Ақ
Шахмат • 15 Сәуір, 2023
Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий 5 партияда жеңді
Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың бесінші партиясында Дин Лижэньді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Сәуір, 2023
Әлібек Қуантыров америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKBZC) мүшелерімен жыл сайынғы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси бастаған ірі америкалық компаниялардың, соның ішінде Chevron, Boeing, Citi, Pfizer және т.б. басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Сәуір, 2023
Боран және көктайғақ: ертеңге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің көптеген өңірінде қатты жел тұрып, орталық және солтүстік облыстарда боран мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2023
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының нәтижесі
9-14 сәуір аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Құрлық жарысында 22 мемлекеттің атынан 331 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2023
Bike for Peace: «Қазақстанға қараңыз – олар ядролық қарудан бас тартты!»
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко төрағасы Торе Нэрлэнд бастаған «Bike for Peace» үкіметтік емес ұйымының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Сәуір, 2023
Мәулен Әшімбаев: ТМД елдеріндегі ЖОО-ларда қазақ тілін оқытуды қолдаймыз
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 55-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының басшылары қатысты. Аталған жоғары парламентаралық алаңға Қазақстан делегациясын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 14 Сәуір, 2023
Еркін күрес: төрт қазақстандық Азия чемпионатының финалында бақ сынайды
Бүгін, 14 сәуірде еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде финалға төрт балуан жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Шенеуніктерге қазақ тілінен емтихан тапсыру міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 14 Сәуір, 2023
Қазақстанда тіркелген 428 діни миссионердің 361-і шетелдік
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде тіркелген діни миссионерлердің санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Ұшақта ауызашар уақыты қалай анықталады?
Ораза тұтушының ауыз ашу уақыты ақшам намазының уақыты, яғни күннің батуымен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 14 Сәуір, 2023
Елордадағы ақылы автотұрақтар тексеріледі
Астанадағы автотұрақ мәселесі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия назарына ілікті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 14 Сәуір, 2023
Орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы әзірленеді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды, деп хабарлайлы Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 13 Сәуір, 2023
Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Қазақстандық Болат Сақаев (79 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Қазақстан ғалымдарының жобалары бизнес өкілдеріне таныстырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» тақырыбымен ғылыми-инновациялық көрме өтті. Онда еліміздегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары әзірлеген коммерцияландыруға дайын жобалар ірі компания басшылары мен бизнес өкілдеріне таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының ІІ кезеңі басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 13 Сәуір, 2023
Парижде Қазақстандағы саяси реформалар талқыланды
Сейсенбі күні Франция астанасында «Жаңа Қазақстан: демократиялық сайлау қорытындысы бойынша жаңа көзқарас, сын-қатерлер мен перспективалар» атты сарапшылар конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Сәуір, 2023
Астана маңындағы өрт өршіп барады
Бүгін, 13 сәуірде Астана әуежайының маңында құрғақ шөп пен қамыс өртене бастады, бірнеше сағат өтсе де, тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ. Оқиға орынына Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 40 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Сәуір, 2023
Ертең бірқатар өңірде қар жауады
Қазақстандық синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Сәуір, 2023
Соңғы екі айда мемлекеттік бюджеттен 3 828 млрд теңге жұмсалды
2023 жылдың екі айында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 3 828,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Ақтау теңіз порты халықаралық мәртебесін қайтарады
ҚР ИИДМ Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру және Үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Алматыдағы автотұрақтар «Алматы паркингіне» берілетін болды
Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Әскери борышын өтеген сарбаздар үйіне қайтты
Қазақстан Қарулы Күштерінің дәстүрі бойынша, Сарыөзек гарнизонының шабуылдау бригадасында белгіленген қызметін абыроймен өтеген 200-ден аса сарбазды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2023
Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі
Қарағанды облысына қарасты бірнеше ауыл мен елді мекенге қазақша атау беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Сәуір, 2023
Қазақстан Армениямен экономикалық байланыстарды дамытуға басымдық береді
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Арменпресс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2023
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді
Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен соң Қытай аумағында 30 күнге дейін визасыз бола алады. Мұндай ереже Қытай Халық Республикасының азаматтарына да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2023
Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тергеу басталды
Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Сәуір, 2023
Жәмила Бақбергенова күрестен Азия чемпионы атанды
Бүгін Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 12 Сәуір, 2023
Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады
Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады. Бұл туралы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 12 Сәуір, 2023
Пітір мен підия. Рамазан айында берілетін садақалар қандай?
2023 жылғы пітір садақа сомасы – 535 теңге, ал підия мөлшері – 3 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 12 Сәуір, 2023
Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді
Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz