Облыс
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен
Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 8 адам суға кетіп, мерт болған Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы жағдайлардың үшеуі – балаларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған ер адам сотталды
2024 жылғы сәуірде Жамбыл облысында жанармай бекетінде ресейлік мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Қызылорда облысында 200-ден астам адамға рақымшылық жасалады
Қызылорда облысында ер адам жазасының аяқталуына бес ай қалғанда бостандыққа шықты. Бұл Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заң аясында жүзеге асырылған шаралардың бірі. Алғашқы сотталғандар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемеден босатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Абай облысының шаруаларына 47,2 млн текше метр су берілді
«Қазсушар» РМК жергілікті филиалы шаруа қожалықтарымен суармалы су беру бойынша 355 келісімшарт жасасты. Аймақта «Қазсушар» филиалының су шаруашылығы нысандары Үржар, Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Түркістан облысында ауылдар сапалы ауыз сумен қамтылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған заңсыз активтер әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталып отыр. Түркістан облысында бұл қаражат ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Түркістан облысында «Қазсушар» филиалының келісімінсіз ылғалды көп қажет ететін дақылдарға көшудің 203 дерегі анықталғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті
Жамбыл облысында болған атыс салдарынан төрт адам жараланған. Олар 29 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Шілде, 2025
Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады
Ақтөбе облысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге арналған жаңа көлік-логистика хабы құрылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Биыл Қостанай облысында 20 мың жұмыс орны ашылады
Бүгінгі Үкімет отырысында Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі халықты жұмыспен қамту бағытында жасалған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Шілде, 2025
Салық қызметкері жауапқа тартылды
Жамбыл облысында салық органының қызметкері жауапқы тартылды , деп хабарлайды Egemen.kz. Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 28 Шілде, 2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады
Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы – заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталып, әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырады. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты
Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының кәсіпкерлері өз еркімен алкогольді сатудан бас тартты. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Шілде, 2025
Жетісу облысында 84 елді мекенге газ келеді
Биыл қыркүйек айында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025
Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Құрылыс • 26 Шілде, 2025
Алакөлде 2 мыңға жуық тұрғын үй кезегінде тұр
2024 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғындарды тұрғын үй кезегіне қою және үй беру құзыреті жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Туризм • 26 Шілде, 2025
Жетісу облысы құрылған сәттен бастап Алакөл ауданының туризм саласын дамытуға 12,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қомақты қаржы өңірдегі инфрақұрылымды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жиырма бес жыл бойы шешімін таппай келген электр жарығы мәселесі шешілді, кәріз жүйесі салына бастады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Абай • 26 Шілде, 2025
Семейден Қарауылға қарай бет түзегенбіз. Қаладан әуежай жаққа шықсаңыз, сонадайдан Семейтауы көрінер тұста «Абай жолы» деген стелла тұр. Расында бұл Абай атамыздың ғазиз соқпағы. Бұл соқпақ кезінде «бала шәкіртті» кең сахарасын сағынта қол бұлғаған һәм оған әлемді танытуға бастаған жол. Бізде осы жолда келеміз.
Ауыл • 26 Шілде, 2025
Белбасарда мәдениет үйі пайдалануға берілді
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында 100 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр
Алматы облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ 25 шілде күні күндіз радардан жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Алматы облысы полиция басқармасының мәліметінше, жол апаты Алматы–Бішкек автожолының 81-шақырымында болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Түркістанның екі ауданында 74 587 гектар егістік суарылды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты. Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық суды бөлетін «Достық» мемлекетаралық каналына барды, су – елімізге бұрын қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы егіс алаңдарын суаруға пайдаланылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 24 Шілде, 2025
Қостанай облысында тұрғын үйдің ауласынан қару мен есірткі табылды
Қостанай облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бейімбет Майлин ауданы полиция бөлімі бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 23 Шілде, 2025
Павлодарда полиция заңсыз автожарыс ұйымдастырғандарды анықтады
Павлодарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта ұйымдастырылған заңсыз автожарысты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Шілде, 2025
Қостанай облысында 37 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысы тұрғындарының 90%-дан астамы таза ауыз су тұтынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Маңғыстау облысындағы мектепте акт залының төбесі құлаған
Бүгін таңғы сағат 6: 30 шамасында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектепте акт залының төбесі опырылып қалған, деп жазады Egemen.kz.