ми
Әскер • 10 Наурыз, 2025
Қазақстан Қорғаныс министрі Римде итальялық әріптесімен кездесті
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен қазақстандық делегация Италияның қорғаныс ведомствосы мен әскери нысандарын аралады. Сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
Бауыржан Құдайбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Министрлік смартфондардағы ұлттық ескертуге қатысты түсінік берді
Бүгін астаналықтар мен қала қонақтарының смартфондарында ұлттық ескерту іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Павлодарда ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Павлодарда «TAKORP» атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар анықталып, олардың заңсыз әрекеттері әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2025
Жетісулық ауыл педагогі TikTok желісіндегі үздік креаторлар қатарына енді
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова TikTok-тың беделді Discover List-2025 тізіміне енді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Кеңес отырысында макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы 300 миллиард теңгеден астам сомаға тауарларды нақты жөнелтусіз және қызметтер көрсетусіз шот-фактуралар жазып берген 2 мыңнан астам салық төлеушінің қызметін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 06 Наурыз, 2025
Бүгін әйгілі суретші Микеланджело дүниеге келген күн
Италиялық суретші-мүсінші, математик, инженер, ақын Микеланджело Буонарроти 1475 жылдың 6 наурызында Флоренция қаласында дүниеге келген.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Мәнерлеп сырғанаушылар Бостонда бақ сынайды
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
«ZHULDYZDY ZHOL 2025» тележобасы басталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас музыканттарға арналған «ZHULDYZDY ZHOL 2025» телевизиялық реалити-жобасы басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2025
Бектенов Президенттің Алматыда БҰҰ Орталығын құру бастамасының маңыздылығын атады
Премьер-министр Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды
Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылады
Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады
Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 98 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» стипендиясына құжат қабылдау басталды
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдау 3 наурыздан басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді
2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
4 наурызда үкімет отырысында жаңадан тағайындалған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2025
«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Алматыда білім берудің барлық деңгейлерінде педагогика саласындағы зерттеулермен айналысатын ғылымды дамыту орталығын құру мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 03 Наурыз, 2025
Жәмиля Бақбергенова Тиранадағы турнирде топ жарды
Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Малоның мемориалы аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған белді балуандардың қатысуымен өткен турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы да өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Мұнай-газ саласының әлеуеті артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаевтың министр ретіндегі негізгі жетістіктері
Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетіп, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол басшылық еткен уақытта министрлік бірнеше маңызды шешімдер қабылдап, өнеркәсіп пен құрылыс саласында ірі жобаларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Министрлік қант диабетімен күресті күшейтті
Бүгінде елімізде қант диабетіне шалдыққан азаматтардың хәлін жақсарту мақсатында кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Қоғам денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізіп отырған кеселді асқындырмай, ерте бастан анықтап, тиісті ем-домын жүргізу үшін мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек көлемі ұлғайтылып, халықты тұрақты скринингтерден өткізу шаралары қолға алынуда. Бұл туралы Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығының (ҚРДҚ) президенті Баян Жұманова мәлімдеді.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Блогерлер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі
Елімізде 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Оқу-ағарту министрлігі TikTok-қа шектеу қоюды қолдады
Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Наталья Жұмаділдаева TikTok-тың Қазақстандағы балаларға кері әсері және оны шектеудің ықтимал шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан ХВҚ-ның ұсынымдарын жоғары бағалайды - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысымен кездесті. Ол Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.