Жұмыс
Елорда • 06 Қараша, 2025
Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеуге жаңа қызметкерлер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz CTS компаниясына сілтеме жасап.
Экономика • 05 Қараша, 2025
Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек, өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттелген. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5%-ын құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов сол 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын тарқата айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
5 қарашада қай тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысындағы екі жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Қараша, 2025
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Елордада 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Шетелге жұмысқа баратындар азайған
Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың саны 156 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
Өнеркәсіп қызметкерлері «Наурыз жұмыскер» игілігін көрді
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 1 990 азамат баспаналы болды. Олардың барлығы – жұмысшы мамандық иелері, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
Елімізде 1 қарашадан қандай өзгерістер болады?
2025 жылдың 1 қарашасынан бастап елімізде тұрғын үй, көші-қон саласына қатысты маңызды бағдарламалар басталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 9500 шақырымы түрлі жөндеумен қамтылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз конференциясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
БҚО-да 100 км-ден астам ирригациялық канал тазартылған
Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірдегі ұзындығы 100 км-ден астам каналды тазалаған, жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым канал тазартылады. Аталған кәсіпорынның жұмыс туралы есебін сала министрі Нұржан Нұржігітов тыңдады.деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 29 Қазан, 2025
Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Қазақстанда археологиялық жұмыстардың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады
Бүгін Мәжілісте тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану мәселелерін қамтитын заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген археологиялық қызметті реттеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бастамасымен дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 666 шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 28 Қазан, 2025
Биыл «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейтін тау-кен шебері Айбар Айдарұлы болатын.
Экономика • 23 Қазан, 2025
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі
2026 жылдан іске асырылатын бұл норма жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын курьерлерді, такси жүргізушілерін, қолөнершілерді және басқа да мамандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Игі іс ауданның туризм әлеуетін арттыру мен ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін қолға алынған кешенді шараның бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2025
Елімізде бос жұмыс орындарының саны артып келеді
Қазақстанда жалақы деңгейі тұрақты өсіп келеді. Бұл ел экономикасының белсенді дамып жатқанын және халықтың өмір сүру деңгейінің біртіндеп артып отырғанын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 17 Қазан, 2025
«Алматы Тазалық» жұмысшыларының жалақысы өсті
Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, қызметкерлердің еңбек жағдайымен, коммуналдық техника паркінің жаңғыртылу барысымен және қысқы маусым алдындағы қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуын қарап шықты. Дәл осы күндері «Алматы Тазалық» қызметкерлерінің саны екі есе көбейіп, жалақысы 55%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 15 Қазан, 2025
Жұмысынан айырылған 240,5 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы көлемі артып отыр. 2025 жылғы 1 қазанға дейін МӘСҚ есебінен 285,2 мың адам жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Барлық төлемдердің жиынтық мөлшері 95 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz,
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталуға жақын
Аталған жұмыс – 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл су қоймасы – Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданы аумағында, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қазан, 2025
Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды
«Almaty Business–2025» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Бір палаталы Парламентке өтуді мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет - Тоқаев
Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйлеп, атқарылып жатқан саяси жаңғырудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Бір палаталы Парламентке өту халықаралық үрдіске толық сай келеді - Президент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 14 Қазан, 2025
Елімізде биыл 600 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылғы 1 қазанға дейінгі деректерге сүйенсек, елімізде 607,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 269,1 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Жезқазғанда жұмысшыны топырақ басып, мерт болған
Қайғылы-жазатайым оқиға – аталған қалада 8 қазанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Енді Қазақстан азаматтары Қатарда ресми түрде жұмысқа орналаса алады
Бүгін Сенат депутаттары «Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz. https://kaz.inform.kz/news/katarga-zhumiska-bargan-kazakstandiktardin-kukiktari-korgaladi-zan-509914/
Заң • 09 Қазан, 2025
Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді
Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен пробация қызметінің және сотталған азаматтардың қоғамдық жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 08 Қазан, 2025
Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу жұмыстары кезінде қайда барады?
Биыл қоғамның біраз наразылығы мен түсініспеушілігін туындатқан Алматыдағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №2 Балаларды қолдау орталығының ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары жоспарланып жатқаны аян. Жаңғырту жұмыстары кезінде балалар уақытша №1 мектеп-интернатқа орналастырылатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Қазан, 2025
«Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Фурманов каналының 52 шақырымы тазартылды
Жамбыл облысындағы Фурманов айналма каналында 40 жылдан кейін механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы канал арқылы Шу өзені суы Түркістан өңіріндегі Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде каналдың 52 шақырымы тазартылған, деп жазады Egemen.kz.