іс
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қошанов ҰҚШҰ парламентшілеріне киберқылмыспен күресті күшейтуді ұсынды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламенті делегациясы Бішкекте өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Жиында Қошанов синтетикалық есірткі мен интернет алаяқтыққа қарсы ортақ құқықтық кеңістік құруды ұсынып, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен шекара қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне де назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2025
Өрендер өндіріске экскурсия жасады
2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Аталған бастамаға орай, Абай облысы жастарды техникалық және жұмысшы мамандықтарына баулуды мақсатында Ақтоғай тау-кен байыту кешенінде Қопа ауылының мектеп түлектеріне арналған экскурсия ұйымдастырылып, жасөспірімдерге өндіріс орны таныстырылды.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Мамыр, 2025
«Атырау» командасы төрт ойыншымен келісімшартты бұзды
«Атырау» футбол клубының құрамындағы төрт ойыншымен арадағы келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылды.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Астанадағы 109-шы мектепке 109 күн толды
Астана қаласы әкімдігінің №109 орта мектебінде «№109 мектепке – 109 күн» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Биылғы оқу жылында 14 мың мұғалім жұмысқа қабылданған
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны 412 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Оқу-ағарту министрлігі осылайша, Қазақстан мектептерінде педагог тапшылығы жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары жасалды
Биологиялық препарат баржалардан суға төгіліп, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жояды. Өңдеу Аққулы ауданынан басталып, ағын бойымен Ертіс ауданына дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданған. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
«Күміс жас» жобасы аясында қанша азамат жұмысқа орналасты
Осы жылдың 1 мамырдағы дерегі бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 157,8 мың адам тартылып, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Сот отырысында Шерзаттың соққыға жығылған сәті көрсетілді
Бейнежазбада Шерзат Полаттың жерде жатқанын, ал жанында анасы Гүлбара Бишембиева тұрғанын көруге болады. Біраздан кейін бірнеше адам келіп, балаға жұдырық және аяқпен соққы жасай бастайды. Видеода жедел-жәрдем шақыруды сұраған дауыстар естіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Ерлан Қарин халықаралық симпозиумға қатысты
Бүгін Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 14 Мамыр, 2025
Оффтейк келісімшарты - өндірісті өрістететін маңызды қадам
Жақында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке іс-сапармен келді. Басқарма төрағасы жұмыс сапары аясында үшінші мегаполистің бизнес өкілдерімен жүздесті. Ұлттық палата төрағасы елімізге белгілі компания – «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрып, кілем тоқу өндірісімен танысты.
Заң • 14 Мамыр, 2025
Мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң қабылданды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Мамыр, 2025
Дәрігерлер жүрегінде ісігі бар науқасты аман алып қалды
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше әрі күрделі операция жасалып, дәрігерлер сирек кездесетін жүрек ісігіне шалдыққан жас әйелдің өмірін аман сақтап қалды. Мамандардың айтуынша, пациенттің жүрегінде анықталған миксома – дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін, шұғыл араласуды қажет ететін қатерсіз ісік, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2025
Артем Андропов Азия додасында күміс еншіледі
Ауыр атлетикадан сары құрлық бәсекесі – Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды
Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта табылған. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған
Заңсыз сауда Жетісу облысы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Дидара Алина: Кітап - қоғамдық маңызы бар рухани құндылық
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері қосылған құн салығынан босатылады. Бұл – отандық баспа саласының тынысын ашатын маңызды шешім. Осы тарихи сәт қарсаңында біз Arman-PV баспасының бас директоры Дидара Алинамен сұхбаттасып, ҚҚС-тың жойылуы баспа мен білім саласына қалай әсер ететінін, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктердің көкжиегін сараладық, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым • 12 Мамыр, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде рухы биік, мағынасы терең іс-шара өтті. Бұл күні «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты V халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Спорт • 12 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Өткен аптаны шолған деректер топтамасы – сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Үндістанға әуе рейстері қайта жанданады
Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаяндының сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 12 Мамыр, 2025
Халықаралық турнирде балуандар 9 медаль еншіледі
Астанада үш күн бойы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтіп, оған 44 елдің 358 спортшысы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша белдесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Алдын ала мәлімет бойынша дүмпу ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 239 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.