жылы
Экономика • 12 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазына» 25 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды
Бүгін Астанада өткен брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор қызметінің аралық қорытындыларын баяндап, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы есеп берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Маусым, 2025
Тазалық табалдырықтан басталады
Астана ғаламдық мөлшер мерзімінде алсақ аз уақытта елдің басты ордасы болуымен қатар жаһандық жиын, мәдени майдан ошағына айналды. Сондықтан Қазақстанның келбеттік көрсеткішінің таза әрі жайлы болуы – мүдделі меже. Бас шаһар бұл тұрғыда қанатын қомдап, қарқынын үдетіп келеді. Алғашқы оң нәтижелер тайға таңба басқандай айқындалып, елорда тазалығы әлемдік рейтингтер ретіне іліге бастады. Мәселен, бұған дейін «The Telegraph» басылымы әлемдегі экологиялық ең таза қалалардың тізімін тізбектегенде Астана озық отыздың қатарынан табылды. Мұндай биік белестер қарапайым қадамдар мен жұмысшы мамандардың маңдай терімен байланысып жатқаны сөзсіз.
Заң • 09 Маусым, 2025
Шекарадан жалған ақша өткізген күдікті Грузияда қолға түсті
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, ҚР Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы жалған банкноттарды өткізіп, сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында ел азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
Павлодар облысында «Innovation» республикалық хакатоны өтті
Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Innovation» республикалық хакатоны өз жұмысын бастады. Ауқымды цифрлық додада 17 өңірден келген жүзге жуық студент жаңа IT-өнімдерді жасап, кәсіби дағдыларын көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Мамыр, 2025
Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр
Алдағы 2024–2025 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында Ақмола облысында 27,8 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр.
Мектеп • 23 Мамыр, 2025
Ғани Бейсембаев оқу жылын қорытындылады
Бүгін еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. 2024-2025 оқу жылын сала министрі қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Мамыр, 2025
«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр
Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 16 Мамыр, 2025
Қазақстан оқушылары биыл 362 медаль олжалаған
2024-2025 оқу жылында дарынды балалар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль, оның ішінде 41 алтын олжалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
«Шұбаркөл көмір» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады
Қазақстандағы коммуналдық-тұрмыстық көмір қажеттілігінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған «Шұбаркөл көмір» АҚ 2024/2025 жылғы жылыту маусымын сәтті аяқтады. Кәсіпорын тұтынушылардан түскен барлық тапсырысты толық орындап, маусым барысында көмір тапшылығы мен негізсіз қарбаластарға жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Мамыр, 2025
«Елорда жастары» бағдарламасымен үйлі болудың жолы қандай
Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 29 Сәуір, 2025
Меккеге визасыз кіргендерге айыппұл салынады
2025 жылғы қажылық маусымына байланысты Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап Мекке және Медина қалаларына кіруге жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы • 16 Сәуір, 2025
Микрошөп өсіретін вертикалды жылыжай іске қосылды
Былтыр Алматы қаласының индустриалды аймағында салат, руккола, базилик және басқа да көк шөп түрлерін өсіруге арналған инновациялық кешен іске қосылған болатын. Биыл жылыжайдың өндірістік көлемі артып, жаңа циклдар іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы жарияланды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде энергетика саласын дамыту шаралары жүзеге асырылып келеді. Аталған тапсырманы орындау аясында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды, сондай-ақ инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 12 Сәуір, 2025
Алматыда «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында WorldSkills Almaty-2025 кәсіби шеберлік бойынша X өңірлік чемпионаты өтіп жатыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 08 Сәуір, 2025
Ақмола жастары білімін сарапқа салып жатыр
Бүгін Ақмола облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WorldSkills өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Сәуір, 2025
Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия ұйымдастырылды. Онда колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысып, өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Бейнеулік жиһанкез түркі елдерін велосипедпен араламақ
Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Алматы • 07 Сәуір, 2025
Алматыда 10 сәуірден бастап жылыту маусымы тоқтатылады
Алматыда жылыту маусымы аяқталуға жақын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Сәуір, 2025
Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 01 Сәуір, 2025
2025 жыл - Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы осы жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді
5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Жем өзенінің арнасы кеңейтілді
Атырау облысындағы Жем өзенінің түбі 2-2,5 метрге тереңдетіліп, ал ені 50 метрге кеңейтілді. Бұл туралы аймақтың ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2025
Әйелдер түрлі салада табысты еңбек етіп жүр - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында әйелдердің лауазымды қызметтерді жауапкершілікпен атқарып жүргенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Қаржы пирамидасы халықтың қалтасын қағып тұр
Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер қарапайым халықтың қалтасын қағып жүр. Әсіресе жылдар бойы жалғасып келе жатқан қаржылық пирамидалардың қақпанына түсетіндер әлі де азаяр емес. Осы жылдың алғашқы екі айының өзінде құзырлы органдар өңірде төрт қылмыстық іс тіркепті. Оның дені қаржылық пирамиданы заңға қайшы жарнамалау дерегі бойынша, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары елге экстрадицияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Садвақасов Т.Х.-ны Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Ақпан, 2025
Кәсіптік-техникалық білім алушылар мен кәсіпорын өкілдері бас қосты
Ақтөбеде 21 кәсіпорын өкілдері, 40 техникалық– кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысуымен «Кәсіби ашық алаң» көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Ақпан, 2025
«Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда алғаш рет «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қарағанды облысының Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған.