Жүлде
Спорт • 06 Қыркүйек, 2024
Ерғали Шәмей Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Париж додасында Қазақстанның пара спортшысы күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2024
Паралимпиада-2024: Күміс жүлделі мерген елге оралды
Париж Жазғы Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
Олимпиада жүлдегерлерінен Covid-19 анықталды: Президентпен кездесу кейінге қалды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын қабылдау керек еді. Алайда бұл кездесу спортшылар мен бапкерлерден коронавирус инфекциясы табылғанына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Тамыз, 2024
Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ұлттық құраманың бір топ спортшысы мен бапкері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Тамыз, 2024
Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанға келді. Оны туыстары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Тамыз, 2024
Қазақстанның Франциядағы елшісі Олимпиаданың күміс жүлдегерлерін құттықтады
Қазақстанның Франциядағы елшісі Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбайды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2024
Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлде алуымен құттықтады
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Назым Қызайбайды 2024 жылы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Тамыз, 2024
Дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады (видео)
Бүгін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында отбасы, жанкүйерлер мен дзюдо федерациясы ыстық ықыласпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Шілде, 2024
Алматы оқушылары халықаралық білім бәйгесінде жүлделі болды
Қазақстанның «Sana Team» құрамасы робототехникадан Австралияда өткен Pacific Open Championship халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2024
Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Алты балуан қола жүлдегер атанды
Әйелдер күресінен (Иорданияда) Азия чемпионатында (U17) Қазақстан командасы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2024
Азия чемпионаты: Семсершілер 9 жылдан кейін қола жүлде жеңіп алды
Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында қылыш сайысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2024
Азия Кубогі: Қазақстан садақшысы «күміс» еншіледі
Сувон (Оңтүстік Корея) қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогінде Қазақстан спортшысы Ильфат Абдуллин күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 22 Мамыр, 2024
Азия чемпионаты: Ұлытаулық құтқарушы қола жүлде иеленді
Осы айдың 17-19 күндері Өзбекстанның Нүкіс қаласында таяқ тарту (масрестлинг) спортынан өткен Азия чемпионатында отандасымыз жүлделі үшінші орын тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2024
«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді
Өзбекстанда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Мамыр, 2024
Grand Slam: Бақытжан Абдурахманов қола жүлдеге қол жеткізді
Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam додасының үшінші орынға талас белдесуінде Бақытжан Абдурахманов жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2024
Азия чемпионаты: жеңіл атлетикадан күміс медаль түсті
БАӘ-нің бас қаласы Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Наурыз, 2024
Лондон олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров облыс әкіміне кеңесші болады
2012 жылы XXX Лондон олимпиадасында еркін күрестен қола медальға қол жеткізген спортшы Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Наурыз, 2024
Ақтөбелік полицей Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеушісі Ғафур Рамазанұлы Азия чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: екі қазақ спортшысы – жеңіс тұғырында
Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласындағы XI Азия чемпионатында бүгін 1 метрлік тұғырдан суға секіру бойынша жекелей сайыста Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Design Battle» байқауының жеңімпаздары анықталды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында мемлекеттік тілді дамытуға арналған мобильді қосымшалардың үздік дизайнерлерін анықтайтын «Design Battle» байқауы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: Суға секіруден қоржынға алғашқы жүлде түсті
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты басталды. Суға секіруден жүлделер сарапқа салынды. Қоржынға алғашқы жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Ақпан, 2024
Алина Ажғалиева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Польшаның Гданьск қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 1500 метр қашықтық бойынша 25 елден 48 спортшы сынға түскен сайыста Қазақстан спортшысы мәре сызығын екінші болып кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Ақпан, 2024
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер
Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-інші, жасөспірімдер арасындағы 30-ыншы, пара-спортшылар арасында 12-інші Азия чемпионаты басталды. Байрақты бəсекенің алғашқы күні қоржынға қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сүйеніп.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
Азия чемпионаты: Қоржынға екінші күміс түсті
Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында ел қоржынына екінші күміс түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Желтоқсан, 2023
«Айбоз» жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының қортындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Михаил Шайдоров халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді
Хорватияның Загреб қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қараша, 2023
Самбодан әлем чемпионаты: Қоржынға алғашқы жүлде түсті
Армения астанасы Ереванда самбодан бүгін басталған әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Волейболшылар топ жарды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында параволейболдан еліміздің командасы қүміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Қоржында - бір күміс, бір қола
Қытай шаһары Ханчжоудағы Азия пара ойындары байрақты бәсекесінде Қазақстанның пара пауерлифтингшілері қоржынға бір күміс, бір қола салды, деп жазады Egemen.kz.