е
Есірткі • 26 Маусым, 2025
Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады
Бас прокуратурада «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орайластырылған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қырғызстан Қазақстанға тұрақты әуе рейстерін іске қосады
2025 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Қырғызстандық жаңа «Asman Airlines» авиакомпаниясы кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Парықсыз пранк шеңберден шығып барады
Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолардың жиі таралуы алаңдатады. Әзілдегеннің жөні осы екен деп, әлеуметтік желілерде жосықсыз ойын, қауіпті трюктер ұйымдастырып жүргендер кейде жауапкершіліктің бар-жоғын ұмытып кетіп жатады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 26 Маусым, 2025
ІІМ-де журналистерге арналған баспасөз туры өтті
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Ішкі істер министрлігінде журналистерге арналған ведомствоның цифрлық шешімдеріне қатысты баспасөз туры өтті. Тәртіп сақшылары БАҚ өкілдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысын бақылауды жетілдіруге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобаларын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Маусым, 2025
ҰБТ-дан шекті ұпай жинаған түлек автокөлікке ие болды
Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) ең жоғары 140 балл жинаған астаналық оқушы Жанайым Рашитке жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2025
Әскери спортшылар жаһандық додада екі жүлде жеңіп алды
Германияның Варендорф қаласында әскери қызметшілер арасында дзюдодан CISM әлем чемпионаты басталып, алғашқы күні Қазақстанның армия спортшылары екі қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Маусым, 2025
Президент Минск қаласына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Маусым, 2025
Президент орман шаруашылығы туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
Темір Құсайынды туған жері еске алды
Баспасөз күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылында жерлестері танымал тілші, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері Темір Құсайынды еске алды. Алма Оразбаева атындағы мектеп ғимаратында өткен кездесуге Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Темір Құсайынның бауырлары Мирлан Нағымұлы, Нұрлан Нағымұлы, ұлы Қуаныш, жергілікті зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
БҚО тілшілері тапанша атып жарысты
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды
Семей қаласында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жергілікті тұрғынды қайталанған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ер адам куәгерлердің көзінше маршрут жүргізушісін балағаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Отандық режиссер Аустрияға шақырылды
«Астана Опера» режиссері Еренбақ Тойкенов 2 шілдеден 31 тамызға дейін опера өнері әлеміндегі жетекші халықаралық жобалардың бірі – Аустриядағы Вена опералық фестиваліне шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
БАҚ өкілдеріне «ŪLAR» сыйлығы табыс етілді
Журналистер мерекесі қарсаңында Ұлытау облысында өңір басшысының бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «ŪLAR» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Ұлттық музейде литваның әйгілі суретші-композиторы Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Қайталанбас туындылары арқылы көрермендерді рухани саяхатқа жетелеген көрме шынында да қызығушылық тудырады.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 26 Маусым, 2025
Енді телефон сәйкестігін тексеру қызметі нарыққа ашық болады
Елімізде телефон құрылғыларын верификациялау қызметін бірнеше жеке компания атқаратын болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 26 Маусым, 2025
ШҚО-да журналистер марапатталды
Шығыс Қазақстан облысында Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған журналистер форумы өтті. Қоғам мен мемлекеттің арасын жалғайтын, ақпарат майданында алдыңғы шепте жүрген қалам иелерінің еңбегі осы күні ерекше бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Руслан Берденов «Respublica» партиясының тең төрағасы қызметінен кетті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов енді «Respublica» партиясының тең төрағасы қызметін атқармайды. Ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Маусым, 2025
26 маусым күні Астана уақытымен 06:48-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,2 балл, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
Қызылордада «Көкарал» бөгеті қалпына келтіріліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Арал ауданындағы «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Маусым, 2025
Бүгін бірнеше өңірде қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Синоптиктер 26 маусым, бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде найзағай ойнап, бұрқасын болып, кей өңірлерде ыстық ауа райы сақталатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2025
Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін
Индонезияның Бали аралында сәуір айында ұсталған азаматтардан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген. Қазір бұл іске байланысты Индонезияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Маусым, 2025
Астана мен Алматының айырбастау пункттері валюталарды сатып алу-сату бойынша доллар, еуро және рубльдің орташа сараланған бағамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Маусым, 2025
Жезқазған қаласының жылу желілерін жаңғыртуға қаржы бөлінді
Қазақстан Үкіметі Жезқазған қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына қосымша 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаржы жобаның үшінші іске қосу кешенінің екінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 25 Маусым, 2025
Заманауи сөз тіркестері зерттелді
LiveDune әлеуметтік желілерді талдау және басқару қызметі Instagram және Facebook желілеріндегі жазбаларға жазылған 200 000-нан астам пікірді зерттей келе «Базар жоқ» сөз тіркесі жиі қолданылғанын айтады. Осылайша бұл сөз тіркесі жыл сленгі аталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Маусым, 2025
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Маусым, 2025
Каспий теңізінің жағалауында мобильді бекеттер орнатылды
Шомылу маусымы қарсаңында Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауындағы танымал демалыс аймақтарындағы акваторияның түбіне зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 25 Маусым, 2025
Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2025-2026 жылғы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.