ру
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке пышақсыз ота жасалды
Жезқазған медициналық орталығының базасында шеберлік сыныбы аясында өткен лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз операцияға PhD, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов жетекшілік етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2025
250 мыңнан астам адам психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген
Психологиялық қолдау орталықтары мен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 200-ден астам маман, оның ішінде педагог-психологтар біліктілігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Сәуір, 2025
Егіс науқанына жеңілдікпен несие беру 700 млрд теңгеге дейін артты
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық фермерлермен кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Сәуір, 2025
Үкіметте бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құру жолдары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Сәуір, 2025
Жас зілтеміршілер Перудегі әлем чемпионатында күш сынасады
30 сәуір мен 6 мамыр аралығында Перудің астанасы – Лимада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде Қазақстанның жеті өрені өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 04 Сәуір, 2025
Олжас Бектенов РФ Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті
Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді. Цифрландыру және жасанды интеллект, инвестициялар, инновациялық даму саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 03 Сәуір, 2025
Адамдарды өлімнен құтқарған бірнеше азамат марапатталды
Адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін бірнеше азамат марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Сәуір, 2025
Елімізде ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік бренді шығарылады
Қазақстанда Қостанайдағы Локализациялық орталық базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2025
АҚШ Ресей мен Беларуське неліктен баж салығын енгізбеді
АҚШ Ресей мен Беларусьтен импортталатын тауарларға жаңа баж салығын енгізген жоқ, өйткені бұл елдерден АҚШ-қа өнім жеткізілмейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Сәуір, 2025
Мектеп бағдарламасына агроөнеркәсіптік білімді енгізу қажет – депутат
Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы – Қазақстанның стратегиялық басымдығы екенін Мемлекет басшысы бірнеше рет атап айтқаны мәлім. Алайда, білікті кадрларсыз агро өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) өсімін қамтамасыз ету мүмкін емес. Депутаттық сауалында Қарақат Әбден аталған саладағы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанадағы 190 көшеде жол белгілері жаңартылады
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1 сәуірден бастап қаланың көше-жол желісіндегі жол белгілерін жаңарту үшін дайындық жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 02 Сәуір, 2025
Орман шаруашылығы аумақтарында зерттеу жұмыстары басталды
Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет атынан жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Сәуір, 2025
«Таза Қазақстан» акциясына 6 млн адам қатысқан
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгінде республикада материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылып жатқанын мәлімдеді. Осы орайда орман өртін сөндіру техникасы сатып алынып, өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу процесі жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 01 Сәуір, 2025
Былтыр 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операция жасалған
Жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2025
Астанада Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен конференцияға қатысты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен Американдық мемлекеттік басқару қауымдастығының (ASPA) мемлекеттік қызметшілерді тұрақтандыру және жасанды интеллект дәуірінде адами капиталды дамыту тақырыбындағы конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Елімізде автосақтандыру ережесі өзгереді
Биылғы жылдың 7 сәуірінен бастап елімізде автосақтандыру жүйесінде маңызды өзгерістер енгізіледі. «Бонус-малус» полисінің бағасына тек жол-көлік оқиғалары ғана емес, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері де әсерін тигізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 31 Наурыз, 2025
Деструктивті діни ағым өкілдерін реабилитациялау әдісі түсіндірілді
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселеріне қатысты білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты
Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Конькиші бейресми рекорд орнатты
Астанада конькимен жүгіруден VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
ШҚО-да дәрігерлерге негізсіз қаржы төленген
ШҚО-дағы Шемонайха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында облыстағы ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарды дәрігерлер толық тексермесе де төлем жасалғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2025
Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындап жатыр
ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өтетін Жеңіс шеруіне дайындыққа қызу кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Олжас Бектенов Павлодар облысындағы зауыттардың жұмысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2025
Чехиядағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болды
Прагадан шығысқа қарай 135 шақырым жерде Поличка қаласының аумағында орналасқан металл өңдеу және оқ-дәрі шығаратын зауыт қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Теңіз жаяу әскері Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысады
Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2025
Спорт саласында жаңа іріктеу жүйесі заңмен бекітіледі
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Наурыз, 2025
Ерекше балаларды қолдауға бағытталған жоба әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті, арнайы білім беруді жүйелі дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.