ара
Қазақстан • 22 Сәуір, 2025
Қазақ-ауған тараптары ынтымақтастықты арттыруға ниетті
Кабулға сапары барысында Қазақстан делегациясының басшысы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмектің екінші жартысын ауған тарапына тапсырды, сондай-ақ сол елдің Премьер-министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 22 Сәуір, 2025
«Қазақ этнографиясы» – түркі рухының төрінде
Ұлт руханиятын дәріптеуге бағытталған республикалық экспедиция Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барып, тағылымды кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2025
Президент Әкім Таразидің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Белгілі жазушы Әкім Тарази өмірден өтті
Қазақстандық жазушы, драматург, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабар туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Сәуір, 2025
Қошанов: Көшбасшыларымыздың достығы қазақ-түрік қатынасын нығайтады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуштың шақыруымен Ерлан Қошанов бастаған бір топ Мәжіліс депутаты Түркия Республикасына ресми сапармен барды, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Сәуір, 2025
Үкімет басшылары екіжақты келіссөз жүргізді
Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің арасында жүргізілген келіссөз барысында екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Сәуір, 2025
Мектептерде профориентологтардың саны артады
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Әлемдік бәсекеде каратэшілер екі медаль жеңіп алды
Мысыр астанасы Каирде биылғы жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Алматы марафонында екі қатысушы көз жұмды
Бұл туралы Almaty Marathon мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Қарағандыда жоғары лауазымды полиция қызметкері қаза тапты
Қарағанды қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құсайынов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 21 Сәуір, 2025
Инженерлік турнирде Қазақстан оқушылары 6 марапат иеленді
Хьюстондағы (АҚШ) FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті. Аталған білім бәйгесіне 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2025
Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстанның иелігіне өтті
Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағалауында бірден төрт пансионат Қазақстанға ресми түрде берілді. 14 сәуірде Жогорку Кенештің халықаралық істер жөніндегі комитеті келісімнің шарттарын өзгерту туралы тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Kaktus Media-ға сілтеме жасай отырып.
Елорда • 18 Сәуір, 2025
Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі ішінара жабылады
19-25 сәуір аралығында Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Қорғаныс министрі парадқа дайындықты тексерді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық жүріп жатқан индустриалды қалашық пен далалық лагерьде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Маңғыстау көлік-логистикасының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 18 Сәуір, 2025
Жұбайлардың бірін-бірі қолдауы – өмірдің ең қымбат сыйы. Алайда ақыл-ойымен жаһанға жарық сыйласа да, бұл игілік тағдыр тақтасына түртілмей кеткен хакімдер жетерлік.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қарағанды маңындағы тас жолда екі адам қаза тапты
Сәуірдің 18-і күні таңертең Алматы-Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай ұйымдастырылған «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 16 Сәуір, 2025
Таразда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті
Тараздаға Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Менің әлемім» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 16 Сәуір, 2025
Қазақстанға эндаумент қорлар не үшін керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында эндаумент қорлардың жұмысын реттейтін «Нысаналы капитал қорлары туралы» жаңа заң бірінші оқылымда қаралады. Осы құжатты талқылап жатқан жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменовамен сұхбат ҚазАқпарат сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 16 Сәуір, 2025
Пилотсыз ұшатын аппараттарды игеру - бүгінгі күн талабы
Петропавлда дронрейсинг «IT kazrobodrone» халықаралық конкурсы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 15 Сәуір, 2025
2006 жылы Германияның Мюнстер қаласындағы Аазее атты су қоймасында таңқаларлық оқиға болды. «Музей фактов» сайтының мәліметінше, мұнда мекендейтін Петра есімді қара аққу өз түріндегі аталыққа емес, аққу пішінінде жасалған ақ катамаранға ғашық болыпты.
Қоғам • 15 Сәуір, 2025
Вице-министр қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ел азаматтарына осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 15 Сәуір, 2025
Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді
«Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында аталған мерейтойға орай Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің оркестрі Қарағандыда концерт өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Сәуір, 2025
Трамп пингвиндер мен итбалықтар мекендейтін аралдарға да салық салды
АҚШ президенті Дональд Трамп Үнді мұхитының субантарктикалық бөлігінде орналасқан, адам тұрмайтын Херд және Макдональд аралдарына 10 пайыздық тариф енгізді. Бұл туралы Axios порталы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2025
Altel мен Tele2 арабтарға сатылды
Еліміздегі ірі ұялы байланыс операторлары – Altel мен Tele2 брендтеріне иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» (МТС) компаниясы Қатардың Power International Holding (PIH) холдингіне сатылды. Бұл мәміле туралы ақпарат «Қазақтелекомның» 2024 жылғы қаржылық есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2025
Шардаралық спортшылар Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, бүкіл әлемге әйгілі болып жүрген «Шардара Армспорт» клубының спортшылары Азия құрлығындағы мықты командалардың бірі Өзбекстан елінің қол күрес құрамасына қарсы жекпе-жекте ел намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2025
Пара спортшылар 3 медаль еншіледі
Фудзиде (Жапония) пара жүзуден жарыс өтіп, оған 24 елден 250-ге жуық спортшы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Катонқарағайда тас жолдың талқаны шықты
Катонқарағай ауданында әуежай құрылысы басталғалы ауыр жүк көліктері Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы күре жолдың Кіші Нарын – Өрнек арасындағы бөлігін бүлдіріп тастады. Осы уақытқа дейін сызат түспеген асфальт опырылып кеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.