у
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматыда заманауи бейнекамералар орнатылады
Алматыда жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен сараптама жасайтын жүйелер қарқынды түрде дамып келеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін жақсарта түсетін жұмыстар туралы Алматы қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дюсюков мәлімдеді.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті
Ақмола облысында мектеп автобусының жүргізушісі 10 жасар қызды қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 19 Ақпан, 2025
Депутат тарихи ескерткіштерді қорғаудағы олқылықты айтты
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек тарихи ескерткіштердің мемлекет тарапынан қорғалуы мен музей тұжырымдамалары туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам
Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Марапат • 19 Ақпан, 2025
Әзербайжанның Бас консулы құтқарушыларды марапаттады
Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы Ақтау қаласында «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін қазақстандық құтқарушыларға «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Еліміздегі алты әуежайға тексеру жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматы әуежайы халықаралық хабқа айналады
Елімізге табан тіреген туристер үшін Алматы Қазақстанның әуе қақпасы. Мемлекеттің бет-бейнесін танытатын шаһардағы әуе саласының әлеуетін уақыт талабына сай жетілдіру маңызды міндет. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының президенті Гокер Косе мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің кездесуі барысында айтылды.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Шетел агенттеріне шектеу қою туралы ұсыныс наразылық тудырды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов әріптесі Ирина Смирнованың шетелдік агенттер туралы заң қабылдау туралы ұсынысына байланысты туындаған наразылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматыда Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті. Жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыс зардабын тартып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Депутат кеніштердегі қауіпсіздікке көңіл бөлуді ұсынды
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүрліктіргені мәлім. Осы орайда Мәжіліс депутаттары атынан Арман Қалықов өзінің депутаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Ақпан, 2025
Бразилияның экс-президентіне ауыр айып тағылды
Сейсенбі күні Бразилияның бас прокуроры бұрынғы президент Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп ресми түрде айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Атырау облысында шаруа қожалығына 2,6 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысында шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 гектар жер телімін игермеген. Соған байланысты айыппұл салынып, жер телімі мәжбүрлі түрде қайтарылды.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Сертификатсыз маман сенімге селкеу түсіреді - Динара Наумова
Мәжіліс депутаты Динара Наумова елімізде жеке және кәсіби өсуге бағытталған қызметтер нарығының белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Алайда, бұл салада біліктілігі төмен «жаттықтырушылар» мен «бизнес-тренерлердің» көбеюі азаматтарды алдап, қызмет көрсету сапасына күмән тудыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Адамның қауіпсіздігі жануарлар құқығынан маңызды - Еділ Жаңбыршин
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР заңына иесіз, бұралқы иттерді 15 күннен соң эвтаназия әдісімен ұйықтату нормасын енгізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 19 Ақпан, 2025
Мәжілісте электромобиль мәселесі көтерілді
Елімізде электр қуатымен жүретін көліктер саны артып келеді. Сәйкесінше қуаттау стансаларының жетімсіздігі байқалады. Бұл туралы депутаттар мәжілістің жалпы отырысында баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Ақпан, 2025
Жасөспірімдер мен суицид: өмір мен өлім арасындағы күрес
Суицид қоғамда кеңінен етек жайған дерттің біріне айналды. Жасөсіпірімдер арасындағы суицид – қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі. Бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына әсер ететін жағдай десек те болады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Депутаттар Қазақстанда ТикТокқа шектеу қоюды ұсынды
Кейінгі екі жылда ТикТокқа 14,1 млн. қазақстандық тіркелген. Олардың дені - балалар мен жастар, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Ақпан, 2025
Министрлік су үнемдеу бойынша 5 облыста семинарлар өткізіп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша шаруаларға арналған семинарлар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Қазақстандағы әуе рейстерінің тұрақтылығы әлемдік көрсеткіштерге сай
Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
«Қазақмыс» кенішіндегі апаттың себептері он күн ішінде анықталады
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттың себептерін тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының барысы туралы баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
Бопсалаумен айналысқан қылмыскер Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қорқытып алу және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Әзербайжан судьялары Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді
Қазақстанның жоғары сот органында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Санан Гаджиев бастаған Әзербайжан судьяларының делегациясы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Ақпан, 2025
Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
19 ақпанда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қылмыс • 18 Ақпан, 2025
Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды
17 ақпанда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдардың әрекеттері тоқтатылды.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен кеңес өткізді. «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қаржылық көмек көрсетіп, сондай-ақ олардың несие қарыздарын өтейді.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
ІІМ Шерзат Полат ісіндегі күдіктілерге қатысты пікір білдірді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы уақытша ұстау изоляторындағы жағдай бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Көкшетауда әйел жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Көлік соғу оқиғасы Көкшетау қаласында болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі
Былтырғы қазаннан қаңтар айына дейін Солтүстік Аралға 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 18 Ақпан, 2025
Жеті жасар оқушы халықаралық білім бәйгесінде топ жарды
Елордалық 2 оқушы «StemCo» халықаралық олимпиадасы бойынша жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.