешігетінін және кестеде уақытша өзгерістер болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақпен толықты
Министрлік тарапынан берілген Ми-8АМТ маркалы құтқару тікұшағы департамент балансына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы шиеленіс: қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл эвакуацияланды
Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Дубайдан қазақстандық туристер мінген екі рейс Алматыға қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірқатар елдерге ұшуға тыйым салынды – Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты бірқатар елдердің аумағында ұшуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің ресми хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті
Үндістанда орын алған ауыр әуе апаты салдарынан 294 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістандағы Ахмедабад әуежайынан көтеріле салысымен апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Маусым, 2025
Мейіргер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды
Орал – Шарм-эль-Шейх рейсінде ұшақ жолаушыларының бірі кенеттен қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастаған мезетте жәрдемге мейіргер Динара Сариева келген, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Маусым, 2025
Теннеси штатында ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Теннесси штатында 20 адам отырған екі моторлы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
Технология • 05 Маусым, 2025
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт жобасы талқыланды
Шетелдік компания Түркістан облысына шамамен 290 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Компания өкілдерінің мәліметінше, инвестиция азаматтық және арнайы мақсаттағы тікұшақтар мен дрондарды өндіруге бағытталмақ. Яғни тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін жаңа зауыт ашуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 04 Маусым, 2025
Жаңа рейс демалушыларды қуантып отыр
Жазғы демалыс айларында Шарм-әл-Шейх курортты қаласына барғысы келетіндер көбейетінін ескеріп, Петропавл әуежайын басқаруға алған «Халықаралық «Қызылжар» әуежайы» ЖШС «SСAT» авиакомпаниясымен келісіп, 2-ші шілдеден бастап жолаушыларды Мысырға тура апаратын рейс ашқалы отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштеріне тиесілі патрульдік ұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі мерт болды, деп жазады Egemen.kz.