он
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева онлайн брифинг барысында халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау оразаны бұзбайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Севара Нишанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бішкекте өткен дзюдодан Азия чемпионатында шымкенттік спортшы қола жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Севара Нишанбаева үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Мұхтар Тілеуберді Жапония елшісін қабылдады
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Елімізде бір тәулікте 2,4 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл туралы Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Өткен тәулікте 1786 адам коронавирустан айықты
Кеше Қазақстанда 1786 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Шетелден келген жолаушылардан індет табылған жоқ
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Елордада эпидемиялық жағдай тұрақсыз болып тұр
Нұр-Сұлтан қаласында пандемия басталғалы бері 34 мыңнан астам адам COVID-19 инфекциясымен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
700-ге жуық шетел азаматы бес жылға дейін Қазақстанға кіре алмайды
Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров 674 шетел азаматы бес жылға дейін Қазақстан аумағына кіру құқығынсыз сот тәртібімен елден шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Пневмониядан бір тәулікте 5 адам қайтыс болды
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 261 мыңнан асты
Қазақстанда өткен тәулікте 2586 адамда коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Өткен тәулікте 1449 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 1449 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2021
Ақтөбеде мектеп оқушысынан коронавирус анықталды
Ақтөбе қаласында мектеп-интернат оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 07 Сәуір, 2021
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті бола ма?
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова «коронавирусқа қарсы вакцина міндетті болуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 21 мыңға жуық адам екпе қабылдады
Нақтырақ айтсақ, облыста 20 936 адам екпе қабылдаған. Оның 13 887-і медицина қызметкері, 5407 – педагог және 600-ге жуығы құқық қорғау органдары мен 500-ге жуығы әртүрлі топтағы азаматтар. Сәуір айында екпе салдыруға ниет білдіргендердің саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Сәуір, 2021
FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді
Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 07 Сәуір, 2021
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
«Қайырымды істер марафоны» қарқын ала бастады
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы қарқынын үдете бастады. Күн сайын еліміздің барлық өңірлерінде мыңдаған қазақстандық қайырымды істер жасап, оларды әлеуметтік желілерде бөлісіп, «Жақсылық жұқпалы» деген даналықты ұран етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде
Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінде COVID-19 таралуы жағдайында медицина персоналдарын арнайы тактикалық даярлау сабағы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Сыр бойы «сары аймақтың» табалдырығында тұр
Соңғы көрсеткіштер Қызылорданың «жасылдан» тәуекелі орташа «сары аймақтың» табалдырығына таяп қалғандығын көрсетіп тұр. Күн сайын вирус жұқтыру қарқыны артып келеді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 06 Сәуір, 2021
Кинотеатрлар коронавирус құрбанына айналды
Былтыр елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр қызмет көрсеткен еді. Биыл іске қосылған 89 кинотеатрдың жұмысы енді жандана бастады ма дегенімізде, карантин шектеулері қайта килікті. Кинокөрсетілім нарығының ең ірі сегменті саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы 31 кинотеатр жұмысын тоқтатты. Осы ретте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының кеңесшісі Бауыржан Шүкенов Қазақстандағы кинотеатрлардың қазіргі жағдайынан хабардар ететін бірқатар деректі атап көрсетті. Оның айтуынша, кинотеатрлар – коронавирустың құрбанына айналды, бірақ оны құтқаруға ешкім құлықты емес.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алуға жазылу басталды
Елордада егу пункттері көбейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Сенатта Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон ынтымақтастығы талқыланды
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Осы келісім аясында тараптар көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Алматыда тағы 585 адам індет жұқтырды
Коронавирустық инфекцияның таралуы туралы соңғы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 5 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 585 жаңа жағдайы тіркелді, оның 490-ы симптомдық белгілері бар және 95-і симптомсыз.Емделгендер саны – 29 096 (+570).
Парламент • 06 Сәуір, 2021
Сенат Төрағасы Жапония елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Қазақстанда «Антиковидтік паспорт» әзірленді
Қазақстанда вакцина алғандарды есепке алуға арналған «Антиковидтік паспорт» әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Сәуірде өңірлерге қанша вакцина жеткізіледі?
Сәуір айында Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Сәуір, 2021
Сәуірден бастап өңірлерде ай сайын 2 млн адам вакцина алады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Пневмониядан бір тәулікте 7 адам қайтыс болды
Пневмониядан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 05 Сәуір, 2021
ЕДБ ЕАЭО мемлекетаралық жобаларын қаржыландыруға дайын
Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Николай Подгузов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz банктің баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап. Еуразиялық Даму Банкінің (ЕДБ) Басқарма Төрағасы Николай Подгузов бүгін Ташкентте өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Өнеркәсіптік саясат кеңесінде сөз сөйлеп, банктің Одақ елдерінің, капиталдың мемлекетаралық бағдарламаларын қаржыландыруға дайын екендігін мәлімдеді.