ат
Аймақтар • 12 Маусым, 2023
Семейде осы уақытқа дейін төрт орман өрті тіркелген
Тілсіз жаудың бірі – өрт. Адамзат пен қоршаған табиғатқа зиянын тигізетін апаттың зардабы көп. Көбінесе аптап ыстықта тұтанатын жалын ну орман ішінде тез таралып, ірі өртке ұласып жатады. Мұндай апат Семейде осымен төртінші рет тіркеліп отыр.
Аймақтар • 12 Маусым, 2023
Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2023
Алматы тауларында заңсыз от тұтатқандарға айыппұл салынды
«Қазгидромет» Алматы тауларында өрт қаупі жоғары екенін ескертті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті арнайы мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды
Қапшағай су қоймасында үш жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Абай облысы: Жалын шарпыған аймақтарға 14 тікұшақ тартылды
Қазіргі уақытта Абай облысындағы өрт сөндіру жұмыстары үш бағытта жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Маусым, 2023
Қазақстандық каратэші Жапонияда олжалы болды
Жапонияның Фукуока қаласында каратэден Premier League – Fukuoka 2023 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Маусым, 2023
Орман өртімен күресіп, ерлікпен көз жұмғандар «Құрмет» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдай кезінде ерлікпен қаза тапқан орман қызметкерлері «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Маусым, 2023
Оралда бес қабатты үйден өрт шықты
Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 11 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Үкіметтің төтенше жағдайларға дайындығын сынға алды
Мемлекет басшысы Абай облысындағы төтенше жағдай кезінде жіберілген қателіктер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Маусым, 2023
Президент: Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды
Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Абай облысындағы өртті сөндіруге еріктілер де тартылды
Мемлекет басшысы Абай облысындағы өртке байланысты өкілетті органдарға жағдайды реттеуді тапсырған еді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Маусым, 2023
«Министрлік апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған»: Президент Абай облысындағы өрт туралы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2023
Еліміздің жас теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында ITF Asia 12&U Team Championships чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2023
Астанада 3 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2023
Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды
Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 10 Маусым, 2023
Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Кездесу барысында дінаралық және өркениетаралық диалогты бірлесіп дамыту жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 10 Маусым, 2023
Президент Төтенше жағдайлар министрін қызметінен босатты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Маусым, 2023
Семей орманындағы өртті сөндіруге екі облыстан әскерилер жіберілді
Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Маусым, 2023
Алматы облысында мұрағат ғимараты өртенді
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында ірі өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2023
Жамбыл облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция қызметкері жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2023
Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төленеді
Елімізде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтеріне, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2023
Маргарита Кадырова: Су дипломатиясын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді
Су секторы саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін басқарушылардың жаңа буыны даярланады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістерге төзімділікті күшейту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында су секторында жоғары білімді нығайту» жөніндегі Erasmus+ жобасының алғашқы кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2023
Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті
Бүгін Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Маусым, 2023
Сенат спикері ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Маргарета Седерфельтпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Маусым, 2023
Сенаторлар бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ спорт ұйымдарының өкілдерімен және сарапшылармен кездесті. Кездесуде бұқаралық спорт саласының жай-күйі, проблемалары, келешегі және оны құқықтық реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 08 Маусым, 2023
Отандық ғылымның жетістіктері шетелдік инновациялардан кем түспейді - Салтанат Әшімова
Жолдың сапасы шикізат өніміне тікелей байланысты. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты осы мәселені қолға алған. Отандық ғалымдар жол құрылысына қажетті сапалы шикізатты жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 08 Маусым, 2023
Достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас
Еуразия ұлттық университетінде Оңтүстік Африка мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуына орай ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2023
Шигео Катсу Назарбаев университетінен кету себебін түсіндірді
Шигео Катсу Назарбаев университетінің ректоры қызметінен неліктен кеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 08 Маусым, 2023
Сенаттың жаңадан сайланған депутаты ант берді
Жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова бүгін Сенаттың жалпы отырысында ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.