м
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел ұсталды
Шымкент қаласында жас әйелдің такси көлігінің әйнектерін ұрып, сындырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Геологиялық мәліметтердің электрондық каталогы жасақталды
Astana Mining & Metallurgy-дің 15-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті ERG компаниясы цифрландырған тарихи геологиялық есептердің электрондық каталогын тұрақты пайдалануға қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді
Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келген, ал 1122 адам елден кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда кімдерге рақымшылық беріледі
ҚР Парламентінің Мәжілісі Ата Заңның 30 жылдығына орай сотталғандардың белгілі бір санатына рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл заң сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жазаны жеңілдетуге немесе толығымен босатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталды
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталып, оған діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2025
Асыл тұқымды мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Маусым, 2025
Канададағы орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды
Канадада орман өрттері күрт күшейіп, елдің бірнеше аймағында күрделі жағдай қалыптасқан. CBC телеарнасының хабарлауынша, Саскачеван провинциясында басталған алапат өрт салдарынан 400-ден астам үй жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 04 Маусым, 2025
«Алтын адам» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты
Бүгін Астанадағы Kinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатрында отандық «Алтын адам» анимациялық фильмінің алғашқы жабық көрсетілімі өтті. Іс-шараға балалар, ата-аналар, БАҚ өкілдері мен кино саласының мамандары қатысты. Бұл туынды тек анимациялық жоба ғана емес, төл тарихымызды тануға, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруге бағытталған тәрбиелік мәні зор мәдени бастама ретінде ұсынылып отыр, деп жазды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Науқастар бюрократиямен күресіп жүр - Асхат Аймағамбетов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламенті депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі дәрі-дәрмекпен қамту жүйесінің өзекті мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы жүйелі дағдарысты ашық мәлімдеді. Ол дәрілердің қымбаттығы, қолжетімсіздігі, ескірген емдеу хаттамалары мен фармацевтикалық бюрократияны қатаң сынға алып, нақты мысалдар келтіре отырып, 7 қадамнан тұратын реформалау ұсынысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтылды
Астана мен Алматыда жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2025
Ә.Смайылов дәрімен қамту саласындағы кемшіліктерді атады
Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Аудит нәтижелерін бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыда жұмысшы кран апатынан көз жұмды
Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі құрылыс алаңында 2025 жылғы маусым айының басында болған төтенше жағдай салдарынан 61 жастағы краншы Жұмабек Қалдыбаев қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Рәміздер мерекесі патриоттық тәрбиенің бастауы
Шымкенттің Шымсити шағынауданында орналасқан биік тутұғыр алаңында еліміздің Рәміздер күні мерекесі аталып өтті. Биылғы мерекенің жөні ерекше болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша жүз метрлік флагштоктың алдында мерекені тойлау биыл бірінші рет болып тұр. Рәміздер күні жыл сайын «Тәуелсіздік» алаңындағы биіктігі 50 метрлік тутұғыр жанында мерекеленетін, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Маусым, 2025
Теннисші әлемдік рейтингте 6 орынға жоғарылады
Жаңартылған әлемдік рейтингті – Халықаралық үстел теннисі федерациясы жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Маусым, 2025
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыдағы мейрамханада ер адам баланы ұрып-соққан
Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде ересек адамның баланы соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Зәбір көрген баланың анасының адвокаты Жанна Уразбахованың айтуынша, бала ауыр психологиялық соққы алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Маусым, 2025
Астананың орталық көшелері көк тумен безендірілді
Рәміздер күніне орай, елордадағы тұрғын үйлер «Туымыз – төрімізде!» акциясы аясында Мемлекеттік тумен безендірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыда сәбилерді сату схемасы анықталды
Алматы қаласында бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы жаңа туған сәбилерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды шырқады
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты патриоттық акция өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен шара аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Маусым, 2025
Кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ұйымдасқан топ Алматыда шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 04 Маусым, 2025
Әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі офицерлік шен алды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Маусым, 2025
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 04 Маусым, 2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда қызметтік иттердің дайындығы сыналды
Қазақстанның түрлі өңірлерінде қызметтік иттердің төтенше жағдайлар кезіндегі тапсырмаларды орындауға қаншалықты дайын екенін айқындайтын сертификаттау сынақтары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 04 Маусым, 2025
Өштескен көршісін өлтіріп тынған
Бүгін Петропавлдың «Борки» шағын ауданында сағат таңғы 10.00 кезінде кісі өлімі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Инклюзивті білімде жаңа ереже қабылданды
Елімізде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Елтаңба – мемлекеттің тарихи тамырын, мәдени мұрасын айшықтайтын елдік нышан. Осынау қасиетті рәміз әр елдің рухани болмысынан хабар беріп, танымынан сыр шертуі тиіс. Бірлік пен ұлттық рухтың символы саналатын төл Елтаңбамыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Маусым, 2025
Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы әкелінді
3 маусымда – «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.