із
Оқиға • 29 Қаңтар, 2024
Атырауда адамдар мінген көлік Жайық өзеніне құлап кетті
Оқыс оқиға 28 қаңтар күні сағат 13:08-де болған. Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетіп, салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 29 Қаңтар, 2024
5 мың теңгелік жаңа банкнота: Жалған ақшаны қалай ажырату керек?
Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың 23 желтоқсанында 5 мың теңгелік жаңа банкнотаны айналымға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды
Қарағанды қаласы Майқұдық ауданында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Видеоға құзырлы органдар да назар аударып, істі ерекше бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті
23 қаңтар күні сағат таңғы 05:30 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында жүргізушісі жол белгілері талаптарын сақтамаған Volkswagen Touareg маркалы автокөлігін тоқтатпақ болған.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2024
«3 күн іздедік». Боранда адасқан адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданында адасып кеткен адамның денесін тапты. 23 қаңтар күні екі адамның боранда адасып қалғаны хабарланған еді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2,5 мың семинардың да түк пайдасы болмады - Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Президент қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
ШҚО тұрғынының қойларын белгісіз аң қырып кеткен
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданына қарасты Көкжота ауылы тұрғынының қорасына белгісіз аң түсіп, ойран салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Адам жоғалу дерегі қай қалада көп тіркелетіні анықталды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz ведомствоның мәліметіне сүйеніп.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды
Бас прокуратура белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істі тергеу өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Былтыр балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан. Мемлекет басшысының пікірінше, осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, полиция мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруға тиіс. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Білім • 19 Қаңтар, 2024
Мектептегі қауіпсіздік қызметін түбегейлі қайта қарау керек - сенатор
Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің қаупі әлі де жоғары. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында өңірде көшкіндердің профилактикалық түсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіні сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Жүктімін, кәмелетке толмаған балам бар». Прокурорлар мас жүргізушілердің айласын анықтады
Жетісу облысының прокурорлары мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің айлалы әрекеттерін әшкереледі. Олар мас күйінде ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында жалған медициналық және басқа да құжаттар тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2024
«80 жылдан соң»: Жауынгер сүйегі елге жеткізілді
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне қайта жерлеу үшін Жамбыл облысына жеткізді. Бұл үшін Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік ұшағы арнайы рейс ұшырды. Жауынгердің сүйегін қарсы алуға арналған рәсім Тараз қаласы әуеайлағының әскери секторында ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен ардагерлері ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2024
«Екі зейнеткерді өлтірген». Жыл басынан бері бірнеше қылмыскер ұсталды – полиция
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
«Осы кісі болуы мүмкін»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының тағы бір болжамды анасы аталды
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі тағы бір болжамды ананың (есімі Мақпал) анализ тапсырғанын мәлім етті. Анасын іздеген Жәнібектің (Мұрат) ресми өкілі Қымбат Досжан әлеуметтік желіде хабарландыру жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«1WIN» казиносының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 08 Қаңтар, 2024
Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады
Мемлекет басшысы Арал теңізінің құрғаған табанындағы жалпы аумағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін орман мелиорациялық екпелер егуді міндеттеген. Сексеуіл шығымын барынша арттыру үшін орман мелиорациялық жұмыстар ғылыми ұсынымдар мен жұмыс жобалары (негізгі әдістері механикаландырылған себу және отырғызу) негізінде жүргізіледі. Өйткені, Арал теңізі түбінің Қазақстан тұсындағы бөлігі өзбек тарапы аумағымен салыстырғанда тұзды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Журналистер Жәнібектің анасын іздеп Арқалыққа барды
«Бармысың, бауырым» редакциясы бельгиялықтар асырап алған Jani Eddy J Saveliev-тың анасын іздеу үшін Арқалыққа барды. Аталған радио - хабардың редакторы бұл жаңалықты желіде бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын» аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2024
Алтын кенішінде ойыққа құлап кеткен жұмысшылар әлі де іздестіріліп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Рөлде ұйықтап қалған. Таразда автобус жүргізушісі 10 көлікті соғып кетті (видео)
Тараз қалалық полиция басқармасы қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апатына байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 03 Қаңтар, 2024
Халық кері кетуді қаламайды – сенатор
Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қасіретті қаңтар оқиғасы туралы айтқан деректеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің саяси ұстанымы демократиялық даңғыл екеніне тоқталып, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында ұстанатын мызғымас қағидалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2023
Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды
Биыл №4/3 «Астана-Нұрлы Жол-Алматы», №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан» және №38/37 «Маңғыстау-Семей» бағыттары бойынша пойыздар жаңажылдық стильде безендірілді. Кестеге сәйкес түрлі уақытта қатынайтын аталған пойыздар 29 желтоқсаннан бастап қалалар бойынша жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
«НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды
«НеМолчи.kz» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министр Qarmet-тегі өзекті мәселені шешуге 1 апта уақыт берді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының қызметі, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өнім көлемін ұлғайту мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға орталық аппарат басшылары және компанияның жаңа иесі Андрей Лаврентьев те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Құны 2 млрд теңге. Шетелдіктен ақбөкен мүйізі тәркіленді
Қостанай облысының полицейлері шетелдіктен ақбөкен мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.