іс
Елорда • 06 Мамыр, 2025
Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді
Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2025
2025 жылғы 6 мамыр күні сағат 13:08-де ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға алғашқы сапарына екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп баға берді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Мамыр, 2025
Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған монеталар шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл монеталар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығына деген құрметті білдіреді және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Мамыр, 2025
Астанада «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті
ҚР Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.
Парламент • 05 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты. Палата спикері қазақ жауынгерлерінің ерлігі, тарихи естеліктерді жадымызда сақтаудың және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Мереке • 05 Мамыр, 2025
Майдангер медицина қызметкерлеріне арналған көрме өтті
Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде осы оқу орнында еңбек еткен екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Экономика • 05 Мамыр, 2025
Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды
Ақтауда «Caspi Bitum» БК» ЖШС жаңғыртылған битум зауыты ресми түрде іске қосылды. Бұл – Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар нысан, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Олимпиада және Еуропа чемпиондары Түркістанда өнер көрсетті
Түркістанда қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың қатысуымен «Мұз сарайында» өткен шоу – сол жобалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Жаңа куәгерлер оқиғаның мән-жайын баяндады
2025 жылдың 5 мамырында Шерзат Болаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесі барысында тағы екі куәгер – Арлан Құсайынов пен Данияр Жанболатұлы сотта түсініктеме берді. Олар қазан айының басында болған қайғылы оқиғаға қатысты өз көзқарастарын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 05 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» қалай түсірілді
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды. Ол «Түркістан сақшылары» туындысын дайындау барысында ChatGPT, RunwayML, Kling Ai, Hydra AI, ElevenLabs сынды ЖИ бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде Ақпантер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа бейнелері таңдалған. Толыққанды 3D форматтағы мультфильм сюжеті еліміздің рухани ордасын қасаң ой, теріс әрекеттерден қорғау төңірегінде өрбиді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Мамыр, 2025
Түркістан облысында сор шаю жұмыстары аяқталды
«Қазсушар» филиалы Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеру мәселесі талқыланды
Жетісу облыстық әдістемелік орталық – республикадағы алдыңғы қатарлы білім беру мекемесінің бірі. Ұйым өз жұмысында жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Талдықорғанда өткен қысқамерзімді тағылымдама да осы бағыттағы маңызды істер сараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Мамыр, 2025
Тіс емханасына ұрлыққа түскен адам ұсталды
Полиция қызметкерлері Тараздағы тіс емханаларының біріне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде 35 жасар азаматтың бұрын сотты болғаны анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Кеше Петропавл қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстың Құрметті азаматы болған Сапар Дүйсенұлы Дүйсеновтің «Егемен Қазақстан» көшесіндегі тұрған үйіне ескерткіш тақта ортатылды.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Сыр елі — батыр бабаларымыздың ізі қалған қасиетті топырақ. Ұлы отан соғысына бір ғана Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанған.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Фёдор Щегловты арнайы құттықтады.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» ұйымының қыздары, әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, әскери кафедралар мен 100-ден астам жоғары сынып оқушылары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Грейг қызғалдағын жұлған шымкенттік әйелдің жазасы қандай болады?
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты заңсыз жұлу дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астанада үлкен патриоттық акция өткізді. Мерейлі датаға орай 80 әскери қызметші ерекше қойылым ұйымдастырып, өнер мен әскери рәсімдерді біріктірді. Акцияның басты бөлігі ретінде Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері батырлық пен ерліктің символы - жұлдызды бейнелеп, оны «80» санымен алмастырып, әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Қостанайда мерекелік «Бірлік жүгірісі-2025» жарысы өтті
Жалпыреспубликалық «Бірлік жүгірісі» жарысына өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, оқушылар, студенттер, курсанттар, спортшылар, ардагерлер, облыстың белсенді тұрғындары – ұзын саны мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді
Жерасты дүмпулері Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Сәуір, 2025
Түркістанда «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы өтті
Түркістан облысында жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың соңғы кезеңі Бәйдібек ауданында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2025
Әуе күштері Жеңіс шеруіне сақадай сай
Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шеруге еліміздің әр түкпірінен келген әскери құрылымдар асқан жауапкершілікпен сап түзеп жатыр. Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 19132 әскери авиациялық базасы шеруге дайындық барысын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 30 Сәуір, 2025
Майдангер қаламгерлердің шығармалары аудиокітап форматында жарық көрді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай алғаш рет тың тарихи-мәдени жобаны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Сәуір, 2025
Елімізде медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады
Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Сәуір, 2025
Астанада «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы қойылады
Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 9-10 мамыр күндері сағат 18:00-де «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын ұсынады.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Майдангер отандастарымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 29 Сәуір, 2025
«Шерзат» ісі: алғаш рет марқұм Нұрқанат Гайпбаевтың жауабы жария етілді
Талдықорғанда қоғам назарын аударған «Шерзат» қылмыстық ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бүгінгі отырыста алғаш рет қайтыс болған Нұрқанат Гайпбаевтың тергеу барысында берген жауабы жария етілді. Прокурор Дана Сәрсенбай марқұмның көрсетулерін сотқа таныстырды.