ас
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
«Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Қазақстан Президентін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент: Біздің ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 14 Қараша, 2025
Sustainable Fitch «Отбасы банкінің» тұрақты даму рейтингін көтерді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банк» халықаралық Sustainable Fitch агенттігінен жаңартылған бағасын алды. Банк бағасы 55 баллдан 60 баллға дейін өсті. ESG рейтингі деңгейі «3» деңгейінде расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қараша, 2025
Шардара су қоймасына келетін болжамды су көлемі келісілді
Ашхабад қаласында Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 91-отырысы өтіп, оған сала министрі Нұржан Нұржігітов,Түрікменстанның Су шаруашылығы мемлекеттік комитетінің төрағасы Дурды Генджиев, Өзбекстаннан сала министрі Шавкат Хамраев,Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары бірінші орынбасары Джамшед Шоди Шоимзода, бақылаушы ретінде Қырғызстанның Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі Эмиль Шадыханов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
101 және 112 қызметтері біріктірілді
Астана қаласында 101 және 112 қызметтері біріктірілді. Бұл жүйе алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай • 13 Қараша, 2025
Астанада лифт құлады: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Астанада лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Қараша, 2025
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?
Бүгін Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өз жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Астанада лифт шахтаға құлап, бір адам қаза тапты
Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Қараша, 2025
«Бұрынғыдан да ақылды»: OpenAI GPT-5.1 моделін таныстырды
OpenAI компаниясы жасанды интеллекттің жаңа үлгілерін – GPT-5.1 Instant және GPT-5.1 Thinking модельдерін іске қосқанын жариялады. Бұл жаңартулар ChatGPT чат-ботының өнімділігі мен өзара әрекет сапасын айтарлықтай жақсартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Астанада болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Астанада болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Қараша, 2025
Экологтар Қазақстандағы ауа сапасы лас қалаларды атады
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның 70 елді мекеніндегі атмосфералық ауаны бақылау қорытындысы бойынша ауа сапасы төмен алты елді мекен анықталды: Қарағанды, Сәтпаев, Ақтөбе, Құлсары және Астана қалалары, сондай-ақ Шұбаршы кенті, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking дерегіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды
14 желтоқсаннан бастап «Тальго» пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана – Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қараша, 2025
Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 13 Қараша, 2025
Павлодарда полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
12 қарашада Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу барысында полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Әлеуметтік қолдау критерийлері жаңарды: қандай отбасыларға көмек көрсетілмейді?
Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бірыңғай әлеуметтік қолдау шаралары стандартына сәйкес, отбасылардың мұқтаждық деңгейі енді цифрлық отбасы картасындағы деректер негізінде автоматты түрде және жаңартылған критерийлер бойынша айқындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин тағы не туралы уағдаласты?
Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бірнеше сала бойынша уағдаласқанын хабарлады.
Елорда • 12 Қараша, 2025
Елорда көшелерінің біріне Марко Поло есімі беріледі
Астанада «Астана-Арена» спорт кешені мен «Алау» мұз сарайының арасындағы атауы жоқ көшеге әйгілі саяхатшы Марко Полоның есімі беріледі. Сондай-ақ елордадағы тағы екі көшеге жаңа атау беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қараша, 2025
Қазақстанда вакцина алудан бас тартқандар саны 3,8 есеге өсті
Елімізде вакцина алудан бас тарту жағдайлары жылдан жылға көбейіп келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, бұл жаһандық мәселеге айналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 12 Қараша, 2025
Жас экологтар Каспий итбалығын қорғауға атсалысып жүр
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Эколидер» еріктілер клубының бастамасымен маңызды экологиялық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 12 Қараша, 2025
4,4 млрд долларға 30 жоба: Қазақстан мен Ресей арасында қандай мәміле бар?
Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысында үш басқарма басшысы қызметінен кетті
Облыстық көлік, құрылыс және спорт басқармаларының басшылар ауысты. Көлік басқармасы басшысы қызметіне Мерей Байырхан тағайындалды. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған.
Қазақстан • 12 Қараша, 2025
Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-5» зымыраны әкелінді
11 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы шеңберінде жасалған жаңа «Союз-5» зымыраны жеткізілді. Бұл оқиға – Байқоңыр тарихындағы ашылған жаңа бет деуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Келесі жылы Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу басталады. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мамандары қайта жарақтандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.