жаз
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Жетісуда қаламгер есімі ұлықталды
Жетісу облысында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында ұйымдастырылған мерейтойлық шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар мен қаламгерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2025
Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2025
Биылғы жазда күн райы қандай болады
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жаз айларына арналған ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
«Қазпоштада» жазылушы күні өтті
Ақпарат ағынының қарқынды жылдамдығына қарамастан, баспасөздің мән-маңызы жоғалған емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында: «Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді», деп шегелеп берген болатын. Осыған орай Астана қаласындағы «Қазпошта» филиалында 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жазылу науқанының басталуына байланысты «Жазылушы күні» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жиын республикалық және өңірлік басылым өкілдерінің, жазылушылардың, пошта қызметкерлері мен елорда тұрғындарының басын біріктірді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Шұңқырға құлаған баланың өліміне кінәлі шенеуніктер жазаланды
Шымкентте Тұран-1 шағынауданында шұңқырға құлап, суға тұншығып өлген 7 жасар баланың өлімінен кейін Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов орнынан босатылды. Оның орнына 35 жастағы Алмас Абаев әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Алатаудың етегін тең жайлаған қазақ пен қырғыздың түп тамыры мен тарихы, мәдениеті де бір-бірінен алыс емес. Ал осы екі халықтың әдебиетін биікке көтерген тұлғалар да өзара сыйласып, дос-жар болып, шығармашылық байланыстың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл сөзімізге Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың салған дара жолы дәлел бола алады.
Қылмыс • 22 Сәуір, 2025
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы сотталды
Ақтөбе қаласының №2 соты үлескерлерді алдау жолымен 421 млн 955 мың теңге жымқырған «Тұрғын үй-құрылыс» кооперативінің төрағасын алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Белгілі жазушы Әкім Тарази өмірден өтті
Қазақстандық жазушы, драматург, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабар туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Жеңіс күні қарсаңында «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімі өтті
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Қазақстан мектептерінде оқу жылы қашан аяқталады?
Бүгін, 1 сәуірде Қазақстан мектептерінде 2024-2025 оқу жылының төртінші тоқсаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 20 Наурыз, 2025
19 ақпанда басталған «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы ат басын тіреді.
Саясат • 19 Наурыз, 2025
Мемлекеттік қызметті дамытудың перспективалары талқыланды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Сервистік және клиентке бағдарланған қағидаттар негізінде мемлекеттік қызметті дамытудың болашақтағы мүмкіндіктері» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 13 Наурыз, 2025
Қазақ тілі интернет тіліне айналса игі
Бүгінде тілді заман тынысына сай дамытудың бір ұшы ана тіліміздің ғаламтордағы айдынын кеңейтуге байланады. Тұрмысымызбен тұтасып кеткен интернетте қазақ тілінің көсегесін көгерту - оны ғылым тіліне айналдыру салмағымен шамалас. Онлайн оқу оң бағыт алған тұста ондағы ақпараттың анық, мазмұнды әрі сауатты болуы қолданушы тілін тазартпай тұрмайды. Ана тіліміздің заманауи қолданысқа сай мәртебесін көтеруді көздесек интернеттегі қазақ тілінің тегеурінін күшейту туралы айтудың өзі артық. Ал интернеттен ақпарат іздесек, алдымен, алдымызға Wikipedia сайтының дерегі ұсынылады. Уикипедия – әлем тілдерінің ғаламтордағы төлқұжаты. Осы кеңістіктегі қазақ тілінің үлесін тек тіл мамандары ғана емес қарапайым қолданушылар да толтыруға қауқарлы, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Қазақ әйелдерінің тұрмыс-тіршілігі шетел архивтерінде
Соңғы жылдары ғалымдардың, зерттеушілердің табанды еңбегінің нәтижесінде шетел архивтерінде сақталған қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген деректер елге жеткізілді. Әйелдер мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізіп, құжаттардың бір парасымен көрме аясында ғылыми ортаға таныстырды.
Әдебиет • 03 Наурыз, 2025
Бүгін халықаралық жазушылар күні
Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Ақпан, 2025
Жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды
Астанадағы Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды
Баянауыл аудандық соты Павлодар облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы қос қызметкеріне жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті
Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Ақпан, 2025
Есірткі ісімен түрмеде отырғандар жаңа заңға сәйкес жазасын жеңілдете алады
Елімізде есірткі таратушыларға қатысты заңға бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 02 Ақпан, 2025
Оралда есірткі саудасы бейнежазбаға түсіп қалды
Оралда 20 жастағы жігіт ұсталды, оның қалтасынан есірткі заты табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткен жылды қорытындылады
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысын өткізді. Оған ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Бақытжан Сариев, Президент Әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, Парламент депутаттары, Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабы, қоғамдық ұйым өкілдері, Агенттік жанындағы алқалы органдардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2025
Жазушылар одағының Астанадағы филиалына жаңа басшы келді
Жазушылар одағының Астанадағы филиалына директор болып белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы бекітілді. Жаңа басшыны елордалық қаламгерлерге Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қаңтар, 2025
Қытайда өлім жазасына кесілген екі адамға үкім орындалды
Қытайда 43 адамды өлтірген екі қылмыскер өлім жазасына кесілді. Үкім бүгін орындалы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Желтоқсан, 2024
Астанада дүкеннен күрте ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды
Астанада спорт дүкенінің бірінен күрте ұрлаған жігіт анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Сенаторлар есірткі саудасына қарсы заңды мақұлдады
Бүгін Сенатта өткен Палата отырысында сенаторлар депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарап, мақұлдады. Онда бірқатар маңызды нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Желтоқсан, 2024
Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді
Қытайда ақша жымқырып, пара алғаны дәлелденген шенеунік Ли Цзяньпинге қатысты өлім жазасы туралы сот үкімі орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Бүгін Алматы қаласында қазақ қаламгерлерінің қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Желтоқсан, 2024
Жазушылар одағының 90 жылдығына орай салтанатты жиын өтті
Бүгін Алматы қаласында қазақ қаламгерлерінің қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2024
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Әдеби сайысты «AMANAT» партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Желтоқсан, 2024
Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартылып жатыр
Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.