Дәрі
Денсаулық • 07 Қазан, 2025
Арқалық қаласының тұрғыны ота үстелінде жан тапсырды
Арқалық ауруханасында 61 жастағы қала тұрғыны Тасболат Сақыпов ота үстінде жан тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі өскен
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кейінгі жеті жылда Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 2,8 есе өскенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 30 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы дәрігерлердің бақылауында болады
Бүгін Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч барысында тәулік бойы медициналық бақылау ұйымдастырылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы осы мақсатта стадион аумағына бес жедел жәрдем бригадасы қойылып, әрқайсысы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2025
Шымкенттік фельдшерлер үздіктер қатарынды
Ақтау қаласында халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты өтті. Үш күнге созылған додаға еліміздің 20 өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан елдерінен арнайы командалар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 18 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында елдімекенге еңбек етуге барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2025
Қостанайда «Құқықтық дәріхана» жобасы басталды
Қостанайда «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы басталды. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қолға алынған жобаны прокуратура мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыстағы департаменті ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Жыл соңына дейін 115 медициналық нысан пайдалануға беріледі
Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс. Бұл туралы Президент бүгінгі Жолдауында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2025
Күздің ең пайдалы өнімі — қырыққабат: дәрігер кеңесі
Қырыққабат күз мезгіліндегі ең пайдалы өнімдердің бірі: оның құрамындағы С дәрумені мол, ал шырыны қабынуға қарсы әсер береді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Анастасия Якимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
Ауылға келсе, қомақты қаржы алады
Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жою мақсатында кешенді жұмыс қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
Маңғыстаулық дәрігерлер Түркияда тағылымдамадан өтті
Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында маңғыстаулық дәрігерлер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
100 студент пен 50 дәрігер Түркияда тегін тағылымдамадан өтеді
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Ыстанбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Тамызда заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Үкімет дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін төмендету шараларын қабылдап жатыр
Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Стационарларда 152 полиция бекеті ашылды
Кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі жиілегенін білеміз. Содан Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 31 Шілде, 2025
Кейінгі жылдары адам жанының арашашысы ақ халаттылардың басына жиі бұлт үйіріліп жүр. Ауруханаға азаматтар ауру жанына батқан соң баратыны анық. Десе де қандай жағдайда да маманға, түптеп келгенде адамға қол көтеруге болмайтыны көпшіліктің есінен шығып кетіп жатады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Шілде, 2025
Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығына жаңа баға белгілеу ережелері қалай әсер етуі мүмкін
Дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеуге қатысты тәсілдердің қайта қаралуы фармацевтикалық нарық қатысушылары арасында қызу талқылауға себеп болды. Біз бұл тақырып аясында «Гедеон Рихтер Қазақстан» еуропалық фармацевтикалық компаниясының бас директоры Павел Хегаймен пациенттер мен нарық не күтуі мүмкін екені жөнінде әңгімелестік, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 27 Шілде, 2025
Жазда қандай су тұтыну керек - дәрігер кеңесі
Аптап ыстықта шөлді басу үшін ең тиімді сусын – кәдімгі таза су. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева шілденің шіліңгірінде ағзаны дұрыс ылғалдандырудың маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Шілде, 2025
Бас санитар дәрігер мен оның сыбайластары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев пен осы мекеменің бас маманы Жанғабаев және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазмұханбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Шілде, 2025
Бұдан былай медбикелер дәрігер міндетінің бір бөлігін өзіне алады. Осы өзгеріс медициналық көмектің қолжетімдігін, сапасын арттыруы тиіс. Себебі дәрігердің жүктемесі біршама азайған соң олар әрнеге елеңдемей, жағдайы күрделі пациенттерге жіті назар аудара алады.
Медицина • 24 Шілде, 2025
Дәрігер қабылдауына электронды жазылу айтарлықтай артқан
Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігер қабылдауына жазылу мәселесі министрліктің бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 23 Шілде, 2025
Алғыс арқалаған «алтын қолды» дәрігер еді
Дерібсалы Сексенбаев медицина ғылымдарының докторы, профессор, еліміздегі хирургия саласының алып тұлғасы, артынан талай шәкірт ергізген медицина саласында өзіндік қолтаңба қалдырған жан еді. «Алтын қолды» дәрігер жараны таңып, науқасты емдеп қана қоймайтын, ол адамға екінші өмір сыйлаған өз ісінің керемет шебері болды. Қандауырмен ота жасап талай жанды ажалдан арашалап алып қалған абзал азаматты жұрт осы күнде сағынышпен еске алады.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Енді дәрігерлерге смарт-бейнежетондар беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ауқымды шаралар кешені әзірленіп жатыр. Осыған орай Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен кеңес өтіп, сала мамандарын қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды
Сонау Сингапурдан келген турист қыз Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Сәтпаев шыңына көтерілген кезде зақым алғаны туралы Алматы қалалық құтқару қызметінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Шілде, 2025
Дәрігерге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды
2025 жылғы 17 шілдеде медицина қызметкеріне шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Қазақстандықтар қандай медициналық көмекті тегін ала алады?
Қазақстан тұрғындары медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында ала алады. Бұл тізімге нақты не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Шілде, 2025
Қостанайда дәрігерді қызмет орнында соққыға жықты
Қостанайдағы облыстық ауруханада тосын жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Қазақстандық танымал дәрігер Нина Каюпова өмірден озды
90 жасында Қазақстандағы акушерлік және гинекология саласының негізін қалаушылардың бірі, атақты дәрігер, қоғам қайраткері, академик Нина Амировна Каюпова дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді
Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Қазақстандық дәрігерлер ұшақта жолаушыны аман алып қалды
9 шілде күні Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенеттен жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жолаушының жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Шілде, 2025
Елімізде сұранысқа ие дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтары үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Аталған жұмыстың аясында министрлік «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.