абай
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Экология • 08 Қыркүйек, 2021
Айнакөл «қартайды», айдынынан әр тайды
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі жіберілген кейбір қателіктерден өңіріне сексен көлден сексен алқа таққан делінетін Көкшенің баурайындағы 1 515 көлдің жартысынан астамы жер бетінен жоғалып кеткен. Қазірдің өзінде жүздеген көлдің суы азайып, табаны тайызданып, жағалауы түгіл жарым айдыны ми батпаққа айналып, қамыс, қоға басып тұр.
Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021
Салыстырмалы тұрғыда алсақ, біз Абай мұрасын шамамыз келгенше жеткілікті зерттедік. Әуезов іргесін қалап кеткеннен бергі уақыт ішінде әдебиетте ізін қалдырған талай ұрпақ хакім творчествосын өз дәуірінің биігінен бағалап, сөз өнерін өрге сүйреген әр буын кемеңгер туындыларының тереңіндегі құндылықтарды тауып, жаңалық ашты.
Абай • 28 Тамыз, 2021
Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мажарстанның Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Тамыз, 2021
Жабайы бұғы коронавирус жұқтырды
Жұма күні АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі жабайы бұғылар арасында коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары туралы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Абай • 26 Тамыз, 2021
Абайдың 1885 жылы жазған жарғысы музейге қойылды
Кодекс 1885 жылы Қарамола елді мекеніндегі съезде, Абай жоғарғы би болып сайланғанда қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 24 Тамыз, 2021
«Абай сияқты ән шығара алатын ақын…»
Екеуін жақындастыратын не бар дерсіз. Өнер екені екібастан белгілі. Біреуі – сөз өнеріндегі, енді бірі – саз өнеріндегі құбылыстар. Бірге туып, бірге өспесе де, бір-бірін көрмесе де араларын аңыз жалғайтын сыңайлы. Артынан аңыз ермеген ақын – ақын емес деген де сөз бар. Тура сол сияқты, екеуінің соңынан ерген аңыздың өзі әр қиырға сермейді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2021
Жамбылда 35 тоннадан астам жабайы сора жойылды
Жамбыл облысында 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 18 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысының Сеулдегі Абай мүсінінің ашылуында сөйлеген сөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапары аясында Сеулдегі Абай мүсінінің ашылуында сөйлеген сөзі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Тамыз, 2021
Президент Сеулде Абайға қойылған бюсттің ашылуына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 12 Тамыз, 2021
Абай кітаптары Бельгия Корольдік Кітапханасының қорына табысталды
Абай күніне орай Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Бельгиядағы ең ірі Корольдік кітапхананың қорына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Абай • 12 Тамыз, 2021
Сеулде Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2021
Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 11 Тамыз, 2021
«Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы оқырманға жол тартты
Қалдыбек Сейдановтың «Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы жарық көрді. Ғылыми еңбек Қазақстан және Өзбекстанның 30 жылдық тәуелсіздігіне тарту болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 11 Тамыз, 2021
Абайдың кітаптары Бельгия Королінің кітапханасына сыйға тартылды
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі Абайдың француз тіліне аударылған қара сөздер жинағын Король кітапханасының қорына сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
Берлинде Абайға ескерткіш қойылады
Бұл туралы Deutsch-Kasachische Gesellschaft Германия-Қазақстан қоғамының жетекшісі Галина Нұртазина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
«Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кесілді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты онлайн дәріс-концертінің аясында «Абай мерейтойы» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
Бейжіңнің Чаоян саябағындағы Цзиньтай мұражайында Абай оқулары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2021
Тараз қаласының түзеу мекемесінде Абай күні аталып өтті
Таразда жазасын өтеушілер арасында Абай күніне орай шығармашылық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай • 10 Тамыз, 2021
Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасады
Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Абайдың панно портретін жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Тамыз, 2021
Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек - Президент
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев твиттерде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
Абай күні: Ел газеті «Даналық дариясы» жинағын жарыққа шығарды
«Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген абайтанушы-ғалымдардың ғылыми-танымдық мақалалары мен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің пайым-пікірлері арнайы жинақ болып жарыққа шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай күніне орай, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда қаласы әкімі Ғанибек Қазантаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Тамыз, 2021
Зиялы қауым Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
Бүгін - Абай күні. Былтырдан бері елімізде 10 тамыз - Ұлы ақынның құрметіне мерекелік дата ретінде аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 09 Тамыз, 2021
Абай, «дүние дос» және кавер-версия
Музыкада кавер-версия (cover version) деген ұғым бар. Бұл – бір автор (композитор, әнші) шығармасының басқа автор тарапынан өз қалауынша өңделген нұсқасы. Ремикс (remix), ремейк (remake) деп жүрген нәрселер де осыған маңайлас. Бір қызығы, бұл құбылыс өзге өнер түрлерімен қатар, әдебиет әлеміне де еніп кетіпті. Екі-үш жыл бұрын орыс поэзиясының классигі Николай Заболоцкийдің «Әдемі емес қыз» деген өлеңіне 32 ақынның кавер-версия жазып, шығармашылық сайысқа түскені – соның бір мысалы.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.
Экология • 25 Шілде, 2021
Қазақстанның жасыл белдеуі ұлғайып келеді
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері Ақмола облысының Щучинск қаласы мен «Бурабай» ұлттық паркіне жұмыс сапарымен барды. Делегация мемлекеттік орман қорын толықтыру мақсатында іске асып жатқан жұмыстармен танысты.
Аймақтар • 24 Шілде, 2021
Ақсуда итке қатыгездік танытқан жүргізуші жазаланды
Көліктің артына итті байлап айдаған Ақсу тұрғыны жануарлармен серуендеу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Оқиғаның мән-жайын жергілікті тұрғын Instagram-ға жариялады.
Фотогалерея • 22 Шілде, 2021
Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың Бурабай баурайынан жолдаған суреттер топтамасын ұсынамыз.