м
Экономика • 09 Мамыр, 2025
Қазақстан сирек және сирек жер металдарының жаһандық нарығындағы позициясын нығайтты
Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай отырып, сирек және сирек жер металдарының әлемдік нарығында негізгі ойыншы ретінде өзінің мәртебесін растайды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Мамыр, 2025
Қазақ тілінде медициналық терминдердің сөздігі әзірленеді
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық терминология комиссиясы мен Семей медицина университеті бірлесіп Республикалық терминологиялық конференция өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Владимир Путин Кемел Тоқаевты марапаттау парағын еліміздің Президентіне табыстады
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Түркістан облысында батыр қыздарға арналған ескерткіш ашылды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2025
Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірленді
AIS OIP мобильді қосымшасы арқылы азаматтар атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізе алады. Қолданбаны Google Play (Android) және App Store-дан (iOS) жүктеу болады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Қарағандыда Жеңіс күніне орай ашық аспан астандағы көрме өтті
9 мамырда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ашық аспан астындағы көрме-инсталляция өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 09 Мамыр, 2025
Қарашөкеев ардагерлерге құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің шаңырағына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
Биыл Абай облысында 5172 бала лагерьде демалады
Абай облысында балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылы бұл шаралар Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес, санитариялық талаптар, қауіпсіздік және тәрбиелік мақсаттар ескеріле отырып жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Мамыр, 2025
Kids Go Free: мектеп демалысында қайда баруға болады
Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Қызыл алаңда өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
9 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Руслан Омаров соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 09 Мамыр, 2025
Қазақстанда өсімдік майын өндіру шамамен 24%-ға артты
Май өнімдері өнеркәсібі өз позициясын нығайтып келеді. Нақтыласақ, өңдеу көлемі артып, майлы дақылдар алқабы кеңейіп, экспорттық әлеует күшейіп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Қазақстандық батырларға құрмет: Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті
Бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен ардагерлер бірлестіктері ұйымдастырған «Батырларға тағзым» атты естелік акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путин Кремльде қарсы алды
8- мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 09 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
Ақтауда түркітілдес елдер арасында тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты осы жылдың күзінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді
Бұл туралы Борт N1 Telegram арнасын,да жарияланды.
Ауа райы • 08 Мамыр, 2025
Бұршақ, жел, жаңбыр: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
9 мамыр күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Медицина • 08 Мамыр, 2025
Қазақстанда алғаш рет қашықтан роботтандырылған ісікті алып тастау операциясы жасалды
Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет Қытай Халық Республикасындағы Бейжің университетінің №1 ауруханасымен бірлесіп, Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесі арқылы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған қашықтан операция сәтті жүргізілді.
Технология • 08 Мамыр, 2025
Дрондардан тепловизорларға дейін: адам өмірін құтқаратын технологиялар
Дрондар мен тепловизорлар сияқты технологиялар Төтенше жағдайлар министрлігі жұмысының ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінгі таңда қызметтің иелігінде төтенше жағдайларды бақылау және адамдарды іздеу үшін белсенді қолданылатын 134 әртүрлі ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Алматы • 08 Мамыр, 2025
Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен Алматы қаласының Медеу ауданында бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті
Мемлекет басшысы ең алдымен Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Балалар • 08 Мамыр, 2025
Жазғы маусымда 3 миллионнан астам оқушы тынығады
Биыл жаз мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінде 3,1 миллионнан астам оқушының демалысы, сауықтырылуы және еңбекке бейімделуі ұйымдастырылады. Жоспарланған іс-шаралар балалардың белсенді демалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы Кәкімжан Қазыбаевқа неге ашуланды?
«Журналиске диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек!» Бұл аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының жүрек түбінен шыққан ашу-ызасы. Бұл сөздер Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың есімі ел ішінде ұмыт бола бастаған тұста, ешбір журналистің бұл ерлікке үн қатпағанын көріп, төзімі таусылған сәтте айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
1995 жылы Қазақстанның белгілі жазушысы әрі батыр партизаны Қасым Қайсеновке елдегі ең жоғары марапат — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл жаңалықты естігенде, темірдей төзімділігімен танылған жауынгердің көзіне жас келген еді. Ол жылады. Бірақ бұл әлсіздіктен емес, жүрегіндегі жылдар бойғы арман мен әділеттің салтанат құруынан туған көз жасы болатын, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Алматының сегіз ауданында соғыс ардагерлерінің аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпы қалалық науқан аясында ұйымдастырылған шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Оған шаһар басшысы Ерболат Досаев соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелері, қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы «Халық қаһарманы» ма? (мәселенің мәнісі)
«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Бауыржан Момышұлы» жинағында ерлігі елге аңыз болған батырдың Қызыл Армия қатарына алынып взвод, рота командирі, полк штабы басшысының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариаты нұсқаушысы қызметтерін атқарып ысылғанын баяндайды. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда қолбасшы Бауыржан сол жиған тәжірибесіне сүйеніп 316 атқыштар дивизиясының (кейінірек Панфилов атындағы 8 гвардиялык дивизия) жасақталуына белсене атсалысып, осы бөлім құрамында батальон, полк командирі, кейін дивизия командирі ретінде Мәскеу тубінде, Калинин майданында ерлігімен даңқы шығады. Батыр бабамыз соғыстан кейін де он жылдай әскери қызметте болып, Ворошилов атындағы академияны, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны аяқтап, осы әскери оқу орындарында генералдарға сабақ беріп, ұстаздық етеді.