Атамекен
Аймақтар • 24 Шілде, 2021
Қызылордада балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды
Қызылордада балалар үйінен жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Маусым, 2021
«Атамекен» рейтингі оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады - Олжас Ордабаев
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төртінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына рейтинг жүргізіп келеді. 2018-2020 жж. аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен үш рет жарияланды. «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен эфирде рейтинг түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
Еріктілер тобы балаларды қуантты
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 25 Тамыз, 2020
Қандастарға арналған "Атамекен" кітабы жарық көрді
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы шетелдегі этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының "Қазақстанның қасиетті жерлерімен таныстыру мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу және шығару" тармағы бойынша "Атамекен" ақпараттық-танымдық кітабын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Атырауда кәсіпкерлердің 54 пайызының табысы төмендеген
"Атамекен" ҰКП Атырау өңірлік палатасының директоры Абдулла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкердің арасында арнайы сауалнама жүргізіліпті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Елімізде өңдеуші өнеркәсіп саласында 16 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Елімізде биылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі 4,8% (5,8 трлн теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% ұлғайып, 373,1 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент • 18 Маусым, 2020
Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен бейнеконференция арқылы тілдесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режіміндегі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2020
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды
4 маусым күні Үкімет, мемлекеттік органдар өкілдері және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы өтті. Бұл туралы atameken.kz хабарлады.